«Қыс Ханшайымы»
Жаңа жылдық бағдарлама
Фея - Армысыздар ардақты, ағайын
Ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, замандас, бауырлар
Шабытты шәкірттер!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын
Шат күлкіге толы болсын маңайың
Көргендерде, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жаңа шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық, Бүгінгі жаңа жыл кешін әсем әнмен, сәнді бимен көңілді өткізейік.
Балалар, сендерге бір әдемі ертегі айтып берсем, тыңдағыларың келеме?
Олай болса тыңдаңдар...
- Ертеде алыс бір мекенде өте ғажайып ормандар, әдемі таулар, тамаша гүлзарлар болған.
Құстар сайрайды, тиіндер биі
- Осындай әдемі қалашықта Кай және Герда атты екі бала өмір сүріпті.
Кай мен Герда гүлдің жанында отырады.
Кай: Герда, қарашы біздің раушан гүліміз гүлдепті.
Герда: Иә, Кай, қандай әдемі!
Кай: Герда екеміздің гүліміз бірге тұрсыншы, екеуіміз сияқты айрылмастай достар болсын.
Герда: Жарайды, Кай
Гулді бір ыдысқа орналастырады.
Гүлдер биі
Әжесі: Кай,... Кай... Герда
Екеуі жүгіріп үйге кіреді.
Фея: Солай жаз өтіп, күз кетіп, қыс түседі.
Қарлар биі
Герда: Әже, қар қандай әдемі! Әже, қар қайдан пайда болады?
Кай: Иә Әже, айтшы
Әжесі: Қыс мезгілі келгенде қарларды бізге сонау алыс - алыс жерде өмір сүретін «Қыс Ханшайымы» жібереді. Сонау патшалықтан боранмен аяз бен үскірік жетеді. Ол мұзды қала, мұз сарай!
Герда: Әже, Қыс Ханшайымы сұлу ма?
Әжесі: Иә Герда, өте сұлу және жалтырап тұрады. Ол өте суық, жылуды жақсы көрмейді.
Герда: Мен қорқамын одан!
Кай: Ал, мен қорықпаймын! Келсін қазір алдыма, оны ұстап алып, ыстық пешке салып жіберемін...... ха - ха - ха
Қыс Ханшайымы: Не дейді мына бала!!! Мені ешкім де жеңе алмаған, жеңе алмайды да! (айнаны шағып жібереді.)
- Қане, менің алып күшім, боранмен жетіп мұздатыңдар, тоңдырыңдар барлығын, мені кім ол ашуландырған?
Жел мен мұздар билейді
Қыс Ханшайымы терезеден келіп қарайды.
Герда: Әні ол,... дәл өзі, бізге қарап тұр.
Терезе ашылып кетіп, боран үйге кіріп кетеді. Кайдың көзіне мұз кіріп кетеді.
Кай: Ай, көзіме бірдеңе кіріп кетті, ай - ай ауырып барады,.... жүрегім!
Герда: Кай не болды саған, әкел қарап жіберейін.
Кай: Жолама маған, болды басылды. Тарт қолыңды!
Герда: Қарашы, Кай гүлдеріміз құлап қалыпты.
Кай: Жаман гүлдер, керек емес! (теуіп жібереді гүлдерді)
Герда жылап қалады
Кай: Мен ойнаймын. (далаға шығып кетеді)
Герданы қармен атады. Герда жылап қалады. Кай қарқылдап күледі.
Қатты боран дауысы. Қыс Ханшайымы атшанасымен келеді. Кай шанаға отырып алады.
Герда: Кай, Кай,... қайда кеттің Кай? (жылап қалады)
Қыс патшалығы. Қыс Ханшайымы тағына келіп отырады.
Қыс Ханшайымы: Кай, менің патшалығым саған ұнайды ма?
Кай: Иә, өте әдемі екен!!
Қыс Ханшайымы: Мен саған зор күш беремін. Саған барлығы бағынатын болады.
Жанына келіп:- Кай сен кімсің? Қайдан келдің?
Кай: Білмеймін...... Білгім де келмейді.
Қыс Ханшайымы: Ха - ха - ха
Герда: Кай, Кай сені қайдан іздесем, қайдан табамын сені?
Қайтсем де табамын сені. Кай қорықпа, Кай! (отыра қалады)
Қарғалар биі
Қарға: Кар, кар, кар сен неге жападан жалғыз мұңайып отырсың? кар, кар.
Герда: Мен досым Кайды іздеп жүрмін, бірақ қайдан іздеп табамын. Қайдан табарымды білмеймін.
Қарға: Кайды?? Ол қандай бала? Қашан жоғалды?? Мен қызмет істейтін сарайда бір бала пайда болды. Сенімен жасты. Мүмкін сол Кай болар. Шашы қара, ақшыл келген бала.
Герда: Иә, иә сол Кай ғой. Дәл өзі. Мені апаршы соған қарға! Өтінемін!
Қарға: Жүр, бірақ тығылып кірмесең болмайды. Бөтен адамдарды ұстап алады. Күзет бар, күзет!
Екеуі сарайға келеді. Сарай сыртында күзетші. Олар тығылып кіреді.
Бал биі
Бала артқа қарап тұрады. Жанында бегім.
Герда: Кай, Кай (қараса басқа бала). Бұл Кай емес қой.(жылап қалады)
Жанына күзетшілер жүгіріп барады.
Бекзада: Бұл кім өзі? Қайдан кіріп кеткен?
Бегім: Аты кім бұл қыздың? Қайдан келген?
Герда: Менің атым Герда. Мен Кайды іздеп жүрмін. Ол жоғалып кетті. Мен онсыз өмір сүре алмаймын! (жылайды)
Бегім: Жыламашы Герда! Әйтпесе менде жылаймын. Табасың сен оны тек жыламашы!
Бекзада: Герда сен оны жаяу қашан таппақсың. сені жолға даярлайық. Карета, күзет бәрін береміз. Сен оны тез тауып аласың. Дайындаңдар атты!!
Бегім: Герда сен тоңып қаласың ғой. Гердаға жылы киім алып келіңдер!!
Герда каретаға отырып жолға шығады. Бекзада мен Бегім және Қарға қол бұлғап шығарып салады.
Герда: Рахмет сендерге, достарым!!!
Шыршаны бір айналады.
Қасқырдың уылдаған даусы естіледі.
Қарақшы: (ысқырады) Оо, дүрбіме бір асыл қазына ілініп тұрғаны... Дайындалыңдар!!
Қарақшылар мен қасқырлар биі
Арбаны ұстап, тонайды. Герданы бір қарақшы ұстап алады.
Қарақшының баласы: Тоқта, бұл менің ойыншығым, тимеңдер!!
Қарақшы: Жақсы, тиме!!...... Менің тәрбием, Ол нағыз қарақшы болып шығады.
Қарақшылар өз үңгірлеріне келеді. қамауда аңдар.
Қарақшының баласы: Жүр мында, менің ойыншықтарымның қатарына қосыл! (Герданы итеріп жібереді)
Герда: Мен сенің ойыншығың бола алмаймын. Жіберші мені!!
Қарақшының баласы: Сөйлеме, ешқайда да қаша алмайсың. (Аяғына кісен салады.)
Герда: Жо - о - оқ. Мен енді жан дегенде жалғыз досым Кайды қалай іздеп табамын. Ол суыққа тоңып, бір жерде қасқырға жем болса мен өзімді кешірмеймін. Менде өмір сүргім келмейді онда...(жылайды)
Қарақшының баласы: (жаны ашып кетеді) Жыламашы болды, ол өлмейді. Мен сені босатамын. Тап оны тап!! бар,... бар!
Тоқта Герда, мына Бұғы саған көмектеседі.
Герда: Рахмет саған, досым! Рахмеет!
Қарақшының баласы: (жылайды) Бәрің кетіңдер, бәрің де тастап кетіңдер!!! (барлығын босатады)
Аңдар қарақшының баласымен бірге билейді.
Бұғымен Герда шыршаны бір айналады. Бұғылар билейді.
Қатты боран соғады. Бұғы желге қарсы жүре алмай әбден шаршайды. Құлап қалады қар үстіне.
Бұғы: Герда кешір, мен одан әрі шамам келмейді. Қолымнан келгені осы болды.
Герда: Қайырымды бұғы, мен сені бұл жерде қалдырмаймын.(екеуі тоңып ұйықтап кетеді)
Шаман тауып алып Герданы үйіне апарып жатқызып киімін жатқызып қояды.
Герда: (оянады, жөтеліп қалған)- Мен қайдамын? Кай??
Шаман: Қайда барасың, қызым? Сен әлсіреп тұрсың, ауырасың. Дала қатты аяз. Демалып тынығып ал бірінші.
Герда: Жоқ менің кетуім керек. Кайды құтқармасам болмайды.
Шаман: Кай дейсің бе? Оны Қыс Ханшайымы асырап алды емес пе! Ол соның сарайында. Бірақ сен жалғыз оны құтқара алмайсың. Қыс Ханшайымы оның жүрегін мұздатып тастаған.
Герда: Не? Не дейсіз? Жүрегі мұз!! Кай!! (жүгіріп шығып кетеді)
Шаман: Оу, Герда киімдерің! Ай - ай - ай
Қатты боран соғады. Герда сарайға келеді. Кай мұз шаршылармен ойнап отырады.
Герда: (қуанып) – Кай, Кай...
Кай жолатпай жаман көзбен қарайды. Сол кезде Қыс Ханшайымы кіріп келеді. Герда қорқып кетеді
Қыс Ханшайымы: Кай сені танымайды. Бекерге тырыспа!! Оның жүрегі мұзға айналған ха - ха
Герда: (Кайды құшақтап жібермей қояды)
Кай: (жүрегін ұстап аһ ұрады. Көзін ашып - жұмып есін жинайды.) - - Герда? Герда ссен қайдан жүрсің? Біз қайдамыз?
Қыс Ханшайымы: Қатырыңдар мұзға қайта жүрегін,
Орындаңдар, менің осы тілегім!!
(Боран соғып Кай мен Гердаға соғылады, екеуі құшақтасып тұрады.)
Қыс Ханшайымы: (бар күшін жинап) Екеуің де мұз болыңдар!!
Шыршаны айналып Ақшақар келеді.
Ақшақар: Асқар, асқар таулардан
Заңғар өзен - көлдерден
Қар боп жеттім сендерге
Не болып қалды балалар?
(Мұз болып тұрған Кай мен Герданы көреді.)
- Осыншама зұлым болуға болама? Кімді көмекке шақырсам екен?
- Фея, мейірімді Фея балалар Феяны шақыруға көмектесіңдерші маған.
Фея: Көмегім керек пе? (таяқшасымен Кай мен Герданы жібіте алмайды) – Менің сиқырлы таяқшамның күші жетпейді екен. Енді не істесек?
Ақшақар: 2014 жыл осы жыл қандай жыл балалар?
Олай болса жылқыны көмекке шақырайын.
Төрт мезгіл өтті міне алып ұшып,
Сәйгүлік өтіп барады дүние құшып,
Амандық белгісімен жылқы жылы
Шақырамын өзіңді көмек тосып.
Жылқылар биі
Жылқы: Амансың ба Ақшақар. Сәлеметсіңдер ме балалар! Атаңның хал - жағдайы алай Ақшақар қыз? Неге жалғыз жүрсің?
Ақшақар: Сәлем бердім сізге... Аяз атамыз артта қалды. Балалар мені көмекке шақырып, жылдам келдім. Кай мен Гердаға көмегіміз керек. Оларды Қыс Ханшайымы мұзға айналдырды.
Жылқы: Ой - ой - ой. Не істесем екен. Бұған менің күшім жетер ме екен. Жыл аяғы тақады. Менің күшім де азайып, сиқырым әлсіреп барады. (Ойланып тұрып)
Таптым достар, келер жаңа жылды шақырайық. Жаңа жылда бізде қандай жыл?
Онда қойды шақырайық. Мен соны шақыруға көмектесейін.
- Қой жылы тез кел!!... Қой жылы тез кел!!
Қойлар биі
Қой: Мәәә - әә, Иә сәлем бердім құрдас. Неге мені жайылымнан уақытынан бұрын шақырып жатыр десем, кішкентай балалар екен ғой.
- Сәлеметсіңдер ме, ақылды да тапқыр балалар!!!
Ақшақар: Момын қойым өзіңнің көмегің қажет. Мына екі досты қалай құтқарсақ болады?
Қой: Қазір... екеуін қалың жұмсақ теріммен жылытайын.(Кай мен Герданы құшақтайды)
Кай мен Герда шығады. Бірін - бірі көріп қатты қуанады
Ақшақар: Көмектеріңе рахмет, жылқы... момын қой, рахмет сендерге балалар!!
- Енді Аязатамыз мына орманда адасып, бекерге шаршап қалмасын. Біздің қай жерде екенімізді білдірейік, Дауыстап шақырайық Аяз атаны.
Балалар аяз атаны шақырады. Аяз атаға балалар өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып сыйлықтар алады.
«Қыс Ханшайымы»
- gulmirash
- 6 желтоқсан 2015
- 11787
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыс Ханшайымы, жаңа жылдық мереке сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...«Ертегі ханшайымы қонақта»
Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...Күз - береке, күз - мереке
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының «Балауса» тобының тәрбиешісі Кішкенбаева Зухра Ахметханқызы...Қош келдің жаңа жыл!
Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл! Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады....Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.