Сайтқа кіру Тіркелу

8 наурыз, Аналар мерекесі

Армысыздар аяулы ұстаздар, аналар мен патша көңіл көрермендер! Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздар!
Құрметті аналар, қыз қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
АНА..... Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде!? Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой. Олай болса кешіміздің шымылдығын тамаша әнмен ашсақ.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі.
Мерекеңмен қасиетті Аналар!, - дей келе, сіздерге бақыт, ұзақ әрі қызық ғұмыр, әлемнің нұрын, көктемнің шуағын тілейміз.
Ананың тілегінен, ананың жүрегінен, ананың махаббатынан, ананың құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Себебі мына жарық дүниенің мәні де сәні де сіздерсіздер.
(ән)
Ана - жұмақ, мен - шуақ саябағы.
Ана - шырақ, мен - сұрақ санадағы.
Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген.
Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
(ән)
Енді, бүгінгі кештің көркін кіргізетін, салиқалы ақылдарын, тұшымды ойларын ортаға салып, қыздарымызбен еркін сырласатын қонақтарымызды шақырсақ.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ,- деп, кербез көңілді Күміс Қапашқызын қарсы алайық.
Ана десем шешек ашып жанары.
Өмірімнің бастау алар тарауы.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйдің жұлдызы боп жанады,- деген жырдың жалынымен жан баласына жаттығы жоқ Жанар Садуақасқызын ортаға шақырамын.
Келесі қонақпен таныс болыңыздар, мейірбан мінезді Мейрамгүл ханым.
Мектепте ұстаз.
Үйде пана
Садық апай біздің
Сүйікті ана. Сабырлы да сымбатты Садық Қуанқызын қарсы алайық.
Әкелетін отбасын береке
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар
Құтты болсын нұрға толсын мерекең,- деп батыл да бақытты Базаргүл апайымызды шақырамын.
Ана деген қамқоршы әрі қорғаның.
Ана білсең, ортаймайтын орманың.
Аналардың мен алдында бас иіп,
Ана жайлы жүректен жыр толғадым,- дей келе ақжарқын да аңқылдақ Алмагүл апайды ортаға шақырайық.
Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән,
Шабыт қысып мен де өзімше толғанам.
Аналармен өмір мәңгі көрікті,
Тіршілікті келешекке жалғаған,- деген жыр жолдарымен күміскөмей Күміс Ақанқызын шақырамын.
Ана деген үш - ақ әріп тіршілік
Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.
Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,
Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік, деп Айжан апайды қарсы алайық.
Қонақтарымыз жайғасып болса, осындай жандардың құрметіне әсем әуенді әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.
Енді әсерлі әңгімемізді бастасақ. 8 наурыз халықаралық деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі ғой. Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қандай ерекшелікпен өтеді?

Қазіргі қыздардың тәрбиелену процесіне көзқарастарыңызды білсек?
«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді халық. Өз қыздарыңыздың басқан қадамын қаншалықты бақылауда ұстайсыз?
Қыз баланы қонақ, жатжұрттық санап, оның бетінен қақпай, мейлінше еркін жіберіп, не кием, не ішем дегізбей өсіріп жатқан жанұялар бар. Алайда осындай тәлімнің кесірінен келін болған қыздар барған жерінде мінезін көрсетіп, керісіп жатады. Бұған қарсы айтар уәждеріңіз болса тыңдайық.

«Баланы жастан» дегенге менде толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?»- деп сұраған екен. Сонда атақты драматург «Балаңыз неше жаста?»- деп қарсы сауал қойыпты. «Өмірге келгеніне екі апта болды»- депті оған сауал қоюшы. Сонда Бернард Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз»- деген екен. Ал бұған керісінше қазақта «Балаңды 7 жасқа дейін патшадай сыйла,....» деген мақал бар. Бұл пікірлердің қайсысына қосыласыз?
Қазіргі педагогтар мен ата - аналарды толғандырып жүрген проблемалардың бірі «қиын бала» мәселесі. Жалпы «қиын бала» деген кім және ол қайдан шығады?

Психологияда «байқатпай тәрбиелеу» деген бар. Бұл әдістің бала тәрбиесіне күшті әсер ететіні анықталған. Психологтар: «Құрғақ сөз тәрбие болмайды. Бала ата - анасының істегенін жасайды» деседі. Демек, балаларға қалай өмір сүруді айту емес, көрсету керек шығар?
Мереке қарсаңында біздің кешімізге келіп салиқалы да саналы ақыл - кеңестеріңізбен, ой - пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет.
Аналар, арулар мен сұлу қыздар!
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Ең бақытт, ең құрметті болыңыздар.

Омирова Бибигуль Азатказиевна
тарих және өзін өзі тану пәндерінің мұғалімі
ШҚО,Үржар ауданы, "Благодарное орта мектебі" КММ
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×