Сайтқа кіру Тіркелу

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергіс

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,
Дружба орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Сакенова Гульнар Сабыровна
педагогикалық еңбек өтілі 30 жыл

Физика 8 сынып.
Тақырып: "Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі"
Сабақтың мақcаты: Кедергінің физикалық мағынасын және оның Ом өлшем бірлігін білу және түсіну; Ом заңын білу және қолдану.
Көрнекіліктер: Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар
Құрал - жабдық: тоқ көзі, амперметр, вольметр, жалғағыш сымдар, 1, 5 в эл. ламапсы, кілт.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, талдау, баяндау.

Сабақ жоспары.
1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Оқылатын материалмен жұмыс:
а) тоқ көздерінің жұмысын бақылау;
б) фронталді тәжірибе жасау.
5. Жаңа материалды тереңдету:
а) Кедергінің физикалық шамалар туралы қорытындылар жасау; Тоқ күшінің, кернеу мен кедергінің формуласын шығару барысында Ом заңына анықтама беру
б) Есептерді шығаруда формулаларды қолдануды үйрену.
6. Үйге тапсырма §38, 18 жатттығу - 1, 2 есеп.
7. Рефлексия
8. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстыру. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жазу. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отыру.
Деңгейі ---- баға --- ұпай
жоғары ----«5» ---- 21 - 42
жеткілікті --«4» ---- 10 - 20
орташа ----«3» ----- 2 - 9
төмен ------«2» ----- 0 - 1

Сергіту сәті. Жұмбақ шешу
1. Тоқ бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
3. Пайдаланады мені жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін. (шам)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия

1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
Жалпы сұрақтар.
2. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
3. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
4.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
5. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
6.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
7. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
8. Атомның ортасында не бар?(ядро)
9. Денелердің электрленуін анықтайтын құрал(электроскоп)
10. Тоқ жұмысы деген не?
Ток күші, кернеу туралы біледі

2. Сабақтың мақсатын қою (3 мин.)
1. Тоқ күші деп нені атайды?
2. Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?
3. Кернеу дегеніміз не?
4. Кернеудің формуласы
5. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
6. Кернеуді немен өлшейміз
7. Вольтметр, амперметр тізбекке қалай қосылады?
8. Вольтметрдің, амперметрдің сызбадағы шартты белгісі

- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі»

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×