Сайтқа кіру Тіркелу

Жанұя және математика

Жанұя және математика
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, қызығушылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс өтетін математикалық іс - шаралардың маңызы зор. Мұндай іс - шаралар оқушылардың шығармашылық бағытқа және ата - анамен жұмыс жасауына жол ашады.
Оларды еңбекке, өзін - өзі басқару, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелейді. Төменде «Жанұя және математика» атты сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.
Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
Әкем, шешем, әпкем, ағам және мен
Математик жанұямыз шетінен
1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде
Жанұялар жарысып,
жұмбақ шешіп аңдасып.
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салады
Көңілді кеш жасаймыз.
2 - жүргізуші:
Әкесі, ағасымен, анасы да
Алда озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
1 - жүргізуші:
«Арифметика» бар ғылымның патшасы
Таңырқатқан ежелден адамзатты.
Осы топты ортаға шақырамыз
Анасы бар математик парасатты.
2 - жүргізуші:
Дайындықпен келіп тұрған жарысқа
Есеп білсе жетеді ғой табысқа.
«Дәреже» тобын шақырайық ортаға
Шын жүйріктей шабатұғын алысқа.
1 - жүргізуші:
Жанұяда ылғи дарындар
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
«Шаршы» тобын халайық.
Құрметпен қарсы алайық
2 - жүргізуші:
Ілім - білім «Жеті қазына» бірі еді
Үлкен - кіші мұны бәрі біледі.
Осылай деп өз топтарын атапты
Жанұяны шақырғымыз келеді.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру
Психологиялық триненг. «Шаттық шеңбер»
1 - жүргізуші:
Шеберлікті білімді
Сараптаңыз көріңіз.
Бірінші турдың қазылар
Бағасын әділ беріңіз.
2 - жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың жорға келді
Мықтылары келіпті, жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

«Жорға» ойынының сұрақтары: (1 балл)
«Арифметика» тобына:
1. Толық бұрыштың шамасы /360º/
2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. /теорема/
3. Құрамында әріпі бар өрнек /әріпті өрнек/
4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле
«Дәреже» тобына:
1. Ешқандай қиылыспайтын түзулер./параллель/
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. /Аксиома/
3. Натурал сандар дегеніміз қандай сан? /нәрселерді санау үшін/
4. Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықта орналасқан нүктелер жиыны. /шеңбер/
«Шаршы» тобына
1. Тікбұрышты жасап қиылысатын түзулер /перпендикуляр/
2. Айырмашылығы таңбаларында болатын сандар қалай аталады? /қарама - қарсы/
3. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі. /180º/
4. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі неге тең? /теріс сан/
«Жеті қазына» тобына:
1. Кеңістікті зерттейтін геометрияның бөлімі. /стереометрия/
2. Координаталар жүйесін енгізген ғалым. /Рене Декарт/
3. Екі қатынастың теңдігі. /пропорция/
4. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар.
/айқыш, тұтас, сәйкес, вертикаль/
1 - жүргізуші:
Қымбатты қазы алқасы,
Сіздерден әділ шешіміді
Екінші тур бойынша
Күтеді мұнда баршасы.
2 - жүргізуші:
Оймен қане көк теңізін кешіндер,
Жарық - жұрық еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық жұмбақтар
Зейін салып зердеменен шешіңдер.
Математикалық жұмбақтар (3 балл)
Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтесе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)
Екі ағайынды,
Екеуіде бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді. (көз)
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяты (адамның үш шағы)
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр (бағдаршам)
Ауыз бір, екі құбыр (шалбар)
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (дәреже)
Бір үйде тұрады екен 50 батыр
Үй сыртына сүйкенсе - ақ өліп жатыр (сіріңке)
1 - жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт бұлбұлдай шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең!
2 - жүргізуші:
Келесі турда сандар және математикалық терминдер араласқан мақал - мәтел айтудан жарысамыз.
Жалғасын тап мақал – мәтелдің (4 балл)
1. Алты жыл аш болсаң да,
Ата салтыңды сақта
2. Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар
3. Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.
4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына
5. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал
6. Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
7. Жалқаудың екі дос бар: бірі - ұйқы, бірі - күлкі.
8. Шындық он екі қабат, шынжырды үзеді.
Психологиялық тренинг. (музыкамен)
2 - жүргізуші: келесі тур «Тапқырлық» деп аталады.
«Тапқырлық» - логикалық есептер. (5 балл)
1. Басты көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1 - ден 39 - ға дейін тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2 - ден 34 - ке дейін жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде қанша үй бар? (жауабы 37 үй.)
2. Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек? (жауабы. 19 рет)
3. №1, 2, 3 пәтерлерде 3 мысық тұрады. Олар ақ мысық, қара мысық, ала мысық. №1 және №2 пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Ақ мысық №1 пәтерде тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады. ( жауабы: №1 пәтерде ала мысық, №2 пәтерде ақ мысық, №3 пәтерде қара мысық)
4. Егер азамат атлетикада жарыста алдынан 25 - ші орын алса, артынан 25 - ші орын алса, жарысқа барлығы қанша адам қатысқан. (49 адам)
1 - жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар құбылар бәріңнің де
Енді бір сәт солардан тізбек құрасақ,
Артық болмас, бастайық кезек сізде.
«Ана мен баланың» шығармашылығы (7 балл)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×