Сайтқа кіру Тіркелу

«АТАЛАР МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»

Сынып жетекшісі туралы мәлімет Кажмагамбетова Гулден Қосманқызы, туған жылы 04. 12. 1965. Білімі жоғары. Бірінші санатты. Мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. Мамандық бойынша еңбек өтілі 9 жыл. Жалпы еңбек өтілі 22 жыл даярлық тобы тәрбиешісі. 4 – сыныптың сынып жетекшісі.
Сыныпқа мінездеме Сыныпта 8 оқушы. Барлық тәрбиелік жұмыстар оқушыларға оң әсерін береді. Жеке тұлға болып қалыптасуына маңызы зор.
Ата – аналармен жұмыс Мектеп пен ата – ана тығыз байланысты. Мектептен тыс, мектепішілік шараларға белсенді қатысады.
Номинация бағдарламасы: Рухани - адамгершілік тәрбиесі
Сынып сағатының тақырыбы: «АТАЛАР МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»
Мектепішілік ашық тәрбиелік шара «АТАЛАР МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»
Мақсаты: а) білімділік - ата – бабадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
б) дамытушылық – ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету, оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру;
в) тәрбиелік – жастар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, аталы сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер, слайдтар, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар ілу.
1ж: «Сәлем - сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 ж: Қадірменді ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1ж: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Оның тарихы, тағдыры, тәлім мен тәрбиесі, даналығы мен дана көңіл де сол сөзде жатыр.
2ж: Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман – мұрат, мұң мен сыр – бәрі саған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай – ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.
1ж: Аталар мұрасы, халық қазынасының бірі – домбыра.
2ж: Қазақ халқының атадан мұра болып, қазіргі ұрпақ еншісіне тиген ең асыл қазынасы – күй. Киелі домбыра қазақ халқының өткен өмірінен сыр шертер алтын діңгек. Осы өнерді өзіне серік еткен қонағымыз Нұрзатты қарсы алайық.
Нұрзат: - Сәлеметсіз бе?
1ж: Сіздің бізге тартар сыйыңыз – күй, осы күйді жаныңызға жақын тартқаныңыз неліктен?
Нұрзат: - Домбыра әр қазақтың төрінде тұрар асыл қазына емес пе, күй тарту өзіме жүрек қалауыма дәл келгендіктен.
«Той бастар» күйі орындалады.
2ж: Жұп болсын, жұп болсын. Келесі өлеңіңізге қолқа саламыз. Осындай әсерлі күйіңізге рахмет. Сау болыңыз.
2ж: Ей, тәкәппар, дүние,
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
1ж: Ізетіңді ине етіп,
Иманыңды түйме етіп,
Инабатты күйме етіп,
Жүрші, балам, жамандықты күйретіп, - дегендей біз бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып жамандықтан аулақ жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
2ж: Елжанды ұрпақ қандай болуы керек деп ойлайсың, Алуа?
1ж: Менің ойымша, бойында тәрбие тұнып тұрған ұрпақты айтады емес пе?
2ж: Бүгінгі біздің қонағымыз «Тәрбие көзі – тал бесік» дегендей шәкірттерімен Фарида Әбілмажінқызын ортаға шақырамыз.
- Фарида Әбілмажінқызы. Сәлеметсіздер ме? Мен шәкірттеріммен сіздерге қонаққа келіп қалдым. Ал, балалар, ана ағаштың саясына барып жайғасыңдар.
- Бала: Мұғалім, мұғалім, мына екі ағаш неге екі түрлі өскен?
- М: Әнекей қандай сен байқағышсың. Мына әдемі өскен ағашқа су құйыпты, күтілді, бұтақтары қырқылды, сондықтан ол түп - түзу өскен. Ал екінші ағаш күтім көрмеген. Сондықтан тырбиған қисық. Осыдан біз балалар тәрбиенің ауадай қажеттілігін сезінеміз.
- М: Тәрбиелі бала деп кімді айтасыңдар?
- Балалардың жауабы: Әдепті, тәртіпті (мақал - мәтел)
Көрініс. Бір бала жүгіріп келеді рұқсатсыз итеріп отырады.
Мұғалім: Баса көктеп қайда барасың? Тәртіп қайда?
Көрініс. Екінші бала рұқсатымен сыпайы келеді.
Мұғалім: Балалар, сендерге қай бала ұнады? Неліктен?
Балалардың жауабы:...........
Мұғалім: Тәрбиені кімнен аламыз?
Балалар: Мектептен, мұғалімнен, үлкендерден, анадан.
Мұғалім: Әрине, әкеге қарап ұл өсер
Шешеге қарап қыз өсер.
Диляраның орындауында «Менің анам не дейді» әні
2ж: Балалар әдептілік деген сөзбен таныс екен. Бүлдіршіндеріміз әдепті балалардың қатарын толтыра берсін.
1ж: Өнерлі өрге жүзер бұл халық сөзі текке айтылмаса керек.
2ж: Әрине, Алуа адамға жеті өнер де аз деген ғой. Ел іші – өнер кеніші. Өнеріне ақылы сай ару қыздар бізде де бар.
1ж: Қонаққа шақыру біздің міндетіміз болса, ару қыздарымызды қарсы алайық.
(ортаға 6 - шы сынып шығады) Сәлемдеседі,
2ж: Қыздар, сендер өнерлеріңмен танымал болғалы қашан?
Бүгін бізге сыйға тартар өнерлерің қандай болмақшы?
Сагитжанова А: Біз үшін өнер барлығынан биік жоғары талғам, сондықтан өнерді өрістетіп жүрген жандармыз.
1ж: Бүгін қандай өнер көрсетпексіңдер?
Алмагүл: ән де айтып, би де билейміз.
2ж: Ару қыздарымыздың өнерлері шексіз екен. Қыздарымыз мұң бұралып би билеп, бұлбұлдай әндерін айтып берді. Алайда, сіздермен қоштасуымыз керек. Көрсеткен өнерлеріңізге көптен көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
2ж: Осының бәрі тірлік, тірлік болмай бірлік болмас. Қазақстан – бай мемлекет. Қай жағынан алсақ та, әр ұлт өз үлесін қосады. Ән айтсақ, көңіліміздің тоқтығы, қайғымыздың жоқтығы.
1ж: Иә, биылғы басты байлық нанымызды, бидай астығымызды жинадық. Яғни, нан болса ән де болады. Өйткені, нан - барлық астың атасы.
2ж: Ортаға келесі қонақтарымыз да келіп қалыпты.
1ж: Қош келдіңіздер! Өздеріңізді таныстырыңыздар.
Балалар: Еңбекшілерміз.
- Дала төсінде бидай егіп еңбек етеміз.
2ж: Еңбек түбі береке, расында жақында ауылшаруашылық еңбеккерлерінің мерекесі аталып өтті. Сіздерді құттықтаймыз.
1ж: Сіздер еңбектің жемісін көруді қалай үлгі етер едіңіздер.
Қонақтар: Нан дастарқанға оңайшылықпен келмеген. Көп тер төгу қажет.
- Халық айтса қалып айтпайды.
2ж: Сонымен не айтпақсыңдар?
Қонақтар. Біз сіздерге адам мен бидайдың достығы атты көрініс көрсетеміз. Көрініс «Бидай мен адамның достығы» орындайтын 5 – 6 7 - 8 сынып оқушылары.
Бидай мен адамның достығы ертеде басталыпты. Бидай жапан далада жалғыз өскен екен. Алайда, оның өсуіне арам шөптер мұрша бермепті. Топырағы кеуіп, өлуге таяпты. Арам шөптер суын сорып, бидайды қаумалап өсірмепті. Бір күні найза асынған адам аңға шығады. Бидай оны көріп, адамнан көмегін сұрайды. Адам бидайға су құйып, арам шөбін жұлып тазалайды. Бидай ақырын нәр алып көтеріледі. Өседі. Дән береді. Дәні бойына симай жерге төгіледі. Адамға риза болған бидай адам үшін өседі екен.
Осылай нан берекеге, береке мерекеге айналыпты.
1ж: Осы еңбекшілеріміздің құрметіне мектептің бұлбұл әншілері Әлжан мен Саматтың орындауында ән «Елім аман».
2 ж: Әрине, әрине келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.
2 ж: Алуа, біздің қонақтарымыз қандай өнер көрсетіп, өнеге де айтты. Көңілім толып, қуанып тұрғаным.
1 ж: Әрине, тағы да келер қонақтарымыздың сый – сияпаты қандай екен.
2 ж: Ортаға келесі қонақтарымызды шақырайық. (9 - 10 - 11 сынып оқушылары кіреді).
Қош келдіңіздер!
1 ж: Аталар мұрасы – ұрпаққа өнеге. Сіздер мұны қалай түсінер едіңіздер.
Балалар. Ата – бабамыз ұлттық дәстүрге келгенде ерекше көңіл бөлген ғой. Әсіресе, әдет – ғұрып, салт – дәстүрге келгенде айрықша ілтипат көрсеткен.
Тағы бір бала. Біздің тартар сыйымыз ата – баба дәстүрінің бір тармағы «Беташарды» көрсетеміз.
1 ж: «Беташар» сонда қандай ерекшелігімен маңызды.
Балалар: «Беташар» келін мен баланы екі жаққа таныстыру, туыстықты нықтау, сыйластықты орнықтыру.
2 ж: Олай болса, сөз сіздерде, айтары халықта болсын. Көрініс «Беташар».
1 ж: Келесі тамашалайтындарыңыз балалардың дайындалуымен концертімізді назарларыңызға ұсынамыз.
2 ж: Құрметті қонақтар, осымен «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты көңіл ашар ұлағатты тәрбие сағаты аяқталды.
1 ж: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×