Сайтқа кіру Тіркелу

Қысым тарауы бойынша қайталау

Физика 7 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қысым тарауы бойынша қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру және белсенділігін, қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру.
2. Қысым тарауы бойынша алған білімдерін жетілдіру, оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту.
3. Ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, іздену, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. (топқа бөлу)
Қызығушылықты ояту (Физикалық лото ойыны дөңгелек карточкаларда жауаптар, төртбұрышты карточкаларда сұрақтар жазылған)
1. Жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шама.
2. Дененің қозғалысын сипаттайтын шама.
3. Денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама.
4. Дененің қозғалысын сипаттайтын шама.
5. Энергияның өзгерісі.
6. Дене қызуын сипаттайтын шама.
7. Физикалық дененің өлшемдеріне байланысты болатын шама.
8. Орын ауыстыруды сипаттайтын шама.
9. Дененің кеңістікте алатын орнымен анықталатын шама.
10. Әр уақытта өз әсер етіп тұрған бетке перпендикуляр бағытталған күш.
11. Энергияның берілу формасы.
12. Дененің бірлік көлеміндегі массасы.

ІІ. Негізгі бөлім
Бетке перпендикуляр әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасына тең шама қысым деп аталады.
Қысымды табу үшін бетке перпендикуляр әсер ететін күшті беттің ауданына бөлу керек:
Қысым=куш/аудан немесе P=F/S, мұндағы Р - қысым, Ғ - бетке әсер етуші күш, S - беттің ауданы.

Қысым бірлігі ретінде 1H күштің 1м2 бетке түсіретін қысымы алынады.
1 Па=1H/M^2 Гектопаскаль (гПа) және килопаскаль (кПа) деп аталатын қысым бірліктері
пайдаланылады.
Газдың қысымы ыдыс қабырғасына (оның ішіндегі денеге де) газ молекулаларының соқтығысуынан болады.
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгерізсіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Сұйықтың ішінде қысым бар және белгілі бір деңгейдегі қысым барлық бағытта бірдей болады. Қысым сұйық тереңдеген сайын арта түседі.
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тура пропорционал. Р=gpҺ.

Өзіндік жұмыс
1. Келесі құбылыстардың қайсысы Паскаль заңымен түсіндірілмейді:
а) Сабын көпіршігінің пішіні шар тәрізді болады; ә) пішіні әр түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған; б) футбол добы камерасының ішіне ауа үрлегенде, оның пішіні шар тәрізді болады.
2. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына.
3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді.
4. Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса, оның қысымы температура жоғарылағанда қалай өзгереді? Себебін түсіндір?
5. Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма, неге?
6. Гидравликалық машина құрылысының сызба - нұсқасын сыз. Осы машинаның іс - әрекетін Паскаль заңы негізінде түсіндір. Гидравликалық машина жұмыс істегенде, күштен ұтатынымызды дәлелде.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×