Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Кедергі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, оқушыларды пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Көрнекілігі: Үлестірмелі материалдар, слайдтық - презентация, электр тізбегі
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика, математика
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын, оқу құралдарын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлу. 1 - топ «Ток күші», 2 - топ «Кернеу»
Бүгінгі сабақта «Өсімдіктердің жұмбақ әлеміне» саяхат жасаймыз
II. Үй тапсырмасын тексеру. Бүгінгі сабақта апельсин мен лимонның алыс тумасы қалай аталатынын білуіміз керек. Ол үшін сөзтізбек шешеміз. Ортадағы торкөзде ол жемістің аты шығады.
1.
2. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
3. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
4.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
5. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
6.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
7. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
8. Атомның ортасында не бар?(ядро)
9. Денелердің электрленуін анықтайтын құрал(электроскоп)
Сонда торкөзде «Бергамот» сөзі шығады.
«Сұрақ - жауап» бөлімі
Екі топқа сұрақтар қойылады.
1 - топқа. Сұрақтарға дұрыс жауап берсек конвертте бергамоттың Отаны шығады
1. Ток күші дегеніміз не?
2. Ток күшінің формуласы
3. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
4. Ток күшін немен өлшейміз?
5. Амперметр тізбекке қалай қосылады?
6. Амперметрдің шартты белгісі қандай?
7. Электр тізбегі деген не?
8. Тізбектің неше түрі бар?
Жауап: Бергамоттың Отаны болып Оңтүстік – Шығыс Азия саналады.
2 - топқа. Сұрақтарға толық жауап берсеңдер конвертте бұл цитрус тұқымды өсімдіктің неліктен бергамот аталуы шығады.
1.
2. Ток жұмысы деген не?
3. Кернеу дегеніміз не?
4. Кернеудің формуласы
5. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
6. Кернеуді немен өлшейміз
7. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?
8. Вольтметрдің сызбадағы шартты белгісі
Жауап: Бергамот аталуы оны ең алғаш май ретінде өндіріп сатқан Италияның Бергамо қаласының атауына байланысты.
2. 1 - топ. Шартты белгілерін сызыңдар.(гальвани элементі, шам, амперметр, вольтметр, кілт, резистор, аккумулятор, сымдардың түйісуі)
2 - топ. Тізбек құрастырыңдар ( шам, ток көзі, амперметр, кілт, вольтметр. Вольтметрмен шамдағы кернеуді өлшеңдер)
Бергамоттың қолданылуы: Бергамот майы(Эфир майы) жемістің қабығы, жапырағы, гүлінен алынады. Бергамот майы сұйықтық. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар. Парфюмерияда, кулинарияда, медицинада ароматерапияда депрессия ауруына, ас қорытуды жақсартуға қолданылады. Оның қабығынан жасалған варенье Грецияда кең қолданылады.
3. Есеп шығару. Екі топқа есеп беріледі.
1. Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК - і неге тең?
2. Қыздыру шамы арқылы 0, 5 А ток өтеді. Шамның көлденең қимасы арқылы 4 секундта еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?
4. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу
1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
3. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін. (шам)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия)
III Жаңа материалды түсіндіру.
-1827ж Неміс физигі Г. Ом
Георг Симон Ом – неміс физигі. Ол 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің негізгі бағыты электр, оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп, 1827жылы электр тізбегінің негізі заңын ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді. Георг Ом 1854жылы 7 шілдеде қайтыс болды.
Пропорционалдық k коэффициенті өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді екендігін, бірқатар тәжірибелер нәтижесінде осы тәуелділікті ашып, k коэффициентінің орнына оған кері R = 1/ k шамасын алып, оны өткізгіш кедергісі деп атады.
Г. Омның құрметіне кедергі оммен (Ом ) өлшенеді.
1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойына 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
I= k U= U/R
Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі.
- Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.
Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады.
4. Сабақты бекіту
Есеп шығару.№18 - жаттығу
1. Өткізгіштен 0, 4 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?
Шешуі: I=U/R
R= U/I
R= 8B /0. 4A=20 Oм
Бер: I=0. 4A
U=8B
R=?
2. График бойынша өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Қандай кернеуде өткізгіштің бойынан 3А ток өтеді?
бер: U=8B
I=3A
R=?
U=?
Бергамот шайы туралы мағлұмат беріледі. Атақты бергамот шайы хош иісті Эрл Грей шайы қатарына жатады. Ол бергамот майын қосу арқылы алынады. Бергамот шайы адамды тыныштандыратын және антисептикалық қасиеттерге ие. Ол организмді түрлі вирустар мен микробтардан қорғайды. Сондай - ақ мидың қызметін жақсартады, есте сақтау қабілетін жақсартады
5. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар:
1. Ток күші қандай шамаларға тәуелді? (кернеу, кедергі)
2. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты? Қашан?
3. Кедергіні өзгерту үшін қолданылатын құрал қалай аталады? (реостат)
4. Реостаттың шартты белгісі қандай?
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Кедергі
- мадина73
- 9 мам 2014
- 32083
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, кедергі
Ұқсас жаңалықтар:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергіс
...Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тоқаева Загира Асқарқызы...Электр тогы тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Бримбетова Мадина Тыныштықбайқызы...Тұрақты электр тогы
Ш.Қ.О., Семей қаласы «Гуманитарлы- экономикалық колледж» мекемесі Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна...Электр ток көздері. Ом заңы
Қызылорда қаласы, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.