Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, «Кеңес» орта мектебінің
физика - математика пәнінің мұғалімі: Жақсылықова Эльмира
«Физика және табиғат» атты саяхат сабағы
Оқу жылының соңғы сабағы әдеттегідей өзгеше қайталау түрінде өткізуде тәжірибеге енгіздім. Бұл сабақ әр жылы әр түрлі бір - біріне ұқсамай өтеді. Соның бірін назарларыңызға ұсынып отырмын.
Сынып оқушылары өздері құрған «Жасыл» клубының кезекті отырысында сабақтың жоспарын талқылап, сабаққа «Физика және табиғат» деген ат берді. Қандай тарауларды қайталау, қандай суреттер, көрнекі құралдарды қолдану осы отырыста сұрыпталды. Оқушылар екі топқа бөлінді. Бір оқушыны орманшы етіп белгіледі.
Тақта алдына орманшы шығады. Тақтаны екі жағында оқушылардың екі тобы шығып, қарама – қарсы орналасады. Тақта алды өсіп тұрған гүлдермен безендіріліп, тақтаға «Орман» сурет ілінді.
Оқушы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендер жылы, шуақты күнде серуенге шыққан екенсіңдер, орман әдемі, пайдалы ғана емес, таңғажайып жұмбақтарға толы екен. Оның жұмбағын шешу үшін білім керек, көрген құбылысты бақылап, ой иелігінен, не екенін білу керек. Қысқасы, білу керек, білім керек! Мен сендерге жол бастаушы болайын, сендер жан – жақтарыңды бақылаңдар. Кеттік алға! (Кішкене жүреді).
Орманшы: «Күн батуға айналып, мына жер шатыр тігуге қолайлы екен, осында аялдайық!
І - топ оқушысы: Шатырдың жібін байлайтын қазықты, жерге кіргізе алмай отырғаным – ай.
ІІ - топ оқушы: Не күшің жетпей отыр ма?
Оқушы: Міне, балалар, сендердің білімдеріңді тексеретін қолайлы жағдай, неге мына қазық жерге кірмейді? Қане, жауапты кім береді?
І - оқушы: Ұшталмаған қазықтың ауданы үлкен болғандықтан, оны ұрғанда түсетін қысым аз болғандықтан жерге тез кірмейді, сондықтан оны ұштау керек.
ІІ - оқушы: Қазықты неге кедір - бұдыр ағаштан жасағансыңдар?
Жауап. Шатырдың жібі жақсы керілу үшін, қазықтағы үйкелісті арттыру үшін.(Барлығы ұйықтап тұрғандай, жан – жақтарына қарайды).
І - оқушы: Түнде қатты ұйықтаппыз ғой, жаңбыр жауған ба, әлде жаумаған ба? Жолға қарасаң құп - құрғақ, қалай анықтаймыз? Міне, жұмбақ?!
Орманшы: Сұраққа жауап беру үшін айналаға жақсылап қараңдар ағаш, шөптерде жаңбыр ылғалы сақталыпты, жол құрғақ неге?
ІІ - оқушы: Ағаштың биік ұшары күннің сәулесінен қорғайды, әрі желді өткізбейді, сондықтан, олар булану, кебу процесін тежейді. Ағаштағы, шөптегі – жаңбыр іздері. Ал жол ашық, онда тамшы күн сәулесі, жел әсерінен тез кебеді.
І - оқушы: Мүмкін жаңбыр жаумаған шығар, жаңбырсыз ылғал болуы мүмкін бе?
Орманшы: Тамаша сұрақ!
ІІ - оқушы: Мүмкін.
І - оқушы: Неге?
ІІ - оқушы: Түнде температура төмендесе, ауадағы су тамшылары конденсацияланып шық түседі.
І - оқушы: Мына қияқтарды шалғы, орақсыз шыбықтың көмегімен қиып түсіруге бола ма?
ІІ - оқушы: Әрине, ол үшін қияқты күшті тез қимылмен, шыбықпен ұру керек. Сонда шыбықпен қияқтың әсерлесуіне аз уақыт кетеді де, шөп сабағы қисайып та үлгермей, қиылып кетеді.
Орманшы: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден – гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Бұл не құбылыс?
І - оқушы: Диффузия.
Орманшы: Дұрыс - ақ, ал енді осы жәндіктердің ызылдаған дыбысын неге ұшқанда ғана естиміз?
ІІ - оқушы: Ақсақал, ол тербеліс қыбылысы ғой. Ара 1 секунд. ішінде қанатын 200 рет, маса 600 рет қағып, ауаны тербелтеді де, дыбыс тудырады. Сондықтан бірінің дауысы жіңішке, екіншісі жуан болады.
Орманшы: Ал онда көбелекте ұшып жүр ғой, оның дыбысын неге естімейміз?
ІІ - оқушы: Мәселе мынада: адам құлағы16 - 20000 Гц аралығындағы дыбысты қабылдайды. Ал көбелек болса 1 сек – та 10 рет қана қанат қағады. Демек, тербеліс жиілігі өте аз.
І - оқушы: Мына қызықты қараңдар! Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
ІІ - оқушы: Соны да білмейсіз бе? Серпімділік құбылысы емес пе?
І - оқушы: Ал онда шөпке серпімділік құбылысы не үшін керек?
ІІ - оқушы: Ол – оның қорғаныс қабілеті. Шөпті ауыр жаңбыр тамшылары ұрғылайды, жел майыстырады. Су аққан бағытқа иіледі. Сонда оның серпімділік қасиеті – оны бұрынғы қалпына келтіреді.
Орманшы: Ал енді анау ағашқа дейін жүгіріңдер де, маған жүру мен жүгіруде қандай айырмашылық бар екенін айтыңдаршы.
II - оқушы: Орын ауыстыру жылдамдықтары. Онымен қоса жүргенде адам табаны үнемі жермен әсерлесіп, тіреу нүктесіне денесі сүйенсе, жүгіргенде олай болмайды.
I - оқушы: Алдымыздағы ордан қалай өтеміз. Тұрған бойда секіреміз бе, әлде жүгіріп келіп секірген оңай ма?
II - оқушы: Әрине, жүгіріп келеп секірген оңай, жүгіріп келіп секіргенде секірудің бастапқы жылдамдығы болады.
I - оқушы: Ойпаңға келіп түстік - ау, енді тік көтерілеміз, аздап шаршаған сияқтымыз. Қалай ойлайсыңдар, жазықта жүру оңай да, қыратқа көтерілу қиын, неге?
II - оқушы: Жазықта біз үйкелісті жеңу үшін ғана, жұмыс істедік, ал қыратқа көтерілгенде денемізді көтеру үшін де қосымша жұмыс жасадық емес пе? (Оқушылар ыстықтағандай желпініседі).
I - оқушы: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?
ІІ - оқушы: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.
Орманшы: Міне, алаңқайға да келдік, айғайлаңдаршы, не байқалады?
І - оқушы: Жаңғырық.
Орманшы: Ол не?
ІІ - оқушы: Дыбыстың айналадағы заттардың шағылуы. Жаңғырық естілу үшін шағылатын бет 85 метрден ары болмау керек.
Орманшы: Өздерің тіпті білгір екенсіңдер. Міне алдымызда өзен жарқырап жатыр, одан қандай құбылыстар байқар екенсіңдер?(суреттер бойынша)
І - оқушы: Мына балықтарды қараңдар. Қандай анық көрініп тұр. Бірақ балық пен балық үйірінің формасында ұқсастық бар ма?
ІІ - оқушы: Бәрі тамшы тәріздес, ол судағы қозғалыс кедергісін жою үшін қажет.
І - оқушы Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебі не?
ІІ - оқушы: Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады.
(Балалар суға тас лақтырып тұрған суретке қарайды).
Жауап: Толқын, жоғары, - төмен қозғалған су бөлшектерінің тербелісі.(Суретте су жағасында балалар бірі аяқпен, бірі көз мөлшерімен су тереңдігін өлшеп тұр).
Орманшы: Осы өлшеуде алшақтық бар ма?
Жауап: Әрине, көзбен мөлшерлеп қарағанда ауа – су шекарасында жырықтың сынуы салдарынан өлшеуде қателесу болады. (Суретте балалар жалаң аяқ су жағасында тастарды басып жүріп келеді).
І - оқушы: Балалар таспен жүргенде неге аяқтары ауырсынады?
ІІ - оқушы: Оны бәріміз де білеміз ғой, табанның таспен тиісу ауданы аз болғандықтан, табанға қысым көп түспейді ме?
Орманшы: Балалар мына үш сұраққа жауап беріңдерші!
а) өзендегі су жоғарыда жылы ма, әлде төменгі жағында жылы ма??
б) терең су ішінде адамды көтере аласың ба?
в) судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма?
Жауап: а) су төменгі қабатта суық себебі судың жылу өткізгіштігі нашар.
б) суда дамды көтеру оңай, Архимед күші көмектеседі.
в) терең суда тас ауыртпайды, тағы да көмекке Архимед күші келеді.
Орманшы: Ана балаларға қараңдар, судан шығып дірілдеп тұр, ал күн болса ып - ыстық, неге?
Жауап: Су теріден буланғанда, ішкі энергия азайып, температура төмендегендіктен, «құс еттеніп» тоңазиды.
Орманшы: Ал енді қайталық балалар, шатырға барып ауқаттанып, дем алыңдар! (Қайтады).
І - оқушы: УҺ әзер жеттік қой, шаршап кеттім, сенің рюкзагіңнің белбеуі неге жалпақ?
ІІ - оқушы: Соны да білмейсің бе? Жалпақ белбеу денеге қысымды азырақ түсірмей ме?
І - оқушы: Онда сен неге арқам ауырды деп отырсың?
ІІ - оқушы: Мен асығып нәрселерімді қалай болса солай нығыздап салып едім, ретсіз салынған заттардың қырлары арқама үлкен қысым түсіріп, ауыртып тастады емес пе? Қой онан да от жағайық!
І - оқушы: Сен неге қолыңа не түскен соны жинап жүрсің.
ІІ - оқушы: Е, отта, бәрі жана бермей ме, өзің неге тек құрғақ отын тердің?
І - оқушы: Құрғақ отын жылуды көп бөледі, дымқыл отын жанғанда оны жылытуға, ондағы суды кептіруге бөлініп кетеді де, жылу аз бөлінеді.
ІІ - оқушы: Досым – ау, сен не істеп тұрсың? Желге қарсы от жаққаның не?
І - оқушы: Ой сен де болмадың ғой, желің маған түк емес, мәселе оттың қалауында. Солай емес пе, балалар!
Жауап: Жел жақтан жалын отынға тез тиеді, қарсы соққан жел жалынды басқа бағытқа шалғытады.
Орманшы: Ох, оттың жанып жатқаның – ай! Шатырлап жатыр, түтін неге жоғары көтеріледі?
І - оқушы: Отынның жануы, одан судың булануы, түтіннің жоғары көтерілуі – бір ғана от жағуда не деген көп физикалық құбылыс, ә!
ІІ - оқушы: Жоқ, досым, бұл тек физикалық құбылыс қана емес, бұл химиялық құбылыс.
Оқушы: Ал, балалар, кімдікі дұрыс?
Жауап: Отынның шатырлап жануы су буы болғандықтан, су отын жанғанда қызғандықтан қысым артып, отынды жарып жібереді. Жану кезінде пайда болған ұсақ бөлшектер қызған ауа жеңіл болғандықтан соған ілесе жоғары көтеріледі – түтін дегеніміз осы. Отынның жануы – химиялық құбылыс болса, оның шатырлауы, түтіннің таралуы – физикалық құбылыс.
Орманшы: Балалар өздерің қызарып ыстықтай бастапсыңдар ғой, неге?
І - оқушы: Олар от қызуынан ыстықтайды. Жылу оларға сәуле шығару арқылы беріледі.
Орманшы: Ал, енді қайтарда отты қалай, өшіресіңдер, өрт шығып кетпесін!
І - оқушы: Сол да сөз болып па, топырақпен көме салмаймыз ба?
ІІ - оқушы: Мүмкін су құямыз. Сол сенімді ғой.
Орманшы: Ал, не істейміз?
Жауап: Су құйған дұрыс. Су отқа оттегінің келу процесін тоқтатады және булана отырып жылуды жұтады.
І - оқушы: Оттағы шәйнек « ызылдап» әндетіп тұр неге?
ІІ - оқушы: Ауа көпіршіктерінің су жылынғанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысы ызыл тудырады.
І - оқушы: Шәйнек қайнап кетті, қақпағы секіріп тұр неге?
ІІ - оқушы: Қайнау процесінде бу пайда болады да, оның қысымы қақпақты жоғары көтереді, бу сыртқа шыққанда қақпақ төмен түседі.
І - оқушы: Түу, шәйдің ыстығын – ай! Аузым күйіп қала жаздады, Қалай суытсам екен, үрлеу керек пе?
І - оқушы: Сорпа әлі даяр болмапты, келіңдер ойнайық.
І - оқушы: Ал енді, жұмбақ шешіп жарысайық!
1) Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп ойладым
Бір демде жер түбінен хабар алды. (Радио)
2) Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көмбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді. (Компас)
3) Туыстарын шетінен
Өбеді де бетінен,
Бала – шаға ұсағын
Бауырына қысады (Магнит)
4) Дауысы да ілеспес
Өзі ұшқан қарқынға
Созған шүйке іспеттес
Жолды қалады артында (Реактивті самолет)
5) Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып
Қаға берер таңдайды
Әдетінен таңбайды (Қабырға сағат)
6) Көкке қараған, жұлдыз санаған (Телескоп)
ІІ - оқушы: Сорпа даяр болды!
Нанды бері алыңдар! Мәссаған қатып, кеуіп қалыпты ғой, неге?
І - оқушы: Кебу процесі емес пе, нан ішіндегі саңылаулар арқылы ылғал буланып шығып кетті емес пе!
ІІ - оқушы: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймегенге сол жақсы, неге?
І - оқушы: Ағаш жылуды нашар өткізеді.
Орманшы: Балалар, ауқаттанып, әлденіп алдыңдар, енді қайтайық, әне күн де бұлттанып жарқылдап, күркірей бастады, жаңбырда қалмай үйге тез жетейік! Күннің жарқылы бұрын көрініп, дыбысы артынан естілетіні несі?
ІІ - оқушы: Ақсақал, найзағай дегеніміз жарық қой, жарық сәулесінің жылдамдығы 3000000 км/с, ал күннің күркіреуі дыбыс толқындарының таралуы, оның жылдамдығы 340 м/с. Сондықтан бірінші жарқылды көріп, артынан дыбысын естиміз.
Орманшы: Ой, пәле, міне білгіш! Физикадан алған білімдерің талай жұмбақ шешуін табуға көмектесті. Осылайша әрдайым білімдеріңді өмірді танып – білуге жұмсай біліңдер, талаптарыңа нұр жаусын, аман болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз, ата, сізге де көп рахмет. Мұғалімдерден тұратын әділ қазылар алқасы сабақты қорытындылап, қай топтың білімдар екенін хабарлады.
«Физика және табиғат» атты саяхат сабағы
- elmira.zhaksylykova.72
- 10 қаңтар 2016
- 3621
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Физика және табиғат, саяхат сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ағаш туралы мақал-мәтелдер
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай....Әліппемен қоштасу
Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс–әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділіктерін ашу;...Күз көрінісі (серуен)
Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік...Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!
Қостанай қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулсум Ермаганбетова...Жыл мезгілдері (оқушы шығармашылығы)
Ақтөбе қаласы № 32 мектеп – гимназия 2 сынып оқушысы Мұхашева Аружан Оспанқызы Мұғалімі: Қажығалиева Клара Жанұзаққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.