Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Халық даналығы
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ынтымақ, ұйымшылдық, сыйластық.
Сабақ мақсаты: «Даналық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер, нақыл сөздер, бейне фильм, эл. оқулық)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
«Т» еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу
- Бүгінгі сабағымызда 5Т ережесін сақтаймыз.
Тыныштық сәті «СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»
Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылап қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
- Қандай күйде боды? Саяхат ұнады ма?
Музыка 4 - минут
Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
1 - топ: Сұрақтарға жауап беру
2 - топ: Сұрақтарға жауап беру
Маржан мен жауқазын тақырыбын сұрау
Мәтін бойынша сұрақтар:
Маржан мен Жауқазын қандай жақсылық жасады?
Тас пен Маржаның іс – әрекетінен қандай айырмашылық байқадыңдар?
/4 мин/
Жаңа тақырып
Жаңа тақырыпқа мақсат қояйықшы.
Кітаппен жұмыс
Не қымбат? тақпақты оқу Сұрақты конверт
*
Ауызша жауап беру
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Мадақтау
5 минут
Дәйексөз: « Ақыл шыңы жаналық»
• Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? Сосын барлығы хормен айтады
Дәптерге жазып алады.
2 - мин
Дәйексөзді әуелі 1 - топ, Хабарлы сөйлем түрлеріне айналды, 2 – топ сұраулы сөйлемге айландырады.
Әңгімелеу.
Электронды оқулықтан көріп, әңгімені тыңдайды. /5 минут/
Өсиет әңгіме
Сұрақтарға жауап береді:
Ханы өз ұлын қандай болғаның қалайды?
Хан дүйім жұртын жинап алып не дейді?
Қарияның сөзі?
Ханың баласы халық даналығын қалай тапты?
Бейнежазба
Балалар жауаптарын айтады.
Сергіту сәті « Қызықты ойын»
2 минут
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақ тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер айтқызу.
4 - мин
Шығармашылық жұмыс
Бірге «шедевр жасау»әдісі арқылы сурет салу. 6 минут салу үшін
2 минут қорғау
Қылқаламмен сурет салу, қорғау.
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Топпен ән айту /3 мин /
«Бала тілегі»
Гүлге тілектер жазу, тілектерді бір - біріне сыйлау. Ортаға жиналып гүл шоғырын жасау.
Әр топ өздерін бағалайды Әнді орындайды.
Үй тапсырмасы:
- Өсиет әңгіме мазмұндау. /1 минут/
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Мектеп: Курчатов №4 жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалiм: Тауырбаева Бұлбұл Бидахметқызы
Сынып: 2 Оқушылар саны: 24
Халық даналығы
- bulbul_1992
- 7 қазан 2019
- 2495
- 0
- 0
Ілмек сөздер: даналық, Халық даналығы, өзін өзі тану сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнай білу де - өнер
Сабақ мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами...Тіл табыса білейік
Міндеттері: • Оқушыларға бірлік туралы түсінік беру. • Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың әрқашан көмектесу, ешкімді...Өзіңді де, өзгені де аяла
Тақырып: Өзіңді де, өзгені де аяла Құндылық: Дұрыс әрекет жасау Қасиеттер: ізгілік, жанашырлық, қамқорлық, Мұғалім: Ермекова Алма Темірболатқызы 3...Ақылды тыңдай білуде өнеге
Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі...Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.