Пәні: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Обал мен сауап
Құндылық: «Ақиқат», «Қиянат жасамау»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.
Сабақ мақсаты: Мейірімділік адамгершілік құндылығы туралы түсінік кеңейту.
Міндеттері:
- обал мен сауап туралы түсінік беру.
- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру.
- мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Ресурстар құралдар
суреттер
Сабақтың
көрнекі құралдары:
тақырыпқа арналған
суреттері, оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар ыңғайланып отырады; Жайлы әуен тыңдайды; Қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қояды; Аяқтарын айқастырмайды; Арқаларын тік ұстайды;
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» Жер бетінде барлық жылылық күннен тарайды. Сіздің жүрегіңізден шыққан күн жылуындай нұр сәулесі алдымен Сіздің екі қолыңызға жетті, қолыңыз тек қана жақсы заттарды, әдемі, жұмсақ, нәзік заттарды ұстады, нұр сәулесі Сіздің екі аяғыңызға да жетті, Сіз аяғыңызбен тек жанға жайлы, әсем жерлермен жүріп келесіз. Нұр сәулесі Сіздің он бойыңызбен аузыңызға келді. Сіз тек қана жақсы сөздер мен жақсы тілектерді айтып келесіз. Нұр сәулесі Сіздің құлағыңызға келді. Сіз тек жақсы жаңалықтар естіп тұрсыз, құлағыңыздан шығып, көзіңізге жетті. Көзіңізбен тек жақсылықты, бақытты өмірді көрді. нұр сәулесі Сіздің барлық жүйке жүйеңізге қуат берді де, Сіздің отбасыңызға барып, осы сыныпқа еніп, Құлсары ауылын шарлап, тіпті егемен еліміздің түкпір - түкпіріне жетті. Барлық өткен жерлеріне жақсылық, қуаныш сыйлай отырып, өз жүрегіңізге қайтадан орнықты. Сіздің жүрегіңіз тек Жақсылық пен жылылыққа толы еді. Үй тапсырмасын
тексеру
3. Дәйексөз: « Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің»
- Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің деген халық даналығында үлкен мән бар. Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады»деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. Сауабын аласың»дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейді. «Сауабын аласың»дегеннің өзі, бұл – жақсы іс істегенің жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді. Дәйек сөздің мағынасын
түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу
4 Әңгімелесу.
Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
• Обал болады, сауап болады деген сөздер қандай жағдайда айтылады?
• Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
- Обал мен сауап мағынасы жағынан бір - біріне ұқсас болған ұғымдар. Обал – жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді.
Сауап – адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқор болу, жақсы іс істеу, дегенді білдіреді.
Мәтінмен жұмыс «Обал деген не?»
• Нан дастарханға қалай еңбекпен келеді?
• Нанды жерге тастауға болмайды?
• Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?
5. Мұғалім сыйы
Шыр - шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп - кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Әңгімелесу.
Сұрақ - жауап
Мәтінді оқып беріп түсіндіру.
Обал мен сауап туралы әңгімелеу
Мұғалім сыйына
Торғай өлеңді оқып беру
6. Шығармашылық жұмыс. Ойын жаттығу
«Обал мен сауап»
Мысалы: Көк шөпті жұлма, обал болады.
Құмырсқаның илеуін таптама, обал болады.
Қарияның жүгін көтеріс, сауап болады
Торға түскен құсты босат, сауап болады
Сүтті төкпе, обал болады.
Ұяны бұзба, обал болады Топпен ойын ойнау
7. Топпен ән айту А. Естеновтің « Көк алма»
Жас түйнек көк алма
Түсіп қапты көгалға
Көктей жұлған оларды
Сотқар бала оңар ма?
Сауап пен обал да
Көкейіне қонар ма?
Мәуе берер, ал, күзде
Қайдаға алма оралға?
Соны неге білмейді,
Құлағына ілмейді
Күтіп – баптап неге ертең
Тәтті алма жеп жүрмейді.
Ән салу
8. Үй тапсырмасы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру Суретке қарап әңгіме
жазу
9. Соңғы тыныштық. Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау
Обал мен сауап
- Алтын Ысқаққызы
- 17 наурыз 2015
- 12498
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Обал мен сауап жайлы түсінік беру, өзін өзі тану сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Ұқыпты бала - әдепті бала
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Шаңырақ жарастығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Текті білу тегін емес
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Обал мен сауап
Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Жайнағалам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.