«Өзін - өзі тану» еліне саяхат
( І мектепішілік 7 - 9 сынып оқушыларына арналған сайыс)
Мақсаты: - Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқушылардың өзін - өзі тануда және өзін - өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін, оқу іскерліктерін дамыту,
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыру;
(Сахнада С. Алпысқызына арналған «Золотое сердце» бейнебаяны ойналып тұрады және Данабек атты ойын баласы компьютерден ойын ойнап отырады)
Оқушы қыз (Арай)
- Данабек, сен әлі интернетте отырсың ба?
Данабек:
- Иә, интернетте отырмын.
Оқушы қыз (Арай):
- Уақытты босқа өткізгенше неге кітап оқымайсың?
Данабек:
- Өзім білемін! Мазамды алмашы...
Оқушы қыз (Арай):
- Кітапта бүкіл қызықты мәліметтер бар, көп нәрсе үйренесің!
Данабек:
- Мен оны интернеттен де оқи аламын.
Оқушы қыз (Арай):
- Менің қолымдағы өзін - өзі тану кітабын оқышы, саған берер ілімі көп
Данабек:
- Арай! Қойшы, болды! Мен интернетте отырмын!
(Осы кезде Кітап ханзадасы келеді)
Кітап ханзадасы:
- Ау, балалар мұнда не шу болып жатыр? Неге ұрысып жатырсыңдар? Мен – Кітап ханзадасымын! Маған кедергі жасадыңдар ғой. Мен кітапханада әр кітапқа өздерінің міндеттерін түсіндіріп, жиналыс жасап жатыр едім. Кедергі жасадыңдар ғой? Бұларың не?
Оқушы қыз (Арай):
- Мына Данабек интернеттен бас алмайды. Кітап оқы деп едім, тыңдамады!
Кітап ханзадасы:
- Әй, балам, сен неге кітап оқымайсың? Кітап деген киелі зат қой... оның адамзатқа берері мол!
Данабек:
- Тууу... неге барлығың маған тиісе бересіңдер? Мен интернеттен қызықты жаңалықтар, видеолар көріп отырмын.
Кітап ханзадасы:
- Сен кітап оқысаң керемет, білімді азамат боласың! Мына ұлағатты ұстаздар, ұлы ғалымдар, ақындар осы кітаптан білім алып, сусындады емес пе? Менде өзін - өзі тану деген керемет кітап бар. Осыны оқышы.
Данабек:
- Кітаптан іздеген мәліметті парақтап уақытты алғанша, интернеттен іздеген тіпті оңай.
Кітап ханзадасы:
- Былай келісейік! Маған кішкене уақытыңды бөлші. Мен сені кітаптар еліне апарайын!
Данабек:
- Жоқ...
Кітап ханзадасы:
- Осы компьютерді қолдануды, интернетті пайдалануды осы бізден, кітаптан үйрендің емес пе?! Қане, кішкене уақытыңды бөліп, жүре ғой...
Данабек:
- (Сағатына қарайды да) Жарайды! Аз ғана уақытым бар! Барсам барайын!
Оқушы қыз (Арай):
- Мен онда кітапханаға барып, сабағыма дайындала берейін!
(Екеуі саяхатқа шығады. Алдарынан «Өзін - өзі тану» кітабының мүсінін кезіктіреді)
Данабек:
- Мына мүсін не мүсін?
Кітап ханзадасы:
- Бұл деген ең қызықты, керемет кітап – өзін - өз тану. Өзі туралы менен гөрі өзі айтып берсін! (Кітапты сиқырлы таяқшасымен толық сиқырлайды )
Өзін – өзі тану:
- Мен - Өзін - өзі тану деген кітаппын. Мен сендерге Отан алдындағы борышыңды өтеуге, дарының мен қабілетіңді дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесемін. Мен адамдарды сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеймін.
Данабек:
- Ааааа... Кітап ханзадасы айтқан кітап сіз екенсіз ғой!
Өзін – өзі тану:
- Иә, менмін! Бізбен бірге әрі қарай саяхатқа шығуға қалай қарайсың?
Данабек:
- Жарайды, мақұл!
(Үшеуі саяхатқа шығады. Ортаға саққұлақ шығады)
Саққұлақ:
- Балалар, мен жағымды дыбыс естіп жатырмын. Сендерге естіліп жатқан жоқ па?
(балалар «жоқ» деп жауап береді)
Саққұлақ:
- Енді оң құлағыммен тыңдап көрейінші... о - о - о - о... мына дауыс кітап ханзадасы мен өзін - өзі тану кітабының даусы ғой. Мен бұларды тауып алайын!
(Төртеуі кездеседі)
Саққұлақ:
- Армысың, Кітап ханзадасы! Сізге алғысым шексіз. Себебі, сіз бізге өзін - өзі тану кітабын сыйладыңыз! Өзін – өзі тану кітабы сізге де рахмет! Сіз бізге көптеген адамгершілік қасиетті үйреттіңіз. Сізге басымды иемін!
Өзін – өзі тану:
- Рахмет!
Саққұлақ:
- Менде сіздермен бірге саяхатқа шықсам бола ма?
(осы кезде ортада Дымбілмес жүреді.)
Кітап ханзадасы:
- Біздің бір шартымыз бар! Біздің қойған сұрағымызға жауап берсең, сені өзімізбен бірге алып кетеміз.
Өзін – өзі тану:
- Менің қояр сұрағым: бірлік, ынтымақ дегеніміз не?
(Саққұлақ сұрақтың жауабын білмей Дымбілместі шақырады. )
Саққұлақ:
- Балақай бері келші!
Дымбілмес:
- Мен бе?
Саққұлақ:
- Атың кім?
Дымбілмес:
- Дымбілмес
Саққұлақ:
- Менің атым – Саққұлақ. Маған сенің көмегің керек болып тұр! «Бірлік», «ынтымақ» дегеніміз не? Көмектесіп жіберші...
Дымбілмес:
- Мен бе? ( Дымбілмес сәл ойланады да, балалардан сұрайды) Балалар, менің досыма көмектесіңдерші... «Бірлік», «ынтымақ» дегеніміз не?
( Дымбілмеске балалар жауап береді, ол жауабын Саққұлаққа айтады. Саққұлақ Өзін - өзі тану кітабына айтады.)
Өзін - өзі тану:
- Жарайсың! Дұрыс жауап бердің! Қане, бізбен бірге жүре ғой!
( сөйтіп төртеуі саяхаттауға бара жатқанда, ортаға Мақта қыз бен мысық ұрысып шығады)
Данабек:
- Кітап ханзадасы, мыналар кім? Қастарына барып білейікші! (барып мысықты сипалайды) Сендер кімсіңдер?
Мысық:
- Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан!
Мақта қыз
- Мен, Мақта қыз, үйді тазаладым,
Мына мысық қайта – қайта мазаны алды.
Қатық төкті еңбекті қадірлемей,
Құйрығын сол себепті жұлып алып жазаладым!
Мысық:
- Қатығыңды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен,
Құйрығымды қайтаршы...
Мақта қыз
- Бізде сіздермен саяхатқа барайықшы...
Өзін - өзі тану:
- Жүріңдер! Бірақ сендерге айтар ақылым: Мақта қыз, сен құйрығын қайтар! Кешірімді, кішіпейіл бол!
Ал, сен, үлпілдеген мысығым, сен еңбекті қадірле! Ақты төкпе!
( сөйтіп барлығы саяхатқа аттанып бара жатқанда, Дымбілмес былай дейді:)
Дымбілмес:
- Тоқтай тұрыңдаршы! Мына балалар кімдер?
Кітап ханзадасы:
- Бұл балалар – алтын балалар! Бұлар өзін - өзі тану пәнін жетік меңгерген, білімді балалар!
Дымбілмес:
- Шынымен бе? Мүмкін емес, ондай балалар да бар ма? Мен сенбеймін!
Өзін - өзі тану:
- Сенбесең өзің сынап көр!
Дымбілмес:
- Балалар, онда мен сендерді сынап көрейін! Мен қазір экранға 5 тақырып шығарамын. Соның ішінен
қалаған 1 тақырыпқа эссе жазып беріңдер! Сендерге 20 минут беремін! Мен Дымбілмес болғаныммен менің ақылды көмекшілерім бар! Сендермен таныстырайын: 1) Ажарлы, ақылды – Анар апай!; 2) қылықты Қырмызы апай!; 3) дарынды Данышпан ағайларың! Ал, бастаңдар іске сәт!
( экранда 5 тақырып көрсетіледі және М. Шахановтың «Төрт Ана» өлеңі тыңдалады)
Кітап ханзадасы:
- мына сүп - сүйкімді балалар Дымбілместің тапсырмаларын орындап боламын дегенше, сендерді кітапханамен таныстырайын! Жүріңдер! ( Бәрі шығып кетеді)
Дымбілмес:
- Уақыт бітті балалар! Қанекей, жинап алайын! Ал, көмекшілерім сендерге сендім!
( Эсселерді әділқазы алқаларына апарып береді)
(Ортаға Данабек Кітап ханзадасы мен өзін - өзі тану кітабын ертіп шығады)
Данабек:
- Мен интернеттен ойын ойнайтын едім. Бұл елде ойын ойнатылады ма?
Кітап ханзадасы:
- Әрине! Өзін - өзі тану, осы сенің сабағыңда ойындар көп еді ғой. Мына балаға ойындарыңды ұсынсаңшы!
Өзін - өзі тану:
- олай болса мен ортаға көмекшілерімді шақырайын. Қарсы алыңыздар! Көптеген ойындар ғылымының докторлары: Ақниет пен Нұрсәт! Ду қол шапалақ!!!
(Ортада ойын ойнатылады.)
Дымбілмес:
- Ал, менің қымбатты көмекшілерім! Бұл сыннан сүрінбей өткен оқушылардың аттарын атаңыздаршы!
Тағы да бір сынға алайын!
(ІІ турға өтетін оқушылардың аты - жөндері аталады)
Дымбілмес:
- О - о - о - о... сендер мен ойлағаннан да білімді екенсіңдер ғой! Мен сендерге сонда сенбей тұрғанымды - ай...
сендерге соңғы рет тапсырма берейін! Қарсы емессіңдер ғой! Енді сендерге тест тапсырмаларын беремін! Тест тапсырмалары 20 сұрақтан тұрады. Берілетін уақыты 10 минут.
(оқушыларға тест тапсырмалары таратылып береді. тест тапсырмаларына байланысты экранда бейнеролик жүргізіледі және 10 минуттан кейін Дымбілмес жинап алып, әділқазылар алқасына тапсырады)
(ортаға Саққұлақ Өзін - өзі тануды ертіп шығады)
Саққұлақ:
- Өзін - өзі тану, мына жерден домбыраның үнін естіліп тұр. Сен естіп тұрсың ба?
Өзін - өзі тану:
- Жоқ!
(ортаға домбырашылар шығады)
Дәулет 6 - сынып оқушысы:
Өзін - өзі тану, біз сізге өз ризашылығымызды білдірейік деп келіп едік. Себебі сізден көптеген адамгершілік қасиеттерді үйрендік. Біздің шашуымызды қабыл алыңыз! (күй ойналады)
5 «а» сынып оқушылары Франковская оқуға шығады.
Кітап ханзадасы:
- Өзін – өзі тану, Өзін – өзі тану, Өзін – өзі тану! (айқайлап іздеп, ортаға шығады) Кітапханада мен сен туралы кітаптардан жағымды жаңалық естіп едім. Оқушыларды дарындылыққа тәрбиелейтін алтын ұя №249 мектеп - лицейдің оқушылары өзін - өзі тану пәнінен өткізілген І республикалық олимпиадаға қатысып, облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын иеленіпті дейді ғой. Сол рас па?
Өзін - өзі тану:
- Иә, ол рас! Осындай керемет оқушылармен сенімен таныстырайын.
- Нұрлыбай Динара, Өмірзақ Елнұр, Бержан Гөзәл, Амангелді Гүлбаршын, Құрманбай Абай, Әбдіғани Жансая, Бурабай Дамир (оқушылар шығады)
Кітап ханзадасы:
- о - о - о!!! Жарайсыңдар! Қаншама аудандар қатысты. Солардың ішінен дараланып, ІІ орын иегері атанғанда қандай сезімде болдыңыздар? (оқушылар сезімдерімен бөліседі.)
Өзін - өзі тану:
- Жарайсыңдар, балалар! Осындай жемістерің көп бола берсін! Биік шыңдардан көріне беріңіздер! Мынау менің алғысым. Қабыл алыңыздар! (оқушыларға сыйлық таратылады.)
(Данабек жүгіріп Күлзипа апай мен Күләш апайға барады)
Данабек:
- Күлімдеген Күлзипа апай және күндей жадыраған Күләш апай! Мен интернеттен таңқаларлық жаңалық оқып едім. Қасиетті Қазалы ауданынан, оның ішінде осы мектептен оқушысы осы Республикалық олимпиаданың ІІ турына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атаныпты. Сол рас па? Сол оқушы жайында айтып берсеңіздер! (Күлзипа апай мен Күләш апайға сөз беріледі) (Жансая марапатталады)
Дымбілмес:
- Ал, көмекшілерім! менің осы екі сынымнан да сүрінбей өткен оқушы бар ма? (ІІІ турға өтетін оқушылардың аты - жөндері аталады)
Дымбілмес:
- Өзін - өзі тану! Менің көзім жетті. Мына оқушылар шынымен білімді, дарынды оқушылар екен. Мен сөзімді қайтып алдым. Білімді достарым менің, сендерге бас иемін! Мені де өздеріңдей білімді азамат етіп шығарыңыздаршы!
(Ортаға Алдар көсе шығады)
Алдар көсе:
- Бұл не жиын? Менсіз бұл жерде не өткізіп жатырсыздар?
Данабек:
- Кітап ханзадасы мені саяхатқа алып шықты. Көптеген ертегі кейіпкерлерімен таныстым. Ал, Дымбілмес мына оқушыларды сынаққа алды.
Алдар көсе:
- Дымбілмес? Дымбілмес сынағанда маған неге сынамасқа? Менде оқушыларды сынағым келеді. Мен сендерге өзім жақсы көретін ертегі айтып беремін. Бірақ ұмытыңқырап тұрмын. Көмектессеңдер, бір риза болып қалар едім! Жаныма жақын ертегім еді... Ал, айтып берейін. Тыңдаңыздар!
(ертегінің басын айтады) Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні - түні тынбайтын еңбекқор болыпты.
- Ойбууууу... балаларым - ау, ұмытып қалдым - ау! Қап! Әттеген - ай, керемет ертегі еді! Балалар енді сендерден көмек керек сұрайын. Осы менің сендерге сынағым болсын. Қане, мына үшеуің бірігіп жалғасын тауып беріңіздер! Ал, сен үшеуіңде бірігіп ертегіні естеріңізге түсіріңіздер! Сахналап, қойылым қылып берсеңіздер бір марқайып қалар едім! Сендер естеріңе түсіремін дегенше 5 минут достарыммен шәй ішіп қайтайын! (ертегінің желісі өзін - өзі тану пәніне байланысты жақсы қасиеттермен сахналануы керек)
Алдар көсе:
- Ал, өнерлі өрендерім менің, дайынбыз ба? Қай топ маған бірінші көмектеседі екен?
(оқушылар ертегі өздері аяқтап, сахналайды)
Дымбілмес:
- Әй, Алдар көсе! Бұл оқушыларды ертелі бері сынап жатырмыз! Бұл оқушылар менің көмекшілеріме ұнап қалыпты. Сол оқушыларға алғысымызды білдірейік деп едік деп коймай жатыр. Сол оқушыларды құттықтауға рұқсат ет! Келесі саяхатқа келгенде сынарсың!
Алдар көсе:
- Әрине, әрине!
Дымбілмес:
- Олай болса, көмекшілерім, ортаға оқушыларды марапаттауға келіңіздер!
(оқушыларды марапаттау)
Данабек:
- Кітап ханзадасы! Маған саяхат ұнады. Бұл саяхаттан мен керемет әсер алдым. Сізге көп рахмет! Уақытта болып қалыпты, үйіме қайтайын. Өзін - өзі тану сізге де рахмет! Сіздің арқаңызда көп нәрсені білдім. Керемет оқушылармен таныстым. Мен ішкі сезімді сөзбен жеткізе алмаспын! Менің сүйікті, ұлағатты ұстаздарым сіздер қандай әсерде болдыңыздар! (мұғалімдерге сөз беріледі) Қош сау болыңыздар!!!
Мысық:
- Алақай! Достарым, мен құйрығымды қайтарып алдым! Мен қуаныштымын! Ән шырқағым келіп тұр! Менімен қосылып бәріміз ән шырқайықшы!
(Соңында бәрі бірігіп «Желаем удачи» ән шырқайды)
Ақниет пен Нұрсәт:
- Қош сау болыңыздар! Келесі өзін - өзі тану елі саяхатында кездескенше жас достар, ұлағатты ұстаздар!
Өзін-өзі тану еліне саяхат (мектептен тыс іс-шара)
- Раушан
- 31 тамыз 2014
- 7330
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепішілік өзін өзі тану пәнінен 7 - 9 сынып оқушыларына арналған сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...Сүт өнімдері
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және сүт өнімдері туралы айтып, білімдерін жетілдіру. Олардың пайдасы, маңызы, туралы түсінік беру....Қош, сүйікті әліппе!
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта білім беретін мектеп-мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі және директордың оқу ісі...Менің ұстаздарым
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Меруерт Бауржановна Пән: Өзін-өзі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.