Мақсаты: Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
1.Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.
2.Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
3.Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.
4.Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
5.Үш деген сан киелі ғой қазақта,
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа!
Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
әр сөзінен дананың терген ілім.
Симметрия ұғымын пайдаланып,
Ою - өрнек бұйымына сызғызған.
Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,
Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.
6.Суреттерге зер салып,
Сұрақтарға зейін қоя қараңдар.
Бар суретке тереңірек мән беріп,
Білімділер ой толғайды жарандар.
(ой толғау)
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Үңгіртас орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Азат Сейылқан
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
- seyl
- 24 қараша 2022
- 50940
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Математика, физика, информатика
Ұқсас жаңалықтар:
«Көкпар» физикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой - өрістерін, білімдерін кеңейту, ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, өз ойын ашық жеткізе...Алыстан қызыл көрінсе
Алыстан қызыл көрінсе, Манат емей немене. Көтеріліп ұшқан соң, Қанат емей немене. Екі жақсы бас қосса, Санат емей немене....Ғажайып МИФ кафесі
Мақсаты: математика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру; өтілген тақырыптарды қайталау; творчестволық белсенділігін арттыру....«Ғалым болам десеңіз...»
«Ғалым болам десеңіз...» Оқушылардың математик - ғалымдар (Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков, Мұхтарбай Өтелбаев, Асқар Жұмаділдаев) өмірін, еңбектерін...Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.