Сайтқа кіру Тіркелу

Қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының білім беру бөлімінің физика пәні әдіскері
А. К. Еслямова

Тақырыбы: «Қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру»

Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»
Н. Ә. Назарбаев

ҚР - ның білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екені айтылған. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама - қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан - жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысын дамыту қазіргі кездегі педагогика ғылымының көкейкесті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім дамуының мақсат - міндеттері мен талаптарының, біліктілікті арттырудың дәстүрлі теориясы мен тәжірибесінің, еліміздің өркениетке ұмтылған ұлы мұраттарының мұғалімнің өзін - өзі дамыту және жүзеге асыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қаралған. Мұғалімнің шығармашылық қабілетін арттыруды қамтамасыз ету қазіргі заман талап етіп отырған жаңашылдық әрекеттерге дайын болуының бағыттары мен тетіктерін анықтау. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, қалалық білім беру бөлімінің бұйрығы негізіндеқорытынды аттестацияға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында шығармашылық топтар ұйымдастырып жұмыстанып келеді. Топ жетекшілері мен мүшелері бұйрық негізінде жыл басында бекітіліп отырады. Оқу жылының басынан бастап жоспары кұрылып, бекітіледі.

Топтың мақсаты: қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, жаңашыл әдіс тәсілдерді іс – тәжірибеге енгізе отырып білім сапасын арттыру. Міндеттері:
• тәжірибелі мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін насихаттау;
• мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру
• Оқытудың жаңашыл әдіс - тәсілдерін іс - тәжірибеде енгізу арқылы мұғалімнің құзіреттілігі рөлі қаншалықты қажет екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
• Мұғалім өзінің және өзгенің іс тәжірибесіне сын көзбен қарауды, өзінің іс тәжірибесіне керекті мәліметтерді жинауды және оларды тиімді пайдалануды үйренеді.
• Мұғалімнің өз білімін жетілдіруіне, кәсіби дамуына мүмкіндік туады, жаңа идеялармен алмасады.
• Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.
• Оқыту мен оқудың сапасын арттыру мақсатында қолданылатын жаңа тәсілдермен танысады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл -...
Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге...
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×