«Еркем - ай» жарысы
«Шынығамыз бәріміз»
Мақсаты: балаларды алдарына үлкен мақсат қоя отырып және сол мақсатқа жете білуге дағдыландыру, физикалық сапалықтарын, алғырлықтарын, шапшаңдық реакцияларын іске асыру, қимыл – қозғалыс жаттығуларына жаттықтыру, қызығушылығын, қабілеттілігін, тепе – теңдік сезімін, жарыстарға қатысуға деген ынта - ықыласын және қызығушылығын шақыру.
Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке, өзін және жолдастарын сыйлай білу қасиетіне тәрбиелеу.
Жүргізуші. Қымбатты достар! Біздің бүгін «Еркем - Ай» жарасымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бәрін бүгін шақырамыз,
Спорттық алаңға жинап,
Мерекемізді де бастаймыз,
Денсаулық күнімен құттықтап!
(қатысушылар шеңбер құрып, ұйқыда жатқандай, отырып көздерін жұмады)
«Күн» - жүргізуші:
Таңертеңгі - 8 болды, (қоңырау үнін соғу)
Балалар, ұйқыдан тұратын уақыт болды.
Кезекпен, қатарға тұрамыз, бәріміз.
Жаттығуымызды жасауға әрқашанда дайынбыз.
Жүргізуші: Қолды жіберіп, тік тұрамыз!
Еңкейеміз төмен ерінбей! 1 - 2 - 3 - 4
Ал, кәне, орнымызда тұрып жүгіреміз!
Көңілсіз ән шырқалады.
Сол мезетте күлдіргіш Бим кіреді. (мойын орамалы, телпек, қызыл мұрын).
Күлдіргіш Бим: Сәлеметсіздер ме, қымбатты достарым!
Сіздің шақыруларыңызды алдым, бірақ суық тиіп ауырып қалдым.
Мен бүгін көңілсізбін,
Қатты ауырып та барамын,
Мен жөтелемін, мен түшкіремін,
Мүмкін, мен тымаумен ауырамын.
Жүргізуші: Ал, біздің бүлдіршіндер ешқашанда ауырмайды.
Күлдіргіш Бим: Неге?
Жүргізуші: Біз әр күні таңертеңгілікте жаттығу жасаймыз. Солай ма, балалар?
Бізге қатты ұнайды,
Кезекпен жүгіру.
Қызықты жүру!
Қолды көтеру!
Отырып тұру және секіру!
Жүргізуші: Бізде, осында қал! Көп нәрсе үйренесің. Ал, кәне, бәріміз қосылып Бимға жұмсақ жаттығу жасайық, ол емделіп кетсін. (балалар нүктелі массаж жасауға кіріседі).
- Сонымен, Күлдіргіш Бим бізбен қалатын болдың ба?
Күлдіргіш Бим: - Иә, қаламын, бойым сергіп жазылып қалғандай болдым. Мен де шыныққым келеді.
Жүргізуші: - Жарайды, ендеше, балалар, анааау тұрған әдемі қорапшаны көріп тұрсыңдар ма? Сол қорапшаға жеткенше бізде көп тапсырмалар бар. Солар мүдірмей орындасақ, ол қорапта не барын көреміз. Ендеше, дайынсыңдар ма?
1. «Доптар»
Түрлі - түсті доптардың ішінен қызыл және сары түс доптарды теріп алып келіп, себеттерге салу.
2. «Қосаяқ қояндар»
(тізе арасына текшелерді қыса отырып секіру).
3. «Өткел»
(Қараңғы өткелдің ішіне кіріп төрттағандап еңбектеп, бір шетінен кіріп, келесі шетінен шығу)
4. «Допты себетке лақтыр».
(Себеттің ішіне допты лақтырып, салу)
5. «Кім епті?»
Артпен жүгіріп, қайтарда жүрелеп жүгіру
6. «Басымызға кітап қойып жүру».
Басымызға кітапты қойып, қолымызды белімізге қойып, тақтайшаның үстімен жүру.)
Көрермендерге арналған ойын «Ең алғыр».
Үстел үстінде жеті кішкентай доптар айналып тұр. Көрермендерден сегіз адам қатысады. Әуен қосылады, сол әуенмен бірге дөңгелек үстелді айналып жүреді. Әуенді тоқтатылысымен, әрбір қатысушы қолдарына тез арада бір – бірден допты алады. Үлгере алмаған ойыншымыз, ойынның шарты бойынша ойыннан шығады. Тағы да екі допты алып тастайды, жеті ойыншы қалады, осылай ойын қайталана береді. Соңында тек бір ойыншымыз қалуы қажет, сол адам жеңімпаз атанады.
Күшті, мықты болуымыз үшін,
Біз жасаймыз жаттығу,
Әр күн сайын!
Шынығамыз бәріміз!
Би «Көңілді бишілер».
Таңғажайып сәт:
Жүргізуші: Міне, балалар, біз қорапшаға да жеттік.
(қорапша ішін ашады)
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер!
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!
«Еркем - ай» жарысы
- aselya_24_84
- 10 қараша 2014
- 7704
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қимыл қозғалыс жаттығуларына жаттықтыру, денешынықтыру
Ұқсас жаңалықтар:
Көңілді спорттық ойындар
Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....Ұлттық ойындар
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақша І санатты дене шынықтыру маманы А. Б. Орынбаева...Қақпаға доп домалату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиешісі Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...Менің жанұям (спорттық ойын - сауық)
М.Жұмабаев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Н.Қ.Шобдарбаева...Бастауыш сыныптарға "Доппен спорттық ойындар"
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптарға «Доппен спорттық ойындар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.