Сайтқа кіру Тіркелу

Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу

БжС технологиясы «Ауызша сабақ - 1» картасы
Физика 7 сынып
Тақырып: Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқуылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың мақсаты: Үлкен және кіші сандарды ықшамдап стандарт түрде жазу ережесін үйренеді. Физикалық қосымша кестемен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
Сынып бір топ боп жұмыс жасайды. Табысты болуы үшін және белсенді болу үін көшбасшыға сөз беріледі.
Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ бойынша қарама - қарсы сұрақтар қою
1. Физиканың мақсаты не? (Табиғат құбылыстарын зерттеп оларды біріктіретін заңдылықтар ашу)
2. Табиғатты зерттеудің неше әдісі бар? (3)
3. Бақылау дегеніміз не?(ғылыми деректер жинау)
4. Эксперимент дегеніміз не? (ғылыми деректерді дәлелдейтін тәжірибелер жасау)
5. Эксперимент үшін не қолданамыз? (құралдар, аспаптар қолданамыз)
6. Аспап бөлігінің құнын қалай табамыз?
7. Аспап бөлігінің құнын табу не үшін қажет? (дәлдік үшін)
8. Физикалық шамалар дегеніміз не? (физикалық нысандардың немесе құбылыстардың сандық сипаттамасы)
9. Уақыт физикалық шама ма, 15 с физика тілінде қалай жазасың айтып бер (ия, t=15 c)
10. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не? (өлшем бірлігімен қоса жазылған сан мәні)
11. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?( өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру)
12. 10 мин секундқа айналдыр (600 с)
13. 1 сағатта неше мин бар?(60 мин)
14. 1 сағатта неше секунд бар? (3600 с)
15. 1 м - де 100 см болса, 1 м2 неше см 2 бар?(10000см2)
16. Ұзындықты қандай құралмен өлшейміз, өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
17. Көлемді қалай табамыз? (V=abc)
18. Өшіргіштің көлемін қалай табар едің? (сызғышпен өлшеп, формуламен есептеп)
19. ХБЖ деген сөзді толық айт?
20. ХБЖ не үшін қажет?
21. V=5 физикалық шама дұрыс жазылған ба? Не жетіспейді?
22. Кез келген дененің ауданын сызғышпен өлшеп бірден таба аламыз ба? (жоқ)

«Әл - Фараби» мектеп - лицейінің физика пәнінің мұғалімі
Хайруллина Саяш Ермекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді. Ұзындық (см, дм),...
Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозға ...

Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозға ...

Молекулалар және атомдар дегеніміз не, атом неден тұрады, олар қалай қозғалатыны туралы мәлімет алады Міндеті: технологиялық картаның регламентін...
Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылда ...

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылда ...

Диффузия құбылыс туралы түсінік қалыптасады және молекулалардың үздіксіз қозғалысының температураға тәуелді екенін біледі....
Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)

Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)

Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет....
Сабақ топтама

Сабақ топтама

Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×