Сайтқа кіру Тіркелу

Татулық достықтың киелі бесігі

Тақырыбы: «Татулық достықтың киелі бесігі»( мерекелік іс - шара)
І - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
ІІ - жүргізуші:«Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені
Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше,
саяси маңызды зор құрылым. Бүгінгі күні Қазақстан халықтарының ассамблеясы еліміздің бірегей ұстанымы болып отыр. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіруге негіз болған Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Үлгісі бүкіл әлемге бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жаршысы ретінде танылуда..
ІІ - жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт,
әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі жоқ ел озады»- дейді қазақ мақалы.
І - жүргізуші: Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
ІІ - жүргізуші: Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани - мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
І - жүргізуші: Ежелден халықтар бостандық қалайды,
Ертеңгі күніне үмітпен қарайды.
Сондықтан әлемді аралап,
Тыныштық ұраны тарайды.
ІІ - жүргізуші:
Тыныштық тулары биікке самғасын,
Тыныштық ұраны қиырды шарласын.
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
І - жүргізуші: Бұл мереке бұрын «Еңбекшілер күні»болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні»болып есептеледі.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берелік.
Ән «Дос болайық бәріміз»
ІІ - жүргізуші: Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел - құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді. Қазіргі таңда 1Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
І - жүргізуші: Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады. Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі деп есептеген. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады.
Көрініс «Бірлік»
ІІ - жүргізуші: Халқымыздың қанына сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізді. Оған халық куә,
тарих куә! Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бүкіл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не? Әрине, ол - тыныштық, бірлік.
І - жүргізуші: Бейбітшілік құсы - ақ көгершін
Биік ұшып самғасын.
Тілегімді елге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән «Ақ көгершін»
ІІ - жүргізуші: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
Ән «Туған жер»
Достық, бірлік, ынтымақ туралы даналық сөздер
1 - оқушы Ел бірлігі – ел теңдігі.
2 - оқушы Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
3 - оқушы Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
4 - оқушы Бірлікті ел бұзылмас.
5 - оқушы Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
6 - оқушы Бірлік ынтымақ – байлық бақ.
7 - оқушы Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
І - жүргізуші: 1 - мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достықты бірлікті атау күні. Біздің ел бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әртүрлі ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақал біздің елге айтылғандай.
ІІ - жүргізуші: «Татулық достықтың киелі бесігі»атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Татулық достық киелі бесігі

Татулық достық киелі бесігі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер! Қазақстан мемлекеті көп...
Қазақстан - ынтымақ ордасы

Қазақстан - ынтымақ ордасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Анашбекова Айгүл Әбдіқадырқызы...
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Бейбітшілік жасасын!

Бейбітшілік жасасын!

Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×