Сабақтың тақырыбы: физикада футбол ойыны
Мақсаты: білім алушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін және пәнге деген қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, табло
Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс
Оқытушы: Баршаңыз да сабағымызға қош келдіңіздер! Біз бүгін ДТБ - 11 топ студенттері арасында футбол ойынын физика пәні бойынша сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Сабақты дене тәрбиесі оқытушысының қатысуымен бастамақпыз. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз (топ студенттері бір қатарға тұрады. Олармен жалпы сәлемдесіп, 1, 2, 3.... сандарымен айтып шығу беріледі. Тақ және жұп сандар бойынша жұп сан атағандарды бір қадам алға шығарады. Екі топқа бөлінген соң екі жақтағы парталарға отырады). Екі топтағы студенттерге сұраққа жауап беріледі. Кім бұрын орындаса сол ойынға қатысады. Қатысатын ойыншылар саны бір топтан 5 адам. 1 - уі қақпашы (капитан), 2 - уі қорғаушы, 2 - уі шабуылшы.
Комментатор: футболдың шығу тарихымен таныстырады.
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі.
Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Біздің сайысымызда физикалық тапсырмаларды орындау арқылы көбірек
ұпай жинау.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
Қазақстанға футбол 1909 - 1910 жылдары келді.
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзғаны үшін
сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
І. Сәлемдесу «Допты алып жүру» (екі жақтан шыққан 10 ойыншы "Допты алып жүру» ережесі бойынша бір - біріне допты лақтырып, тілектер айтады, қол алысады). Осы кезде комментатор: « Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді», - деп айтады.
ІІ. Допты тартып алу. Екі топтың капитанын ортаға шақыртып, теңге тастау арқылы кім бірінші болатынын айту. Сосын кім бірінші судьяның айтқанын тапса сол топқа бірінші болып сұрақ қойылады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай), комментатор: Допты тартып алу ережесін айтып кетеді: «Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады».
ІІІ.«Допты ойынға қосу» ережесі. Игерген әдіспен екі жақты ойын: Футбол ойнау. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
ІV. Капитандар сайысы. (Есептер шығару, карточканы таңдап алу бойынша)
V. Ауызша есептеу.
VI. Жұмбақ шешу.
VII. Қорытынды. Марапаттау.
Комментатор: Армысыздар құрметті көрермендер,
Сайысын ДТБ тобының көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер.
І кезең бойынша сәлемдесіп, тілек айту.
ІІ кезеңімізді бастайық.
Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)
2. Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)
3. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі – (м/с)
5. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
6. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9, 8 м/с)
7. Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)
8. Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? – (толқын)
9. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)
1. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)
2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
3. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
4. Ток күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)
5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
6. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
7. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)
8. Ньютонның І - заңы не деп аталады – (Инерция)
9. Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
ІІІ – кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.
Бұл үй тапсырмасы. Топтар өздері дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
ІV – кезең. Капитандар сайысы.
2 – капитанға есеп беру: (карточка таңдау арқылы), (есеп А. П. Рымкевич физика есептерінің жинағынан берілді. №11, 17)
1. Серуендеп жүрген адам алдымен солтүстікке қарай 3 км содан соң шығысқа қарай тағы 4 км жүрді. Оның жасаған орын ауыстыруының модулі?
2. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1м биіктікке көтерілгенде, оны ұстап алды. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңдар.( №11)
3. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып, 900 бұрыш жасап бұрылып, тағы 30 км ұшты. Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңдар. (№17)
Көрермендерге сұрақтар:
1. Екі жұмыртқаның біреуі піскен, екіншісі шикі екенін қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
2. Қияр ыстық суда ма, әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
3. Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
4. Таудан түскен де автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))
V. Ауызша есептеу
VI. Жұмбақ шешу.
1 - жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2 - жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3 - жұмбақ.
Қозғалыс та сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шамашықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4 - жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
5 - жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
6 - жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)
7 - жұмбақ.
Күш көбейсе артады,
Арқадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады
(Қысым)
8 - жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әртүрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
Сайыс өз мәресіне жетті.
Сөз кезегі судьяда.
VII. Қорытындылау. Марапаттау.
1. Сапқа тұру (қорытындысын айту, марапаттау, бір - бірінің қолдарын алу)
2. Үйге тапсырма: қайталап жүру.
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Қозыбакова Алтын Панзабековна
«Жаратылыстану – математика және информатика»
ПЦК апталығында өткізілген сабақтан тыс шараның жоспары
Физикада футбол ойыны
- ramuk_b
- 5 сәуір 2017
- 6418
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Физикада футбол ойыны, колледжге арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Футбол. Допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу
Оқушыларға футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан...Баскетбол ойыны
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға баскетбол ойынының әдіс тәсілдерін үйрету 2. Ептілік, жылдамдық, шыдамдылық қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке, ақыл...«Білімді ұрпақ - ел тірегі» сайысы
Қайырлы күн, құрметті көрермен! Сөз бастайын термелейтін өлеңмен Тәрбиелі, білімді боп әрқашан Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!...Футбол ойынның негізгі ережесі әдіс-тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту. Дамытушылық: Қимыл - қозғалыс әрекетін дамыту. Тәрбиелік: Ептілікке,...Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.