Сайтқа кіру Тіркелу

Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Семей қаласы,
"№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп - интернат" КММ
Физика пәні мұғалімі: Кулова Сандуғаш Дюсеновна

9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұрақты токтың жұмысы және қуаты
туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тұрақты токтың жұмысының және қуатының физикалық
мағынасын түсіндіру. Математикалық өрнектерімен таныстыру.
Физикалық шамалардың өлшем бірлігін меңгерту. Джоуль - Ленц заңымен таныстыру. Заңның математикалық өрнегімен таныстыру, мағынасын
түсіндіру. Электр тогының жұмысы мен Джоуль - Ленц заңының энергетикалық байланысын теориялық негізде ұғындыру. Теориялық білімді практикамен байланыстыра алу машығын қалыптастыру. Формулаларды
есте сақтау үшін жаттығулар орындату.
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру. Физикалық көзқарас қалыптастыру. Қорытындылай алуға. Нақтылыққа, жүйелілікке, реттілікке, ұжымға, еңбекке
тәрбиелеу.
Түзетушілік: әр түрлі жаттығулар жасату арқылы көз жанарын сақтау.

Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.
Әдісі: түсіндірмелі – мысалды, теориялық - практикалық
Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық 8 сынып физика, Физика есептерінің жинағы, Электр пиборлары, топтамалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу;
б) Түгендеу;
в) Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Жедел сұрақтар:
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.
Біз, бұған дейінгі сабақтарда электр тогын сипаттайтын фимзикалық параметрлердің бірнешеуімен таныспыз, мысалы 2 слайд көрсетіледі
Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің және де барекндігімен ерекшеленеді.
Яғни, бүгін "Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы." тақырыптарымен таныса отырып, білімімізді толықтырамыз 2 - 3 слайд көрсетіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Теориялық бөлім: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңына теориялық түсінік беру.

Практикалық бөлім.
а) теориялық есептер - 21 - жаттығу, №1166, №1168 есептерді шығарту.
ә) практикалық есептер шығарту - электр приборларын пайдалану.
б) топтамамен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту: 1 - 7 слайд пайдалану
ІV. Білімдерін тексеру: Физикалық диктант
V. Қорытынды. 7 слайд бойынша.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.

І. Электр тогының жұмысы.
Сонымен, біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда, электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы, ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік.
Сонда электр өрісі
А=q*U

жұмыс өндіреді. Ток күші
I=q/t

болғандықтан, жұмыс мынаған тең:
A = I*U*t

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп, токтың жұмысының өрнегін мыны түрде жазуға болады:
A = I2Rt.
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

Токтың жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді:
1Дж= 1А*1В*1с

ІІ. Токтың қуаты. Кез келген электр приборы – электр шамы, электр двигателі т. б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген.
Сондықтан, токтың қуаты деген ұғымның маңызы, токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді, яғни бірін - бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама:

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×