Сайтқа кіру Тіркелу

Жүрек жылуы

Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
• Қамқорлық жасауға жетелеу;
• Мейірімділікке тәрбиелеу
Әдістер: әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, түсіндіру
Көрнекі құралдар: компьютер, плакаттар, бояу, шар, жүрекшелер, дәптер, оқулық, тауық балапандардың суреті.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
- балалар, бәріміз тұрып бір - бірімізбен күлімсіреп, бүгінгі күніміз көңілді әрі жақсы аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік
Амансыз ба, Алтын күн,
Амансыз ба, Көк аспан!
Амансыз ба, ағайын!
Сіздерді көрсем қуанам.
- Балалар бүгін біз сендермен «Жүрек жылуы» жайлы әңгіме қозғаймыз
- Жүрек дегеніміз не? / адамның дене мүшесінің қажетті бір бөлігі /
- Жылу дегеніміз не?
- Тамаша. Ал, енді мен сендерді ыңғайлы отыруға шақырамын.
Тыныштық сәті: Әуен ойналады, мұғалім өлең оқиды. Ж. Әділжанқызы
Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Әңгімелесейік
• Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
• Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
• Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс
Біздің тақырыбымызға байланысты В. Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесі берілген екен. Оқушылар тізбекпен оқиды.

Жай ғана әжей
• Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
• Бұл оқиғадан не үйрендің?
• Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасыңдар?
Дәйексөз/Тақтада жазылады/
«Табиғаттағы барлық жылу - күннен
Өмірдегі барлық жылу - адамнан»
М. Пришвин
- Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын - туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір - біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытты өмір сүреді.
Тапсырма
Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Ойын - жаттығу. «Көмек»
• Сен досыңмен көлге шомылуға бардың Кенет досыңның «құтқар» деген даусын естідің? Сен не істер едің?
• Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ - шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?
• Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?
• Достарыңа қандай жақсы тілектер айтар едіңіз?
Жағдаяттарды талдау
Назарымызды компьютерге аударамыз. Әртүрлі жағдаяттар көріп тұрмыз. Ойласып, жағдаяттарды шешуіміз керек.
1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің…
1. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ…
2. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті…
Сергіту сәті «Мейірімді жүрек» жүректі жұбату.
Жүректі қуанту
1 - 2 - 3 - 4 - 5
Күн шығады күлімдеп
Күн сәулесі төгілді
Балалар жүр көңілді.
6 - 7 - 8 - 9 - 10
Күн қарайды бізге оң
Біз ержеттік еркелеп,
Мектепке келдік еркелеп.

Жаңа ақпарат
Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарыңа, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Ойланайық, пікірлесейік
• Жақсы көретін жан - жануарларың бар ма?
• Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Тыныштық сәті
• Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!
• Ақылшы мұғалім өлеңін топпен орындайды.
Ақылшы мұғалім
Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшы - мұғалім.

Тілінді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшы мұғалім

Арқанда өзіңнің,
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшы – мұғалім.

- Ал қазір дәптеріміздің 28 бетің ашайық.
Дәптермен жұмыс
• Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазыңдар.
Тренинг.
А4 қағазға үлкен етіп жүрек саламыз, сол жүректің ішіне гүлдің суретін саламыз сол гүлдің ішіне үйдегі адамдардың есімін жазамыз.
Оқып үйренейік
Қайырымдылық
М. Сүндетов

- Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
- Сендердің қайырымды іс - әрекеттер жасаған кездерің болды ма?
- Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Бекіту сәті
Оқушылар шеңбер құрып, жүрекшелерің бір - біріне беріп өз жүректеріне рахмет айтады
• Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
• Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
• Менің жылы жүрегіме рахмет!
• Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
• Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
• Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
• Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
• Менің жан - жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
• Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
• Мен әрқашан қайырымды боламын!
• Мейірімділігім менің - асыл қасиетім!
• Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!
Жүректен жүрекке
Дос болайық бәріміз!
Тапсырма.
Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, қарт кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.
Тал майысып, сынғалы тұр. Оған жақсылық жасау үшін, сынайын деп тұрған бұтағын матап, су құйып, күту керек.
Мысыққа сүт беріп, тамақтандыру, мейіріміңді көрсету арқылы жақсылық жасауға болады.
Қарт кісіге құрмет көрсету, ауыр сөмкелерін көтерісу, сыйлау арқылы жақсылық, қайырымдылық көрсете аламыз.
Сырқат жанды емдеп, жақын туыстары, достары барып қал - жағдайын біліп көңіл бөліп, назар аударса, қасында анасы болса емі тезірек қонады. Көмектесу керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×