Сайтқа кіру Тіркелу

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ХХІ ғасырдың көшбасшысы
1 - жүргізуші
Армысыздар, ертеңгі саясат сахнасында тұрлаулы толғам мен толымды ой айтатын мына тұрған жас жеткіншектердің тірегі ардақты ұстаздар, ел ертеңіне қадам басқалы тұрған құрбы - құрдастар.
2 - жүргізуші
Құрметті мектебіміздің таңдаулы оқушылары білім бәйгесіне түсетін мектепішілік жаратылыстану пәндері бойынша «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық ойынының сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа түсетін оқушыларды ортаға шақырайық.
1 - жүргізуші
Ал, енді алғашқы сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
2 - жүргізуші
Енді барлықтарыңа ақ жол тілей отырып, ойынның шартымен таныстырайық.
Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге»
1 - жүргізуші
Екінші кезеңі жас қырандардың өз тілімен өзге тілге деген құлшынысын анықтайтын «Тіл - өнер»
2 - жүргізуші
Үшінші кезеңіміз «Жеті жұмбақ» құрметті ойыншылар, ескерте кетейін осы турдан аз ұпай жинаған оқушылар ойыннан шығарылады.
1 - жүргізуші
Төртінші кезең «Тапқырлық»
Бесінші кезең «Жорға»
Алтыншы кезең «Егер мен.....»

2 - жүргізуші
Ал енді, сайысымыздың алғашқы кезеңінің сұрақтарын оқимын. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1 - кезең «Бәйге»
1. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең? (8км/с)
2. Компьютердің негізгі бөлігін ата.(монитор, перне тақта, жүйелік блок, тышқан)
3. Қазақстанның жер көлемі қанша шаршы километрді алып жатыр?(2717, 3 шаршы км)
4. Жасушасы жоқ ағза? (вирус)
5. Микроскопты ең алғаш ойлап тапқан ғалым кім?
6. Жарақаттанған дене бөлігінің қайта қалпына келуін не деп атайды? (регенерация)
7. Нейрон дегеніміз не? (жүйке жасушасы)
8. Қай ел өте ұзын және жіңішке? (Чили)
9. Күн жүйесінің ортасында не болады? (Күн болады)
10. Фитоцид деген не? (микробтарды өлтіретін зат)
11. Адам ағзасында қанша химиялық элемент бар? (80 - ге жуық)
12. Алманың жерге түсіп бара жатқанын көрген ғалым, қандай заңды ашты? ( Ньютон, тартылыс заңын)
13. Бриология ғылымы нені зерттейді? (мүктерді)
14. Жасушаны зерттейтін ғылым? (цитология)
15. Ауаның құрамындағы тыныс алуға жарамды газ? (оттегі)

2 - кезең «Тіл өнер» Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа он ұпайдан беріледі.
Бұл кезеңде сайысқа түскен оқушылар сұрақтың жауабын үш тілде айтады.
1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Компьютерді жарыққаламмен басқаратын құрылғы (тышқан)
3. Көлден үлкен, мұхиттан кіші. (теңіз)
4. Домна пештерінде не қорытылады? (темір)
5. Әйел махаббаты құдайының құрметіне қай планета аталады? (Шолпан)
6. Фиджи аралы қай жерде (Тынық мұхитында)
7. Айда не жоқ? (ауа)
8. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген, ол қандай металдар? (алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, сынап)

3 - кезең «Жеті жұмбақ» Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа он ұпайдан беріледі.
1. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жасады? (ас бұршаққа)
2. Ауа ылғалдылығын анықтайтын құрал? (Барометр)
3. Тіс ауруын емдеуге пайдаланылатын элемент (фтор)
4. Ауадағы мөлшері ең көп болатын газ? (азот)
5. Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя.
Қырық ұяда қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан. (бидайдың масағы)
6. Пішіні бар домалақ, көміп қойдым сығалап.
Жақсы болса жағдайы, шығады екен қоғалап.
Бес ай уақыт өткенде, қаптап алдым дорбалап. (картоп)
7. Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім. ( қарбыз)
8. Бауыздасаң қан орнына су ағар (қауын)

Осы кезеңде аз ұпай жинаған оқушылар ойыннан шығарылады. Тек төрт оқушы ғана қалады.
4 - кезең «Тапқырлық» Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа он ұпайдан беріледі.
1. Не себептен қуырылған ас суға піскен астан дәмді? (піскен ас 100 - та қайнайды, қуырылған май 200 - та қайнайды жоғарғы температурада органикалық заттар өзгеріске ұшырап тәтті дәм бөлінеді)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады мұзды)
3. Көлемін сақтайтын, пішінін өзгертетін заттың күйі? (сұйық)
4. Көптеген құстар ауада қанатын қақпай - ақ қалықтап тұрады. Неліктен?
(ауа ағысы құстың қалықтап тұруын қамтамасыз етеді)
5. Су неліктен отты өшіреді? (су ауаны ығыстырады, ауасыз жану болмайды)
Аз ұпай жинаған оқушы ойынан шығарылады.
5 - кезең «Жорға» Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа бір ұпайдан беріледі.
Қойылған сұрақтарға өте шапшаң жауап береміз.
1. Калий - металл
2. Сутегі - газ
3. Альпі – тау
4. Темірқазық – жұлдыз
5. Сарыарқа - дала
6. Бекіре - балық
7. Шың - таудың биік нүктесі
8. Қарағанды – қала
9. Күлте - гүлдің мүшесі
10. Виктория – сарқырама
Ойын барысында екі оқушы қалады. Сайысымыздың келесі кезеңі
«Егер мен....» Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа он ұпайдан беріледі.
Оқушыларға тапсырма беріледі.
1. «Егер сіз Денсаулық Министрі болсаңыз қазіргі кезде жер шарына қатер төндіріп тұрған, «СПИД, құс тұмауы т. б ауруларын болдырмау үшін не істер едіңіз?»
2. «Егер сіз эколог болсаңыз, жаһандық жылыну процесін қалай тоқтатар едіңіз?»
Әділқазылар алқасының шешімімен көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×