Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол балабақшам

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда.- деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, Балдырған бүлдіршін түлектерді.- деп «Құлыншақтар» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер

Қазақстан Республикасының Әнұран орындалсын.
Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін Балабақша меңгерушісі: Торланбаева Н. А сөз береміз.
Келесі сөз кезегі балабақшаның әдіскері Гүлзапира Дүйсен қызына береміз

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі. Әсем бимен түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады
Би: «Қоштасу» биін тамашалаңыздар.
Бақша біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз Ұлағатты ұстаздан Білім алып барамыз - деп келесі кезекте
. Ән: «Біз мектепке барамыз» әнін тамашалаңыздар!

Өтті қызық көп күндер Бес жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер.- деп келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек береміз.
Сабина: Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын,
Анамызды ерекше,
Қуантамыз біз бүгін.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңғалдырып достарымды,
Мен мектепке барамын
Аслан:
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Нұрдана:
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз
Шыңғыс:
Бұл екінші үйіміз
Біз туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Данил: Қош бол ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткендей кеше қоштасып,
Келгенде алдан шыққаным
Рахат: Баптап баулып өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді

Жүргізуші: Балалар сендер ертегі еліндегі кейіпкермен бірге болғыларың келеді ме? Бір ерте заманда бір кішкентай түймедей ғана қыз болыпты. Ол кішкентай болған соң оның аты - Түймеқыз екен. Ол кішкентай болғаны соншалық гүлдің ішінде өмір сүріпті.(сол кезде гүлдің күлтешелері ашылып ішінен Түймеқыз шығады.)
Жүргізуші: Балалар қараңдар міне Түймеқыздың өзі де келді.
Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым – Түймеқыз. Мен кішкентай болғансоң менің атымды – Түймеқыз деп қойды. Мен гүлдердің арасында отырып шаршадым. Мен және менің досым Ханзада да мектепке барғымыз келеді. Бірақ ол Ханзаданы таппай жүрмін. Көрмедіңдер ме? Менің достарым сол ғана.
Жүргізуші: Түймеқыз сен уайымдама. Сенің досың сені таппай жатқан болар табылады. Ормандағы гүлдер майысып тұрып билемекші. Мүмкін қазір бидің дауысын естіп, Ханзада келіп қалар.
Олай болса «Гүлдер»биін тамашалайық.(Сабина, Әсел, Мөлдір, Аяла, Нұрдана, Кристина, Айткүл)

Жүргізуші: Біздің Гүлдердің тақпақтарына кезек берейік
Әсел: Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім,
Туған отан қуансын,
Туған дала қуансын.
Мөлдір: Сүйген өз қызын өз ұлын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақша өз үйім,
Апай болды анамдай.
Кристина: Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз,
Есептен де қашпаймыз,
Жазуды енді бастаймыз.
Аяла: Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз,
Бізден кейін келесіз
Жүргізуші: Түймеқыз саған бір дос боламыз деп кішкентай гномдар келіп тұр.
Гном(Аслан): Сәлеметсің бе Түймеқыз. Мен және менің достарым сенімен дос болғымыз келеді. Мен достарыммен би билеп беремін.

Жүргізуші: Ұлдарымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.- дей отырып, ортаға кішкентай гном мен оның достарын шақырамыз.
«Гномдар»биі.(Аслан, Шыңғыс, рахат, Данил, Саян, Алишер, Илияс)
Жүргізуші: Түймеқыз кішкентай гномдармен дос болады. Сөйтіп бір күні Түймеқыздың жанына бір сұр тышқан келеді.
Тышқан(Айткүл): Әй, Түймеқыз сен неге ойланып отырсың? Мен сені қазір өзіммен бірге алып кетемін. Сен гүлдің ішінде отыруың керексің. Жүр қане. Мен сенің өлеңдеріңді естіп отыратынмын. Енді маған кім өлең айтып береді?
Жүргізуші: Балалар тышқаннан құтылу үшін не істесек екен?
Қане, көмектесейікші. Олай болса қазір біздің қыздарымыз Түймеқызбен бірге ән айтады.
Ән: «Қошақан» «Ертегілер» Орындайтындар: Әсел, Түймеқыз.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа де жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер
Ал енді біздің балаларымыздың тақпақтарына кезек береміз.
Саян: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз,
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз.
Илияс:
Әр нені білдік мәнісін,
Сыртын қойып және ішін,
Айтамыз сізге мың алғыс
Осылардың бәрі үшін.
Әлішер: Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
Айткүл: Ақылы бар баласын,
Айтқан тілді аласың,
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласың

(Осы кезде шиқылдап Қарлығаш ұша алмай келеді)
Қарлығаш: Шиқ - шиқ, шиқ - шиқ. Ай Түймеқыз мен ұша алмай жатырмын. Маған көмектесші. Мен сенің досыңды табуға көмектесемін.
Түймеқыз: Қарлығаш сенің қанаттарың жаттығу жасамағандықтан ауырып қалған шығар. Ұшар алдында жаттығу жаттығу жасау керек. Қане олай болса бәріміз бірге жаттығу жасайық.
Жаттығу Биі.
Қарлығаш: Менің қанатым ауырмайтын болды. Алақай! Түймеқыз менің жотама мін мен сені досыңды табуға көмектесемін.(Түймеқыз Қарлығаштың артынан ұстап жүріп ұшады )
Жүргізуші: Қарлығаш пен Түймеқыз ұшып бара жатып бір тәж киген баланы көріп қалады.
Түймеқыз: Алақай менің досым табылды. Мен мектепке досыммен баратын болдым.
Ханзада бала: Алақай мен де сені таптым. Түймеқыз сені биге шақыруға болады ма?

Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын,
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын - деп балабақша вальсін тамашалаңыздар.
Вальс биі.
Түймеқыз: Балалар мен досымды таптым. енді мен мектепке барамын. Сендер сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Ақылды болыңдар! Сәт сапар!
Жүргізуші: Балалар міне Түймеқыз бен Ханзада мектепке барыпты. Оларда оқушы болыпты. сабақтарын жақсы оқыпты. Сендерде сабаққа дайынсыңдар ма? Олай болса қазір «Иә», немесе «Жоқ» ойынын ойнаймыз.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ал енді ата - аналарыңмен ойнап көрейік.
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақтылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп айтасыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Жүргізуші: Балалар сендер ағылшын, тіліндегі тақпақтар айта аламыз ба? Олай болса ортаға Нұрдана, Әсел, Сабинаны шақырамыз
Нұрдана: Создейс чайлд из лайк
Фрайдейс чайлд из лайк
Сатудейс чайлд кан
Әсел: Мондейс чайлд из найк
Туздейс чайлд гоу гоу гоу
Уендейс чайлд из вери
Сабина: Май раббит хопс
Май мауз крипс
Май пупи липс

Жүргізуші: Балалар көңіл көтергілерің келеді ме? Олай болса қазір «Полька» биін тамашалайық.

Би: «Полька» Рахат, Айткүл, Кристина, Данил, Әсел - Аслан

Жүргізуші
«Тілек тілеу» гүлі.
Шарты: 7 күлтешесі бар гүлде балаларға арналған тілектер бар. Сол тілекті балаларды осы уақытқа дейін тәрбиелеп, балалардың амандығын, тамағын, денсаулығын, білімдерін беріп келген осы балабақша ұжымы шығып балаларға сол тілектерді айтатып оқиды..
Бала сол адамға гүл береді.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін - деп «Қош бол балабақшам» әніне кезек береміз.
Жүргізуші: Әрбір ұрпақ болашағымның алтын діңгегі. ендеше ұрпақты өмірге әкеліп адал ниет ақ батасымен өсірген ата - ана емес пе? Баланың осы қуанышын бөлісіп отырған ата - анаға сөз береміз.

Ата - ана тілегі
Сөз кезегі: Меңгерушіге беріледі: Марапаттау рәсімі
Жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.- деп «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Сайқымазақ: Жоқ - жоқ әлі аяқтамаймыз ең қызық сәт енді басталды. Сендерді сыртқа қызықты ғажайып сәтке шақырғым келіп тұр. Жүріңдер менімен. Менің қолымдағы шарларды көрдіңдер ме? Олай болса қазір біз тілек тілеп шарларымызды ұшырамыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі

«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі

Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып...
Қош бол, балабақша!

Қош бол, балабақша!

Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....
Қош бол, балабақша!

Қош бол, балабақша!

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, «Қарлығаш» балабақшасы музыка жетекшісі Болатбаева Самал Болатбайқызы...
Қош, сүйікті балабақшамыз!

Қош, сүйікті балабақшамыз!

Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау....
Қош бол, сүйікті балабақшам!

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×