Сыныптан тыс іс - шараның тақырыбы: «Әдептілік әлемінде»
Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке шақыру.
Әдептіліктің негізгі қағидаларын айтып, түсіндіру.
Көрнекілігі: плакаттар, әр түрлі карточкалар мен ойындар.
Іс - шараның барысы: ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені» демекші біздің
бүгінгі «Әдептілік – әлемінде» атты сыныптан тіс іс - шарамызға қош келдіңіздер! Енді барлығымыз тақтадағы жүрекшелерге назар аударайық.
Шаттық шеңбері: Әрқайсыларымыз мына жүрекшелерді алып, жүрекшенің артын қараңдар, бір құпия табасыңдар.
Оның сиқыры мынада: артыңдағы суреттерден сендер бір - бірлеріңізге қалай сәлемдесу керек екенін көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе онда бір - бірімізге күлімдей қарайық. Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасайық, жүрек болса құшақтасайық.
(Оқушылар жүрекшелерді ала отырып бір - бірімен амандасып шығады)
Мұғалім: Сабақ барысында әдептіліктің қағидаларын анықтап,
айтамыз және бірнеше ойындар ойнап, өз ойымызды айтып, сұрақтарға
жауап береміз. Сабағымыз 4 бөлімнен тұрады,
1 бөлім: «Әдептілік қағидалары»
2 бөлім: «Адасқан сөздер»
3 бөлім: «Өнерлі ел»
4 бөлім: «Ойлан да, тап»
Мұғалім: Балалар бүгінгі сыныптан тыс іс - шарамызда «Өзін - өзі тану еліне» саяхаттаймыз. Ол елде орман - тау, өзен - көл, патшалықтар, елді - мекендер мен сарайлар бар. «Өзін - өзі тану елі»- «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік»деп аталады. «Адамгершілік» шыңында әрқашан күніміз жарқырап бізге шуағын шашып тұрады. Ендеше тақтаға назар аударайық. Тақтада күн көзін басып тұрған бұлттардан ажырату керекпіз. Бұл бұлттарды әдептілік сөздерін дұрыс тауып айтсаңдар ғана күн көзінен ажырата аламыз. Ол үшін оқушылар қарым - қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді қаншалықты білетінін, қандай жағдайда пайдалану керектігін тексеру: (мыс: сәлеметсіз бе?, сау болыңыз!, ғафу етіңіз, кешіріңіз!, Рұқсат па?!, т. с. с.)
(Бұлттар ажырату арқылы әдепті сөздер айту)
Мұғалім: Қоғамның ең үлкен байлығы – әдепті адам. Себебі шағын тіпті
сыныпта әдепсіз адам бар болса ол өзіне ғана емес сол ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз «Бір құмалақ май бір қарын майды шірітеді» дейді.
- Балалар бұл өлке «Тіл табысу» өлкесі. Бұл өлкеде сыпайы, бір - біріне қамқор, мейірімді адамдар өмір сүреді. Бізде бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік. Ө. Тұрманжановтың «Ізгі сөз»
Мерей: - Мектебімізге барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен, ақ пейілмен,
Не деймін мен?
Қайырлы …/таң!/- деймін мен.
Хансұлу: - Күндіз де елді елеймін.
Не деймін мен?
Қайырлы …/күн!/- деймін мен.
Әли: - Үйге кешке келемін
Не дерімді білемін.
Не деймін мен?
Кеш…./жарық!- деп кіремін.
1 - бөлім: «Әдептілік қағидалары»
Балалардан сұрағым келетіні, Сендер «Әдептілік» сөзі не деген
мағынаны білдіреді деп ойлайсыңдар? « Әдептілік қағидалары» дегенді қалай түсінесіңдер? Оларға не жатады? Осы сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
1 - оқушы: Әдептілік - сәлемдесуден басталады дейді дана халқымыз.
2 - оқушы: Иіліп сәлем бергеннің өзі – әдептілік. Сонда әдептіліктің бірінші
қағидасы болып табылады. Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі.
3 - оқушы: Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән берген. Әдетте кіші – үлкенге, Аттылы жаяуға бұрын амандасады.
Мұғалім: Иә, дұрыс айтасыңдар. Осы жайлы не айта аласыңдар?
«Сәлем сөздің – атасы» демекші оқушылар «сәлем» деген сөзді басқа тілдерде айта ала ма екен? (Привет, xelloy)
4 - оқушы: Әрбір адамның жақсы адам болып шығуының жолы –
әдептілік, инабаттылық үрдістерін бойына дарыту, үйрену болып табылады.
5 - оқушы: Әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес. Халқымыз:
«Баулытынды батыр болады
Үйретінді шешен болады»,
«Көре көре шешен болады» – дейді.
6 - оқушы: - Яғни адам өзінен өзі жақсы адам болып шыға келмейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан ұстаздан алған тәрбиесінен болады.
Грек философы Демокрит: «Әдепті адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор.» - дейді.
(Оқушылардың жауабын тыңдау)
2 - бөлім: «Адасқан сөздер»
Мұғалім: Ал енді «Адасқан сөздер» бөліміне көшелік.
Мұғалім: Балалар, мен әдептілік патшалығынан хат келіпті. Хатта былай делінген екен: «Біз «Әдептілік» елінде тұрамыз. Біздің елдің тұрғындары бір - біріне тек «сіз» деп қана сөйлеседі. Біздің елдің тұрғындары сондай әдепті, тәрбиелі. Ал балалар, сіздер мына өлең шумақтарынан жазылған сөздерді қай уақытта, кімге және қашан айту керектігін айтыңдар:
- (Рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, көмектесейін.)
7 - оқушы: Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Хор: Рахмет, апа деу керек!
8 - оқушы: Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сенде шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Хор: Кешіріңіз деу керек!
9 - оқушы: Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен деуді?
Хор: Сәлеметсің бе деу керек!
10 - оқушы: Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
Хор: Жарайды аға деу керек!
11 - оқушы: Әжең сенің түскі асқа,
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Хор: Рұқсат па деу керек!
12 - оқушы: Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Хор: Көмектесейін деу керек!
13 - оқушы: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хор: Әдепті екен бұл дейміз!
14 - оқушы: Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хор: Ұқыпты екен бұл дейміз!
15 - оқушы: Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хор: Үлгілі екен бұл дейміз!
Ән: «Ақ тілек» Серік Ясминнің орындауында
3 - бөлім: «Өнерлі ел»
Оқушылар көріністі тамашалай отыра, көріністің мағынасын ашу.
1 - көрініс: «Бала мен қария»
Көше бойымен бір қарт келе жатты. Ол әбден қартайғандықтан, бүкірейіпте кеткен. Бір бала оған жақындағанда жол берді. Үлкен адам алғыс білдірді.
Мұғалім: - Балалар, әлгі екі қыз бала қандай сөз айтты?
- Сәлеметсіз бе, ата өтіңіз, - деді.
2 - көрініс: «Автобуста» (Есен, Қарт әже, бөгде адам.)
Есен автобуста отыр еді. Бір аялдамада қарт әжей кірді. Есен орнынан тұрды да «отырыңыз» деді. Әжей Есенге алғыс айтты. Автобус орнынан қозғалғанда Есен байқамай алдынғы адамды итеріп қалды. Әлгі адам ашуланып кетті. Есен «кешіріңіз» деп айтып еді, қайта жадырай қалды.
Мұғалім: Оқушыларға сұрақ:
Есеннің істегені дұрыс па?
Есенді әдепті бала деуге бола ма?
Мұғалім: Балалар, мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
1. Өзіңе көмектескен адамға не деу керек?
- Рахмет.
2. Тамақ ішіп болған соң не дейсің?
- Тамағыңыз дәмді екен, рахмет.
3. Байқаусызда біреуді қағып кеттің не деу керек?
- Кешіріңіз!
4. Мектептен қайтар кезде не деуді ұмытпау керек?
- Сау болыңыз!
5. Әдептілік сөзін орысша және ағылшынша қалай айтады?
(Вежливость, politines)
4 - бөлім: «Ойлан да, тап»
Мұғалім: - Балалар, сендер енді мына суреттерден «Мейірімділік. Достық. Бейбітшілік» тақырыбына өз ойларыңды бейнелеп берсеңдер.
(Музыка әуенін жүргізу, оқушылар берілген тапсырмаларын орындайды)
1 - қатар: «Достық. Мейірімділік. Бейбітшілік» тақырыбы
2 - қатар: «Әлемде бейбітшілік болсын!»
3 - қатар: «Адамдар арасында бір - біріне деген достық сақталсын!»
Мұғалім: - Ал балалар, енді әдептілік жайлы мына мақалдарды аяқтап айтып көріңдер:
1. Сыйламаған жолдасын,
Сыйлай алмас өз басын.
2. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
3. Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
4. Ақылды қария - ағып жатқан дария.
5. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
6. Әдептілік белгісі -
Иіліп сәлем бергені.
7. Әдепті бала - ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала – ата - анасын қақсатар.
8. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
9. Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
1) Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
2) Өнерлі жігіт - елдің көркі,
Үкілі қамыс – көлдің көркі.
Қорытынды: - Балалар сендердің естеріңе сала кетейін.
Сендер отырғанда үлкен кісі кірсе, орныңнан тұрып сәлем бер.
Сәлемдескенде адамның бетіне тура қара.
Қарсы келген кісіге, қыз балаға жол бер.
Тұсыңнан өтіп бара жатып, біреу сүрінсе, құлап қалса көмектесіп, демеп жібер.
Жолдастарыңа сыпайы бол, айғайламай сөйлес.
Мұғалім: (Өлең жолымен аяқтау.)
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдепті бала болыңдар,
Тазалап жүр тісіңді.
- Міне, балалар, бүгінгі сыныптан тыс іс - шарамыз осымен аяқталды. Сабаққа қатысқандарың үшін рахмет. Енді барлығымыз әдепті, сабақты жақсы оқитын оқушы болайық.
Әдептілік әлемінде
- Алмагуль Шамиганова
- 22 мам 2017
- 3391
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдептілік әлемінде, өзін өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік – адамгершіліктің бастауы!
Еңбек сүйгіштік адамдық, қарапайымдылық, жолдастық, сыпайылық адам бойындағы асыл қасиеттер ата – ананың тілегі сенің жақсы адам болуын. Сенің еңбек...Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаттары: 1) Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің...Әдептілік - Әдемілік
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Әдепті бала - арлы бала
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.