Шешендік сөздер Әйтеке би деген екен...
Әйтеке би бір жылдары құн даулап, ұлы жүзге келеді. Төлде би Әйтеке биді қарсы алып тұрып.
- Биеке, жол болсын,- дейді.
- Айтқаныңыз келсін, би! Жол болмақ сізден болсын! Тірімен танысқалы елдік, өліге болысқалы келдік,- дейді Әйтеке.
- Бұйрығыңызға құлдық, қылышыңыз болса мойнымызға, құшағымызға, құшағыңыз болса қойнымиызға,- деп Төле би орнынан тұрады.
- Биеке, мойын бұра тұрыңыз,- дейді Әйтеке би.
- Жарлық сізден болған соң жабдық бізден,- дейді Төле.
Төле сыртқа шығып кеткен соң, Әйтеке бірге келген жолдастарына қарап:
-«Ердің құны екі ауыз сөз» деген осы.
Төле би отау тігіп, қыз беретін болды,- дейді Әйтеке.
- Оны қайдан білдіңіз? дейді жолдастары. «Қылышыңыз болса мойнымызға»- дегені айыбымызды мойындаймыз, «Құшағыңыз болса қойнымызда»- дегені өлген кісінің құнына жасаулап қыз береміз дегені еді, мен тұспалдап айнып қалмайсыз ба деп едім, сіз келіссеңіз біз қамына кірістік деп шығып кетеді. Айтқшандай, Төле би құн даулап келген қонақтарына отаулап қыз беріп, екі - үш күнде разы етіп қайтарыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Әйтеке би деген екен...
- ramuk_b
- 26 қыркүйек 2024
- 337
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шешендік сөздер, Әйтеке би деген екен, Төле би
Ұқсас жаңалықтар:
Әйтеке бидің айтқан нақыл сөздері
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады, Төле тауып айтады» ұлағатты сөздер бар....Бай адамның ұлына айтқан өсиеті
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты....Аға туралы ұлағатты сөздер
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; Тындырымды інісі болса; Қанат - құйрығы сай болып, Көңілі жай болып,...Сөз асылы - шешендік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып, Төле би, Қазыбек...Тест. (әдебиеттік оқу 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Сауле Егизбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.