Залға музыкамен, әндетіп көктем кіреді:
1 - көктем: - Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! Ата - аналар және әріптестер!
2 - көктем: - Қайырлы күн бүгінгі кешті тамашалауға келген көпшілік!
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Айдын көлді арала!
1 - көктем: - Біз бүгін өзімізбен бірге өзіміздің сүйікті гүлдеріміз бен күндерімізді ала келдік!
2 - көктем: - Қарсы алыңыздар!
(Залға балалар кіреді)
2 - көктем: - Құрметті ата - аналар! Көктеммен бірге келген алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесі құтты болсын дейміз!
- Ал гүлдер мен күндер бізге қандай сый дайындап қойдыңдар!
Ән: «Көктем келді» хормен.
Қоңырау дыбысы естіледі.
- Балалар бізге кім келе жатыр екен?
- Білмейміз, ешкім көрінбейді.
Перденің арғы жағында үсті лас, көңілсіз «үйдің елесі» (Кузя) келеді.
- Балалар, сендер қандай бақыттысыңдар! Сендердің аналарың бар, сондықтан үстілерің тап - таза. Менде ана жоқ, ботқа пісіріп беретін де ешкім жоқ. Маған өздеріңнің аналарыңдай ана тауып беруге қалай қарайсыңдар?
Балалар: - Иә, тауып береміз.
Тақпақтар
Көркемай: Құтты болсын аналар күн мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
Анель: Ана біздің күнімі1з,
Ана біздің гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Талант: Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батырда жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сендер ғана.
Зулхая: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең,
Ананың махаббаты қаусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Тахирмирза: О Анашым таянышым, тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім,
Мен жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Ән: «Анаға сыйлаймыз»
«Көктемді сипаттау»
Алдияр: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз
Эмиль: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Айшат: Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті жан барма екен.
Дамир: Наурыз ана күні, әлем күні
Әлемді тебірентер ана үні,
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Би: «Гүлдер»
Орындайтындар: балалар-қыздар
Қоңырау дыбысы естіледі, залға музыкамен әжей кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қоңырау үшін естіп осында келдім. Бұл қандай мереке?
Балалар: - Көктем мерекесі
- Аналар мейрамы.
- А - а - а, солай екен, ғой, олай болса маған әндерің мен тақпақтарың болса айтып беріңдер, тыңдайын.
Омар: Менің әжем - гүл әжем
Алтын әжем күн әжем,
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі - Әжем.
Тамила: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Диас: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ай мамам
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің әрқашан.
Әмина: Анам мені сүйіктім,
Тек өзіңе табынам,
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам.
Арайлым: Сенен өскен балалар,
Батырлар да даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Жансая: Мен анамды жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем,
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап - күлем.
- Балалар қандай жақсы баласыңдар. Менің құрақ көркем бар еді, соны құрау үшін көмектерің қажет болып тұр.
Ойын: «Құрақ көрпе»
Көркем сөз оқу: «Анаға арнау», Оқитын: Айгерім, Каусар.
Ән: «Анама», Орындайтын: Арай
Көкем: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған,
Үлкен - кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Әли: Келді көктей күнім
Күлімдейі гүлің
Алтын ойлы анам,
Мерекеңіз бүгін.
Айшуақ: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге,
Шашырайды шуағы,
Үйімізге кіргенде.
Ержан: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп келем мен,
Құшағыңда қысылмай.
Вильдан: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым берекем,
Анатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
Айбек: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым,
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Өзбек биі», Орындайтындар: балалар-қыздар.
Жібек: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Нұржас: Ана деген асыл сөз,
Ана деген ғаламат,
Жер бетінде анаға,
Табынар барлық адамзат.
Әмина: Әр сөзіңді жаттағанмын
Жүрегімде сақтағам
Анашым де мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Айару: Дүниеде ең кемеңгер ананы,
Ана тауып аялайды бағады,
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Аймир: Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз,
Биік болсын жұлдызыңыз,
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін тәңіріңіз.
Арай: Бесік жырын өмірімді күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырғам,
Асыл ана құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
Кузя мен әжейді шығарып салу.
Ойын: «Биге шақыру»
Ата - аналарымен ойын «Сөйлем құра»
Жылы лебіздерін айтып аналарына сыйлық беру!
ГККП "№ 4 Ветерок балабақшасы"
Тәрбиеші: Досова Мадина Сапаралиевна
Ана деген теңдесі жоқ ұлылық
- ramuk_b
- 13 қаңтар 2019
- 5704
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана деген теңдесі жоқ ұлылық, тәрбие сағаты, 8 наурызға арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Әрқашан күн сөнбесін!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы..."Аналар - күн шуағы"
Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...Аналар асыл қазынам
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Аяулы -анашым
Тақырыбы: «Аяулы аналар»...« Аяулы - анашым»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С. Тақырыбы: Аяулы – анашым. Мақсаты: Жанұядағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.