Сайтқа кіру Тіркелу

Еңбекқорлық пен еріншектік

Пәні: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: «Еңбекқорлық пен еріншектік»
Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, адал еңбек, өз - өзін сенімділік, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру.
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру.
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстар
арналған суреттері,
оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.- Рахмет. Үй тапсырмасын
тексеру
Сәлемдесу
3. Дәйексөз: Еріншектік, жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады, жолын болдырмайды. Нәтижесінде көңілің де, қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек - қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап» - деп айтқан болатын.

Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу

Әңгімелесу.
* Еңбектену адамға не үшін қажет?
* Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
* Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
Мәтінмен жұмыс. «Еңбексүйгіш пен Еріншек»
* Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекетін салыстыр.
* «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер
* Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.
- Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.
Мұғалім сыйы
Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: - Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып - қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: - Ал сен не айтасың,- депті.
Екіншісі айтыпты: - Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
- Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: - Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

- Мәтінді оқып беріп түсіндіру.
Сұрақтарға жауап береді
Мұғалім сыйы

6. Шығармашылық жұмыс
«Еңбек пен бақыт – егіз» тақырыбында шығарма жазу.
Тапсырма екі өлеңді салыстырып қорытынды шығару.
Ұмытшақ па әлде еріншек пе?
Үйдегі қоқыс шелегі Самауыр қояр су таппай,
Төгілмей үш күн тұр күтіп, Анасы жүрсе абдырап
Ұмытып Ұмсын келеді. Қысылмай, соған міз бақпай,
«Ертең!»- деп күнде сырғытып. Жүр, әне, Ұмсын ал бірақ.
Алынбай қалып шайға нан,
Дүкенге тарты тәтесі.
Ұмсын қыз қайда ойланған.
Мойындап өз қатесін
Үлкен әже мақалдап мүмкін бүй дер.
« Еріншекке есік пен төр.. Бір күндік жер».
Менің оған нем кетті.
Отын жардым балталап, Менің оған нем кетті
Құлаштадым, шалқалап. Көргенім жоқ мен кейіп
Маңдайымды терлеттім. Еден жудым еңкейіп
Менің оған нем кетті. Қолтығымды терлеттім..
Шығармашылық жұмыс
7. Топпен ән айту. Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай. Әнді топпен орындау

8. Үй тапсырмасы. Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер»
Дәптермен жұмыс. Кестені толтыру. Мақалды жазу
9. Соңғы тыныштық. Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау. - Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық - еріншектік. Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық,- деген екен.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×