Дарындылар додасы
Тақырыбы: «Дарындылар додасы» интеллектуалдық сайыс
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
Отанға деген бала махаббаттарын оята отырып Отаның құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, планшет, стикерлер, плакаттар, маркерлер;
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалармен сәлемдесу;
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен балалар, бүгін мектеп алды тобының арасында өткізгелі отырған «Дарындылар додасына» қош келдіңіздер!
- Балаларды таныстыру;
Сайысқа мектеп алды тобы түскелі отыр. Олар өз білімдерін көрсетпек.
- жеребе алу;
- сайыстың шарттарын таныстыру;
Сайыстың шарттары:
І кезең « Ой ашар» /8 бала қатысады/
ІІ кезең «Бәйге» / 8 бала қатысады/
ІІІ кезең «Сурет жұмбақ» / 5 бала/
ІҮ кезең «Тіл - өнер» /4 бала/
Ү кезең «Озық ойлы» / 3 бала/
ҮІ кезең « Жорға» / 2 бала/
- Ал, енді сайысымызды бастамас бұрын осы дарынды балаларымыздың бағасын беріп, сайыс барысында төрелік жасап, қара қылды қақ жаратын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білімді бірді жығар, білекті мыңды жығар» т. с. с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздерімен халықтың нақыл сөздері бекерден бекер айтылмаған. Ой – өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын мектеп алды тобының ішінен дарынды да алғыр балаларды анықтайтын кез келді, олай болса, «Дарындылар додасын» бастаймыз!
І кезең «Ой ашар» - деп аталады. Бұл кезеңде 7 сұрақ беріледі. Сұрақтар тест әдісі арқылы беріледі. Сұрақтардың 3 жауабы беріледі. Сайыскерлер дұрыс жауапты алдарындағы планшетке белгілеп көрсетеді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
1 - сұрақ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қай жылы алды?
А) 1991 жылдың қаңтары
Ә) 1991 жылдың желтоқсаны
Б) 1990 жылдың желтоқсанды
2 - сұрақ. Қазақстан Республикасында неше облыс бар
А) 10 Ә) 15 Б) 14
3 - сұрақ. 2015 жыл қандай жыл?
А) Қой Ә) Жылан Б) Жылқы
4 - сұрақ. Тұңғыш президент күнін қай күн?
А) 16 желтоқсан Ә) 1 желтоқсан Б) 3 желтоқсан
5 - сұрақ. Бір аптада неше күн бар?
А) 5 күн
Ә) 8 күн
Б) 7 күн
6 - сұрақ. Күз айлары.
А) Қазан. Қараша. Желтоқсан
Ә. Қыркүйек. Қазан. Қараша
7 - сұрақ. Балабақшамыз қалай аталады?
А/ Балапан.
Ә/ Балақай
Б/ Аққу
ІІ кезең «Бәйге» деп аталады. Бәйге кезеңінде математика, қазақ тілі, дүниетану пәнінен ұпайлы сұрақтар келеді. Сайыскерлер жеребе арқылы өз ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап береді. Ойлануға 30 сек. Егерде берілген уақытта сайыскер жауап бере алмаса, бірінші басқа қарсыластар жауап бере алады. Сайысқа 6 оқушы қатысады. Ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.
Қазақ тілі.
10 ұпай. Мынау кім? Тақтада жасырылған суреттегі билерді атау керек./Төле, Қазыбек, Әйтеке/
20 ұпай. Мынау не? Қазақ халқының тағамдарын ата және көрсет
30 ұпай. Тақтада сурет беріледі. Суретте қандай ертегіден алынған айтуы тиіс?
40 ұпай. Жаңылтпаштар айт.
Математика
10 ұпай. Қазақ тілінде пішіндерді ата
20 ұпай. Қазақ тілінде сандарды тура және керсінше сана
30 ұпай. Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу және ата?
40 ұпай Қазақстан Республикасының астанасын ата және нешеу?
Дүниетану
10 ұпай. Қыста ұйқыға кететін жануар (аю)
20 ұпай. Ағашты емдейтін құс. / тоқылдақ/
30 ұпай. Қарағандыда не шығарады? / көмір/
40 ұпай. Аңдарды қазақ тілінде ата және көрсет
ІІІ кезең «Сурет сөздер». Тақтада сурет беріледі әр сайыскерге ұяшық таңдау арқылы суретті таңдайды. Сол суретте жасырылған сөзді табады. Әр сөзге 10 ұпай
Сайысқа 5 оқушы қатысады
ІҮ кезең «Тіл - өнер» деп аталады. Мен көрсетем, сен ата.
Ү кезең «Озық ойлы»
Алдарына суреттер таратылады, балалар өз ойларын суретке қарап айтып шығады.
ҮІ кезең «Жорға»
Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Балабақша қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Қандай азық - түліктерді білесің?
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
8. Аптаның төртінші күні қалай аталады?
Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Балабақша директоры кім?
3. Мемлекетіміздің аты
4. Қандай мерекелер бар?
5. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
6. Қыс айларын ата?
7. Аптаның жетінші күні қалай аталады?
Ал, балалар кім жеңімпаз болғаның өздерін де байқадыңдар. Біз жеңімпазымызға бағалы сыйлық беріп марапаттаймыз. Осымен ойынымыз аяқталды. Жеңімпазымызға шапалақтарыңды аямай соғуларыңызды сұраймын. Келесі көріскенше хош - сау болыңыздар.
Қазақстан менің отаным
- Marzia
- 14 желтоқсан 2015
- 8039
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан менің отаным атты интеллектуалды ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты информатика сайыс сабақ
Оқушылардың бойындағы алған білімдерін жүйелеу. Жаңа әдіс - тәсілдерді, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, сапалық сипаттағы алған, білімдерін...«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш...Үздік информатика тобы
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Біз болашақ жастары
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы, Абай атындағы орта мектеп Докина Гүлжамиға Өтеғалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.