Елбасымыз Н. Назарбаевтың ел халқына арналған биылғы жолдауында Мемлекеттік тілді меңгеру уақыт талабы. Мемлекетіміздің ірге тасын нығайтып, халықтық мұрат - мақсатымызға қадам басқан бүгінгі таңда қазақ тілінің қажеттілігін тиімділікпен пайдалана біліп, мемлекеттік білім жүйесін барлық буындарында тереңдеп әрі сапалы оқытуға қол жеткізу керек.
Еліміздің егемендігін танытатын туған тіл болашақта күшіне енетініне сенемін. Тіл үйрету – өте қиын да жауапты іс. Елбасының қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін оқытушы әр түрлі жұмыс жүргізу тиіс. Қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздардың ең басты түпкі мақсаты - тіл үйрету, тілді дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, әрбір шәкірттің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін арттыру болып табылады. Тілді үйретуде әр түрлі әдіс, технологияларды түрлендіріп қолдану арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің маңызы зор деп санаймын. Оқу үрдісінде әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады. Оларға В. Ф Шаталовтың «Еркін таңдау идеясы», С. Н. Лысенконың «Оза оқыту», П. Эрдниевтің «Ірі блоктар идеясы», «Е. Н Потапова технологиясы»т. б. Қазіргі кезде бұл идеялар М. Н. Бруллаеваның жаңа технологиясында көрсетілген. Ш. А. Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», В. Оконы мен Р. Гроттың «Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мен проблемалық оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп - саралап оқыту» М. Жанпейісованың «Модульдық оқыту», В. Г. Коваленканың «Ойын арқылы оқыту технологиясы» және т. б технологиялары жатады. Жаңа оқыту технологиясының тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы оқушымен тиімді жұмыс істеуге болады
1. Ұжымды жұмыс істеуге үйретеді.
2. Ақпаратты өз бетінше түсінуге үйретеді.
3. Сөз астары мен құдіретін түсінуге жағдай жасайды.
4. Сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан - жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын екендігі, оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.
Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы - оқытушы мен білім алушы - оқушы арасындағы қарым - қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері, оның ішінде, оқушыға дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бір сарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу - тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:
- жағымды психологиялық орта жасау;
- оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық – коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
- ақпараттық - коммуникативтік технологиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;
- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;
- кез - келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
- оқушылардың өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
- оқушыға өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
- негізгі мәселені бөле көрсетуі;
- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
- оқушылармен тең құқылы түрде қарым - қатынас жасай білу;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;
- сабақта ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
- оқушымен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
- осы нәтижеге жеткізетін – сабақтың жүйелігі.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық - коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақпараттық - коммуникативтік технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.
Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, оқушының өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ.
Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез - келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.. Мұндай сабақтар оқушы басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланудың негізгі мақсатының бірі – № Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Тіл үйрену қабілеті төмен оқушы өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал.
Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін оқушының өзіне беруге болады. Оқушы материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда – жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасуға тырысады. Осы материалдар көмегімен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.
Мысалы:
1. «Ассоциация және болжам»
Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?
2. «Сұрақ - жауап»
Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудио мәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
3. «Мәтінді тыңдап, аяқта»
Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
4. «Мен диктормын»
Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.
5 «Мен көркемдік жетекшімін»
Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.
Жоғары деңгейде «Отандық өнім»,«Қазақстан» айдармен берілетін аудио - бейне мәтіндер бойынша түрлі шығармашылық жұмыстар ұсынылады.
- интернет желісіне қосылған компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
- компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.
- Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни оқушы ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық - коммуникативтік технология
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу мотивациясының артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.
Сабақты түрлендіру және технология әдістерін пайдалану жолдары
- Saltanat11
- 14 қазан 2015
- 5929
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мемлекеттік тілді меңгеру уақыт талабы, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазірг ...
Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.