Тақырыбы: «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылатын іс – әрекеті: Экология, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстырып, туған өлкенің табиғатындағы өсімдіктер дүниесін жетік білуге, өсімдіктерді қорғай білуге баулу. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Мотивациялық кезең.
Орман перизаты шөптерді, гүлдерді реттеп отырады. Бір кезде қасына қарлығаш ұшып келеді.
Қарлығаш:- Орман перизаты! Орман перизаты!
Сіз білесіз бе, бүгін, бүгін...
Орман перизаты:
- Қарлығаш - ау, не болып қалды, кірген бетте сәлемдесуді де ұмытып кеттің ғой.
Қарлығаш: - кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Бүгін бір балабақша балалары осы орманға саяхатқа келіп, ерекше сабақ өтпекші. Сіз білесіз бе, ол сабақтың қалай аталатынын.
Орман перизаты: - қалай аталады екен?
Қарлығаш: - Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
Орман перизаты: - Иә, расында да әдемі аталған сабақ екен. Ой қарлығаш саған көп рахмет, қуанышты хабар әкелдің, олай болса мен балаларды күтіп алуға дайындалайын.
(Музака әуенімен қарлығаш ұшып кетеді, ал орман перизаты үйшігіне кіріп кетеді.)
Ұйымдастыру - іздену кезеңі.
Музыка әуенімен балалар жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Балалар таңертең көзімізді ашып, оянғанда терезеден нені көреміз.
Балалар: - күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.
Тәрбиеші: - Олай болса, бүгінгі күнмен, келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: - Қуан шаттан алақай!
Қуанышты күн келді
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тәрбиеші: - Балалар біз әрбір атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуануымыз керек, деніміз сау болып өсуіміз керек. Балалар, денсаулық дегеніміз не?
Балалар: - Ауырмай, сырқамай, көңілді жүру.
Тәрбиеші: - Ауырып қалғанда біз не істейміз?
Балалар: - Дәрі ішеміз
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, бірақ дәріні өз мөлшерімен ішу керек. Біз өсімдіктер әлемінде өмір сүреміз, біздің қамқорлық әрекетімізге қарай табиғатта өз сыйын тартады, бізді емдейді. Емдік өсімдіктермен емделуді ата - бабаларымызда пайдаланған. Олай болса біз орманға саяхатқа барып, сабағымызды жалғастырамыз. Кәне, ендеше бәріміз пойызға мінейік.
Тәрбиеші: - Міне, орманға да келдік. Балалар орман қандай әдемі, енді орманға келгенде қандай ережелерді білуіміз керек?
Балалар: - Орманда айқайлауға болмайды, қоқыстарды тастауға болмайды, аңдарды, құстарды үркітуге болмайды, орманда тәртіпті болуымыз керек.
(Осы кезде орман перизаты үйшігінен шығып, балалармен амандасады)
Орман перизаты: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Орман перизаты: - Иә, бүгін ертемен қарлығаш келіп, сендердің келетіндерің жайында хабарлап кетті, ерекше сабақ өтпекші екенсіңдер, ендеше төрлетіңіздер!
(Балалар жайғасып отырады)
Орман перизаты: - Ал балалар емдік шөп жайында білгіңіз келген екенсіңдер, бірінші табиғат жайында айтып беріңіздер.
Балалар: Табиғат - ол қоршаған орта. Ал қоршаған ортаға – орман, дала, егістер, өзен - теңіздер, құс - жануарлар, өсімдіктер жатады.
Орман перизаты: - Балалар, табиғат жайында көп біледі екенсіңдер, енді мен сендерге емдік шөптерім туралы жұмбақ жасырайын.
Көктемде, жазда,
Басына қалпақ киеді.
Күзге қарай қалпағы,
Қалқып ұшып кетеді.
(Бақбақ)
Орман перизаты: - Дұрыс айттыңдар, ал бақбақ гүлі туралы не білесіңдер?
Альбина: - Дәрі - дәрмек жасау үшін бақбақтың гүлі, жапырағы, тамыры қолданылады. Тамырынан жасалған тұнба тәбет ашады, ауырғанда дене қызуын басып, тыныш ұйықтауға көмектеседі. Бақбақтың тамырын күзде, көктемде жинаған дұрыс.
Орман перизаты: - Ал, бақбақ туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Тәрбиеші: - Кәне, балалар бақбақ туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Жайқалған көк шалғында,
Абайламай қалдың ба?
Бағдаршамдай жанады,
Сары гүлі алдыңда.
Оның зерлі табағын,
Бал арасы табады.
Алатыны бақбақтан
Түске шейін алады.
Сән беріп жазға
Үлбіреп бақбақ.
Шалғынды сазда,
Өседі қаптап.
Ақ ұлпа қардай,
Басында гүлі.
Жел соқса қалмай
Ұшады түгі.
Орман перизаты: - Балалар, мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын.
Күнінде көктемнің
Бір қызық шөп көрдім.
Барлығын шағады,
Жанасып кеткеннің
Білдің бе балақай
Бұл не нәрсе?
(Қалақай)
Орман перизаты: - Дұрыс айттыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар, енді қалақай туралы білгенімізді айтайық.
Айнұр: - Қалақайдың жапырағы ірі тісті, жапырағы мен сабағы әр түрлі қышқылдары бар түктерге толы. Ол етке тисе ашып, қышытады. Қалақайдың жас жапырағынан сорпа ішкен, салат жасап жеу, өте пайдалы. Жапырағынан жасалған тұнба қақырық түсіреді, асқазанды тазартады. Ал, сол тұнбамен басты жуса, шаштың түсуі тоқтайды. Қалақай жаз бойы гүлдейді, гүлдеп тұрған кезде маусым - тамыз айларында жинаған дұрыс.
Тәрбиеші: - Орман перизаты, біздің балаларымыз жолжелкен туралы да біледі.
Нұрдәулет: - Жолжелкен көп жылдық өсімдік, жапырақтары сынбас үшін жерге өте жақын өседі. Қайнатпасы асқазанды тазартады, жөтелді қойғызады, іш ауруларына өте пайдалы.
(Жолжелкен)
Сергіту сәті.
Қарлығаштар қанаты,
Биікке самғап ұшады
Қоян менен көжегі
Ытқып - ытқып секірді.
Тәрбиеші: - Балалар, біздің жерімізде өсетін, таныс емдік шөптер туралы айтып берейік.
Барлық жерде өсетін,
Өгейшөп жабайы өсімдік.
Тұнбасын оның ішсең сен,
Түсіреді қақырық.
Адыраспан,
Тақырға өсер тарбиып,
Тұрар бәрі арбиып
Салалы әр бұтағы
Бойына алды нәр жиып,
Біле білсең тұрағы
Көшкен жұртқа шығады.
Жаз бойы өңін өзгертпей,
Сарғайып қана тұрады.
Басқа гүлден бір бөлек,
Түймедағы гүлі деп
Ақгүлі бар аяулы
Сары гүлі - ол да ерек
Нәр жинауды қалайды
Бал арасы күнде кеп.
Орман перизаты: - Өте жақсы, балалар, емдік шөп туралы көп біледі екенсіңдер. Ендеше, балалар келіңдер, мен сендерге кепкен шөптен тұнба дайындауды үйретейін.
Кепкен шөпке қайнаған су құйып, жылылай жауып, белгілі уақыттан соң сүзіп аламыз. Оны біз су тұнба деп атаймыз. Тұнба денсаулыққа пайдалы. Тәрбиеші: - Рахмет сізге Орман перизаты, біздің балабақшамызға оралатын уақытымыз болды, сіздің көмегіңізбен балалар көп нәрсені үйренді. Сізге орманды және оның байлықтарын қорғап жүруге уәде етеді.
Балалар: - Тұрып алып таңнан біз,
Орман жаққа барғанбыз,
Жағасында өзеннің,
Дәрі - шөп қой қараңыз,
Тиген жоқпыз оған біз,
Тиген жоқпыз оған біз,
Дәрі шөпке қорғанбыз!
Тәрбиеші: - Ал енді балалар бақшамызға ораламыз.
Рефлексті қорыту.
Тәрбиеші: - Балалар, «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» деген мақалды мен сендерге түсіндіріп өтейін.
Кез келген адам ақылды, кемеңгер, дана бола бермейді. Көп адамның ішінен бір дана адам кездесіп қалуы мүмкін, сондықтан да сол ойды «Дана көптен шығады»деген. Ал, дәрі - дәрмекті шөптен алады, сондықтанда «Дәрі шөптен шығады» деп келтірген.
Тәрбиеші: - Балалар, біз қандай өсімдіктермен таныстық?
Балалар: - Қалақай, бақбақ, жолжелкен.
Тәрбиеші:- Өте жақсы, біздің жеріміз емдік шөптерге өте бай, ендеше, өзіміз білетін тыйым сөздерді айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Балалар: - Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма, құстың ұясын бұзба, көк алманы үзбе, суды орынсыз төкпе, аққуды атпа, жұлдызды - адамды санама, суға - құдыққа түкірме.
Тәрбиеші: - Рахмет сіздерге, балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!
«Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп ММ»- нің
педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна
Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады
- erden87
- 5 ақпан 2017
- 5288
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өсімдіктер дүниесін жетік білу, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Ұқсас жаңалықтар:
Көктем құстары
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...Гүлдер әлемі
Алматы қаласы, 118 балабақшасының Тәрбиешісі Сабдикенова Райхан Тұрсынқызы...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Қыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақшасы тәрбиешісі: Кушембетова Әдемі Жарасханқызы...Кел ойнайықта ойлайық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының Тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.