Ақтөбе қаласы,
№2 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Картбаева Баршагүл Отановна
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын
11 сыныбының соңғы қоңырау кешіне арналған сценарийі
Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.
11 «А» сынып жігіттерін шақырамыз:
11 «А» сынып қыздарын шақырамыз: (Қазағымның арулары)
11 «А» сынып жетекшісі - ұстазын шақырамыз: (Ұстазым менің)
---------------------------------------------
Жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Әнұран орындалады
Вальс «Қағаз кеме»
Жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Тілек сөз №2 ЖОББМГ директоры Данишева Сания Шағиқызына беріледі.
МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ БӨЛІМІ
Директор
Сания Шағиқызы
Мектеп басшысы
Жақсылықтың жаршысы.
Жол көрсеткен біздерге
Мың да бір алғыс сіздерге.
Сары ауыз жас балапан
Келіп едік сіздерге
Ұшырғалы отырсыз
Қанат беріп біздерге
Мектебімнің басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл - елің нұрыңды
Өзіңізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
Оқу меңгерушілері: ----------------------------------------------- апайлар
Мектеп - кеме,
Білім - теңіз
Сол кеменің басшылары
Әсем, Рая, Жания,
Жанар сияқты апайларға
Алғысымыз шексіз біздің.
Құрметті ұстаз қауымдарға
Мектеп ісің жандандырған
Еңбектерің есте жүрсін
Қаламызды таң қалдырған.
Ағылшын: ----------------------- апай
Шабыт алған ағылшынның тілінен,
Қуат алған сарқылмайтын білімнен.
Апайларым Ақмарал мен Гүлнар бар
Мейірімін сезетінбіз үнінен.
Тілімізді ағылшынша сындырған,
Тез игертіп, үлкен істі тындырған.
Апайларым Ақмарал мен Гүлнарға
Тарту еттік жырымызды нұр тұнған.
Орыс тілі: ----------------------- апай
Ағытатын кейде әзіл тиегін,
Шәкірттерін кешіретін, сүйетін.
Апай әрі ақылшымыз Ақмаржан
Шәкірт үшін шын беріліп күйетін.
Сол арқылы орыс тілін меңгердік,
Ресейді мәдениетті ел көрдік.
Орыс тілін игертуге тер төккен,
Ұстазымызды анамызбен тең көрдік.
География: ----------------------- апай
Білім берген тереңдетіп әріден,
Көп үйретті география пәнінен.
Жас та болса апайымыз Ботагөз
Ақыл айтып сыйласады бәрімен.
Биология: ----------------------- апай
Өзі биолог өз кәсібін біледі,
Нұрға тұнған Әлия апайдың жүрегі.
Шәкірттерін сүйетіні соншалық,
Ұрсып тұрып шыдай алмай, күледі.
Математика: ----------------------- апай
Есте сақтап ұмытпаймыз әр үнін,
Өкінеміз, ескермедік қадірін.
Шығарады апайымыз Венера,
Математика есебінің барлығын.
Өзі ақкөңіл, аяғыш жан десек те
«Қызығы мол» деп шақырған есепке
Апайымды шашын түйіп жүретін,
Ұмытпаймыз шетел асып жүрсек те.
Толық нұсқасын жүктеу
Соңғы қоңырау
- Баршагул
- 22 мам 2016
- 10507
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сонғы қоңырау сценариі, сыңғырла соңғы қоңырау, соңғы қоңырау мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны
Фанфары І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!...Сыңғырла, күміс қоңырау!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен...Сыңғырла соңғы қоңырау
Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын...Сәт сапар саған, жас түлек!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден..."Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" (Соңғы қоңырау салтана ...
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.