Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлыстың ұлы күні (мектеп пен бала бақша сахнасына)

Қатысушылар:
Жүргізуші
Жаңа жыл
Ескі жыл
Қыдыр ата
Мыстан кемпір
Алдар көсе
Лақ
Қозы
Қоян
Қарға
Балалар

Наурыз тойы.
Сахнада — ақ отау. Алтыбақан құрулы. Бір бұрышта қара қазан.
Қазақы киім киген жүргізуші ортаға шығады.
Жүргізуші:
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман - есен болайық,
Баршаңызға тілегім осы, халайық.
Жиналғандар:
– Айтқаның келсін!
– Пәле - жала жерге енсін.
– Барлық бала бақты болсын!
– Төрт түлік ақты болсын!
Жүргізуші:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Хор:
Құт болып азат күн Наурызы,
Шырқалсын қазақтың ән - жыры.
Жасына жас қосып баланың,
Алақай, келеді Жаңа жыл.
Әдемі би билеп, ән шырқап,
Кел, достар, бастайық жаңа жыр.
Жүргізуші:
Ескі жыл, атағың жаңғырған,
Өтіп сен келіпсің бар қырдан.
Жасырмай айтшы тек, балалар
Болды ма көңіліңді қалдырған?
Ескі жыл:
Жауапты берейін не деп мен,
Олардың көбіне жоқ өкпем.
Үш жүз алпыс бес күнімді
Өткізгем жоқ босқа, демек, мен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×