Сайтқа кіру Тіркелу

Люминесценция

ОҚО, Сарыағаш ауданы,
№31 Т. Бигелдинов орта мектебі
Темірбекова Гүлшат Дүйсенәліқызы

Сабақ тақырыбы: §6. 3, §6. 4. Люминесценция. Фотоэффект.
Сабақ мақсаты:
• Оқушыларға люминесценция, оның түрлері, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі туралы түсінік беру.
• Оқушыларды ¬өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
• Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
• Жылулық сәулелену деген не?
• Жылулық сәулеленудің негізгі қасиеттері қандай?
• Интегралдық энергетикалық жарқыраудың анықтамасын тұжырымда.
• Абсолют қара дене деген не?
• Стефан - Больцман заңын тұжырымдап, жазып беріңдер.
• Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің жиілікке тәуелділік графиктерін салыңдар.
• Винн заңын айтып беріңдер.
• Бір кванттың энергиясы неге тең?
• Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Люминесценция деп берілген температурада жылулық сәулелер шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе - тең емес сәулелерді айтады.
Люминесценция түрлері:
• Катодолюминесценция:
• Электролюминесценция;
• Хемилюминесценция;
• Фотолюминесценция;

Жарық шығару ұзақтығына қарай:
• Флуоресцеция;
• Фосфоресценция деп бөлінеді.
Стокс ережесі:
Люминесценциялық сәулеленудің толқын ұзындығы әрқашан оны тудырған жарық толқынының ұзындығынан артық болатынын тағайындады.
Фотоэффект дер түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А. Г. Столетов.
Г. Герц пен А. Г. Столетов тәжірибесі
Потенциометрдің көмегімен анод пен катодтың арасындағы кернеуді өзгерте отырып, фототоктың кернеуге тәуелділігін, яғни фотоэффектінің вольт - амперлік сипаттамасын алуға болады.
Фотоэффект заңдары:
1. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.
2. Қанығу фототок күші түскен жарықтың интенсивтігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.
3. Әрбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік бар.
Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі:
фотоэффектінің қызыл шекарасы.
Көп фотонды фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі:
ІV. Есептер шығару. №6. 4. 3, №6. 4. 4, №6. 4. 5.
V. Үйге тапсырма: §6. 3, §6. 4. Люминесценция. Фотоэффект. №6. 4. 1, №6. 4. 2.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×