Сайтқа кіру Тіркелу

Архимед күші

Тақырыбы: Архимед күші
Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші
Сабақтың мақсаты: Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын мысалдар арқылы түсіндіру. Архимед заңымен таныстыру. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, демонстрациялық, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тест, динамометр, штатив, су құйылған ыдыс, жүктер, формула жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы: I - ұйымдастыру кезеңі.
II - үй тапсырмасын тексеру.
1. Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
2. Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
3. Металл манометр қалай жұмыс істейді?
4. Су сорғысының құрылғысы қандай және ол қалай жұмыс істейді?
5. Допқа, велосипедке ауа толтыруға арналған қарапайым сорғының құрылғысы қандай?

III - тест карточкалармен жұмыс.
№1. 1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
а) күш ә) қысым б) масса в) уақыт
2. Атмосфералық қысым қандай шамаға тәуелді өзгереді?
а) жылдамдық ә) күш б) биіктік в) қысым
3. 760 мм сынап бағанасына тең шаманы атмосфералық қысымды паскальмен өрнекте.

№2 1. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы қандай
а) қысым ә) күш б) масса в) аудан
2. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралды ата
а) Барометр ә) динамометр б) монометр в) сорғы
3. Қатынас ыдысқа жататын ыдысты ата?
а) шелек ә) кесе б) шайнек в) тостақ
3. Ауырлық күші әрекет ететін сұйықтың қысымы ыдыс табанына тәуелді болмайды тек қана ол қандай шамаларға тәуелді болады.
а) күш пен уақыт ә) көлем мен жол б) биіктік пен тығыздық в) масса мен тығыздық
2. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап
а) динамометр ә) манометр б) барометр в) альтиметр
3. Тірекке немесе аспаға әрекет ететін күш?
а) ауырлық күші ә) үйкеліс күші б) серпімділік күші в) дененің салмағы

IV Жаңа сабақ
Сұйық тарапынан әрекет ететін күш қайдан пайда болады. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларын байланысты болатынын қарастырайық.
Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б. з. д. 287 - 212 ж. ж) есептеп шығарған. Архимед физик және математик. Иінтірек ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. Бұл жаңалықтың мән мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрсетеміз.
Динамометр ілгегіне қандай да бір ілейік те оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп атайық. Осыдан кейін денені толық суға батырамыз. Динамометр көрсетуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек, бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады?
Дененің үстіңгі жағын биіктігі h_1, cу бағаны F_1 күшпен, ал төменгі жағын h_2, су бағаны F_2 күшпен қысады. Мұндағы F_ы=F_2 - F_1.
Сонымен сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйыққа ығыстыратын күш әрекет етеді.
Енді биіктігі h табанының ауданы S болатын параллелипипед тәрізді денеге тығыздығы Р_с сұйық тарпынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін анықтайық. Алдымен дененің үстіңгі бөлігіне әсер ететін сұйықтың түсіретін қысым күшін есептейік.

Қызылорда қаласы,
Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің
физика пәні мұғалімі: Нұржанова Қ. Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×