Өзін – өзі тану пәнінен онлайн сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»
Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.
Сабақтың мақсаты:
1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд
Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат – анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Топқа бөлу: Оқушыларға
Суретшілер, ақындар, әншілер
1. Кел ойланайық, пікірлесейік
«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру
2. Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.
3. Мәтінмен жұмыс: әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.
«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша
- Мазмұндау
- Сұрақ – жауап
4. Дәйек сөз: сөздің мағынасын ашу
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)
Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал - мәтелдер білесіңдер?
Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд
5. Дәптермен жұмыс:
Ребус шешу. Өнерлі бала сүйкімді
6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп........ (алды)
Асықпай, Мұрат...........(суретті) салды.
Столға жайып.......(қағазды) аппақ
.......(Сарымен) сұлу жасады бақ - бақ
Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
3. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Әншілер тобына – Жұмбақ шешу
1. Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)
Қортынды: Жүректен жүрекке
Тілек ағашына тілектер жазу
Бір - бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы тілектерімізді білдірейік!
Біліммен, өнермен алға самғаңдар – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
"Өнерлі бала сүйкімді" онлайн сабақ
- Асем Булановна
- 7 сәуір 2015
- 22049
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өнерлі бала сүйкімді онлайн сабақ, өзін өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Өнерлі бала сүйкімді
Сабақтың мақсаты: 1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. 2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру....Оқуға құштарлық
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ Биология және өзін - өзі тану пәні мұғалімі Турашева Шырай Сакеновна...Балалар әлемі- ғажап әлем (ата -ана сағаты)
Қаратөбе ауданы Қаратөбе балалар саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі: Ақкерей Ләйлі Тельманқызы..."Балалар әлемі - ғажап әлем" ата- ана сағаты
Тақырыбы: «Балалар әлемі - ғажап әлем» Мақсаты: 1. Ата - аналарға саз мектебі туралы, ондағы оқитын оқушылар туралы мағлұмат беру арқылы музыка...Өнер жастан шығады
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.