Сайтқа кіру Тіркелу

Физика пәнін оқыту үрдісінде ұлттық ұғымдарды қалыптастыру және қолдану

Қазіргі күнде ұлттық білім беру жайлы көп айтылып жүр. Соның негізі ретінде ұлттық дүниетаным мәселелері қолға алынуда, Біздің негізгі мақсатымыз ұлттың болашағы болғандықтан, іске асаратын әрекеттеріміз де, білімнің ұлттық сипатын, рухани мазмұнын қамтамасыз етуіміз шарт. Ұлттық мәдени мұра, рухани қазына, елдің салт-дәстүрі, тілі мен ділі, ұлтымыздың рухани өмірін сақтап қана қоймай, оны байытып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи құндылықтарын, әсіресе сана-сезімін қазіргі адамзат өркениеті биігіне көтеруіміз керек. Десек те, өзінің төл мәдени байлықтарын меңгермеген жан әлемдік өркениетті де жарылқамасына да назар аударған жөн.Білім беру процесінің ұлттық моделін қалыптастырудың қазіргі әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасау қолға алынуы керек, төл оқулықтар жағдайы қарастырылуы тиіс.

Осы жерде тағы бір айта кететін жайт, осы күнгі алған білімдеріміз тез естен шығып қалады, ал ұлтымыздың салт-дәстүрі, өз ұлтының ерекшеліктері ,фольклоры ғылыммен ұштастырса мәңгі ұмытылмайды. Өйткені, олар ұлтымыздың өмір сүру қалпын түзеді. Сондықтанда, халықтық мұра , халықтық дәстүр – білім алудың әдіснамалық негізі болуы керек. Білім беру саласында жаңа оқыту құрылымын жасауда жоғары белсенділік, жаңа әдістер,инновациялық ұстаным жасау керек.
«Инновация»– латын тілінен аударғанда жаңарту, жаңалық, өзгерту – деген мағынаны береді. Бүгінгі күн талабы ретінде, физика пәнін оқыту процесін ұйымдастыруда білім беру, оқыту мазмұнының ұлттық идея, ұлттық құндылықтарымыз негізінде ашылуы уақыт ұттырмайтын мәселе. Ғылыммен байланыстырған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, үйрену, оны түгелдей қайталау емес, керісінше, оны қоғам мен уақыт сипатына қарай өркениетке табан тірейтін, ұлттық мәдениет, бүкіл білім мазмұнын құруға алып келеді деуге негіз бар.
Жалпы, қазіргі білім жүйесін жетілдіруде, дамудың ортақ деңгейіндегі ұғымдар мен ғылымдардың жиынтығы «өркениет» деген нәрсені дүниеге алып келгенін ескеру керек. Өркениет – оқыту әдістері арқылы біздің санамызда қалыптасқан ұғымдар жүйесі және олардың көрініс ретіндегі техникалық, технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық білімдеріміз бен біліктіліктеріміздің жинағы.
Аталған мәселерді шешу үшін білім беру жүйесінің барлық оқу орындарында физика пәнінің қыр-сырын үйрететін ұстарға кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында мақала ұсынылып отыр.Физика пәнінің мұғалімдері мынадай мақсат қоюымыз керек:
Халықтың ғасырлар бойы жинақталып ,іріктеп алған озық тәжірибесін физика ғылымымен байланыстыру мен заңдылықтарға арқа сүйене отырып түсіндіру мен дәлелдеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру
Жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтанатынан мағлұмат бере отырып, дені сау, ұлттық рухта тәрбиеленген, сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу
Ұлттық құндылықтар мен рухани-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеуде өз Отанының құндылықтарын және мұраларын танып жетік меңгеру,мақтану
Табиғаттану ғылымдарының ішінде ,өзгелерден гөрі,тезірек дамып келе жатқан,өмірде кеңінен қолданыс табатын физика пәні.Сондықтан да болар, бүгінгі таңдағы физика пәнін игеру ұлттық дәстүрмен сабақтастырылса физика ғылыми – техникалық прогрестің дамуына шешуші рөл атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналады.
Ұлттық таным-талғам арқылы физикалық ұғымдарды таныстыру және меңгеру үшін жаңа өміршең,мазмұнды, құнды, халықтың салт-дәстүрімен физика сабақтарын түрлі формада өткізуге тырысамын. Кейбір әдістерін ұсынып отырмын.
Мысалыға жыл мезгілдері туралы: физикалық шама уақытты үйрету барысында көшпелі қазақтар уақытты кеңістікке барынша кіріптар болуы бір жылды төрт маусымға бөлу(көктеу,жайлау,күздеу,қыстау) бөліп, әр маусымды үшке жіктеген. Мысалы «жаз тоқсан», «жел тоқсан», «қыс тоқсан», «күз тоқсан» деп атаған. Бес саусақты әр түрлі есептеулерге пайдаланған. Мәселен әр саусақты буын саны үштен, төрт саусақ жылдың мезгіліне сәйкес келеді. Саусақтың салыстырмалы ұзындығы жыл мезгіліндей күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады.
«Балаң үйрек» - наурыз, көкек, мамыр (көктем);
«Ортан терек»- маусым, шілде, тамыз (жаз);
«Шылдыр шүмек» - қыркүйек, қазан қараша (күз);
«Кішкене бөбек» - желтоқсан, қантар, ақпан (қыс)
Наурызда ,қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі, «балаң үйрек» пен «шылдыр шүмек» ұзындығы теңеледі, қолдағы ең ұзын саусақ «ортан теректің» бірінші буыны маусым айын көрсетеді. 22 маусым – ең ұзақ күн – бірінші буына сәйкес келеді.
Қазақ тұрмыста уақыт өлшемінің экологиялық,әлеуметтік,шаруашылық түрлеріне жіктеген және сол шама мөлшерін кеңінен өз тұрмыс жағдайында пайдалана білген ,мысалы таң қыла берді, таң сібірледі, таң білінді, таң шеті сөгіле,таң рауандағанда, күн іргеге түсті,таң сәрі, таң атты, жер жарықтанды,жер қыза,шалшық түс, сәске, күн төбеге жеткенде, түс ауа, күн еңкейе ,ымырт жабыла ,ел орынға отырғанда, намаз шам, жұлдыз сөне.
Бізді айналадағы табиғатқа тән құбылыстардың бәрі үнемі қанағаттанып отыратын маусым жағдайлар қазақ халқы осы жағдайларға байланысты уақыт мерзімін зерттеп, білім алуға ұмтылған.Уақыттың әр түрлі бөліктерін өлшейтін өлшемнің бірліктері болу керек. Мұндағы уақыт бірлігін өз әдет-ғұрпына байланысты былай атаған:
Шаруашылық уақыт өлшемдері: жазғытұрым, көк қылғия, жайлауға шығарда, сүмбіле туарда,бие байлағанда, қозы күземде,шөп буыны қата,соғым кезінде;
Әлеуметтік уақыт өлшемдері: түн ортасы, түн ортасы ауа,таңға жақын,таң ата,жылқы жайлауға кеткенде, бие байлап жатқанда, биенің бас сауылымында,
бие ағытарда, қозы бөлердің алдында, ел орынға отырғанда;
Салыстырмалы теория қолдана отырғандағы уақыт өлшемдері: тау басынан күн кете,көлеңке көлбей бере;
Тұрмыстық уақыт өлшемдері: шай қайнағанша, сүт пісірім уақыт, көз шырымын алғанша, ат терлегенше, ет асым уақыт, қойдың терісін сыдырғанша
Ескі өлшемдер жайында ұзындық - құлаш, қадам, буын, көз көрім, қарыс;
Аудан – тарыдай, табақтай; көлем – тарыдай, жұдырықтай, үйдей; салмақ – қанбақтай, зілдей, бураның санындай.
Киіз үйдің өзі тұнып тұрған физикалық өлшем ғой! Киіз үйдің негізгі материалы –киіз болып табылады. Киіз жүннен жасалады,жүн ылғал мен температура әсерінен ширайды да, көлемі кішірейіп, тығыздығы артады. Киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан осы киіз үй аптап шілдеде сая,ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза,салқын болуы конвекцияға байланысты.Конвекцияда жылы ауа тығыздығы кемігесін ауа салмағы жеңілдеп, жоғары көтеріледі,салқын ауа тығыздығы көп болғасын ауырлау болады да, жылы ауа орнын басады.
Әдетте киіз үйге ақ шаңқай киіз жабады. Ол неге ақ болуы керек?Ақ киіз өзіне түсетін әр түрлі сәулелердің барлығын шағылдырады, жылуды аз сіңіреді,бұл да жазда киіз үйдің салқын болуының әсерін тигізеді. Қатты денелерде деформацияның түрлерін қарастырғанда киіз үйдің сүйегін (уық,кереге,шаңырақ,күлдіреуіш) иілу,бұралу, созылу,ығысу деформацияларына ұшыратады.Үй ағаштарын суға салып (диффузия процессі жүреді) ылғалдандырғанда түрлі бейнеге иіп, морға төсеп ,балқытқаннан кейін тезге төсеп, керекті қалыпқа кептіреді. Киіз үйдің төбесінде жаңбыр тамшылары іркілмеуі үшін 45 0 шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш орнатады. Киіз үйдің орнықтылығы (массалар центрі төмен орналасуы) барынша жетілдірген, барлық тепе-теңдік шартына жауап береді. Киіз үйдің тіреу беті (ауданы) өте үлкен, екіншіден, ауырлық центрінен жүргізілген тік сызықтың ұзындығы тіреу,бетінің радиусынан әлдеқайда кіші.
Біздің бабаларымыздың әрі әдемі,әрі жылы,әрі жүріс-тұрысқа қолайлы киінуге ақылы жеткен. Киімдерді тігуге ақ түсті мата,мал терісі ,құстың,қой,түйенің жүні сияқты табиғи материалдарды қолданған,ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін қоспалары жоқ.Мысалы,түлкішек,қасқыр тон т.б. сыртқы жүн киімдерді тіккенде теріні жүнімен ішке қаратып тігеді.Оны былай түсіндіреміз – адам денесінің жылуы жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады. Шалбар –мал терісінен тігілген берік және жел өткізбейтін жылы болады, балақтарын жеңдердің беріктік шегін арттыруға шүберекпен арнайы әдіптейді Беріктік мәніне жеткен кезде ғана мата жыртылады.
Етіктің аяққа ыңғайлылығы (заттың серпінділік қасиеті, бұл жерде жүргенде артық күш жұмсалуға сеп) және беріктігін (мех.қасиеттері) көздейтін пішіні.
Байпақ – сабала біріктірген жүннен жасалады. Жүнді қандай сабаласа да оның талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Киіз жеке талшықтардан тұрғандықтан оңай деформацияланып, адамның аяғының қалпына түседі, яғни аяққа түсер қысымды азайтады.
Белбеудің, ол кездегі қазақтар ер азаматы аттың үстінде көп уақыт өткізгендігіне байланысты, бел омыртқаға бекіткіш мәні ескеріледі және оның беріктігі сол мәніне сәйкес болуы керек.
Қалтасында от шығаратын шақпақ тас – үйкеліс құбылысы арқылы дененің ішкі энергиясын арттырып от шығарады.
Әйел киіміне мысал: Жаулық, кимешек, сулама, күндік болады.
Жаулық екі бөліктен тұрады: астыңғы тікелей басқа киілетін бөлігі –кимешек, екіншісі үстіңгі –салма пішінде. Екеуі де ақ матадан тігіледі. Ақ матаның жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары. Халық уақытының көбін ашық аспан астында өткізеді. Күннің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарында нашар жұтылатындығынан адам ағзасына елеулі әсер етеді, мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қауіпті. Ал ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын, арқасын, кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің магнит, электр өрістерінің, жылу алмасуының зиянды әсерінен қорғайды.
Бас киімдер (тақия, бөрік, сәукеле, тымық) шошақ болады және үнемі киіледі. Адамның төбесімен бас киімнің арасында ауа жиналады. Ауа –жылу изоляторы да метеоқорғаныс ролін атқарады.
Жалпақ жиекті бас киімдердің жиектері адам көзін, бетін күн сәулесін тура түсуінен қорғайды.
Әшекейлерді зергерлер жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер етіп агрегаттық күйлерін өзгертеді, ығысу иілу, бұрау деформацияларына ұшыратады.
Әшекейлер күмістен, асыл тастардан жасап аса зиянды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелеріне қарсы шағылту қызметін атқарады.
Музыкалық аспап – домбыра туралы. Қалай қазақтың домбырасын айтпаймыз!
Домбыра – әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдарымен түсіндірілетін акустикалық аспап. Ішек өз тербелісінің энергиясының болымсыз ғана бөлігін дыбыс толқындары түрінде шығарады. Аспаптың күшті дыбыс шығаруын былайша түсіндіреміз – ішек өз тербелістерінің энергиясын аспаптың корпусына және ондағы ауаға беріледі. Сөйтіп, еріксіз тербеліс тудырады. Бұл кезде корпус пен корпустағы ауа резонансқа түседі де, ішектің шығарған дыбысына қарағанда күшті дыбыс шығарады.
Бесікте еріксіз тербеліс жасайды, яғни біз күшпен әсер етеміз. Қоржынды да Ньютонның ІІІ заңы бойынша түсіндіреміз. Иыққа түсірілетін күш теңгерілу керек.
Қамшыны иленген теріден қиып өреді. Өрілу қамшының беріктігін арттырады.
Аттың ерінің астын жалпақ қылатын себебі – аттың арқасына аз қысым түсіру. Ердің астына киіз салады, сол кезде үйкеліс күші азаяды. Ердің екі жағындағы үзеңгі адамның салмағын екі жаққа теңгеруге ыңғайлы.
Сандық көшіп –қонуға, түйеге артуға өте ыңғайлы зат. Сандық заттарды жарықтың химиялық әсерінен қорғайды.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы, мысалы, алтыбақан, аударыспақ, арқан тарту ойындары.
Арқан тарту ойынын Ньютонның ІІІ заңы бойынша түсіндіреміз: Өзара әсерлесуші денелердің бір –біріне әсер ететін күштері бір түзудің бойымен бағытталады да, модульдері жағынан тең, ал бағыттары қарама –қарсы болады.
Асық ату ойнында дәлдік талап етіледі. Сақа қорғасын құю арқылы массасы артылып жасалады. Мұндай сақаның шік жағына құйылған қорғасын жер бетімен оңай сырғанауға және соққыны дәл қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнда денелердің өзара әсерлесуі, күш, масса, импульстің сақталу жаңы, энергияның сақталу заңы, екі дененің соқтығысуы сияқты физикалық құбылыстар бар.
Алтыбақан математикалық маятникке ұқсас модель болады. Мұнда амплитуда, жиілік, период, масса туралы ұғым қалыптасады. Тербелісі –еріксіз.
Аударыспақ. Екі адам күреседі. Ол кезде бір –біріне күшпен әсер етеді. Күш деп бір –біріне денелердің өзара әсерлесуінің механикалық өлшемін білдіретін шаманы айтады. Бұл кезде дененің массасы да үлкен роль атқарады.
Қорытындылай келгенде, мұндай көзқарастың қалыптасуы патриоттық сезімі жоғары, өркениетке табан тірейтін ,ұлттық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиеленуіне алып келеді деуге әбден болады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Физика, пәнін, оқыту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×