Сайтқа кіру Тіркелу

Құдіретті Жер - Ана

Тақырыбы: Құдіретті Жер - Ана
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Аянбай қызмет ету, татулық, азаматтық жауапкершілік;
7 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жер туралы ұғымын сүйіспеншілік құндылығы ретіндегі білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру;
- жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту;
- жерді сүюге, қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: - Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Бүгінгі сабақта сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын.
Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, мұнда тұрға жемістерді бөлісіп, орнымызға жайғасып, сабағымызды бастайық.

2. Тыныштық сәті.
Жағымды жағдай туғызу.
1. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.
2. Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.
3. 5 Т ережесі

3. Үй тапсырмасын тексеру:
Табиғат, туған жер туралы өлең шумақтарын жаттау, мазмұндау.
4. Жағымды ой - пікір: (дәйексөз)
-«Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны» деген ұлы жазушы Ш. Айтматовтың нақыл сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың жер - ана мен адам өмірінің тығыз байланысы, жерді қадірлеп, қорғау әр адамның міндеті екені туралы пайымдаған ой - пікірлерін тереңдету.

5. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс):
«Жер - Ана жомарт ана тер төккенге». Халық нақылы
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.

1 - топ. мақал – мәтелдерді жинап жазады.
1. Сулы жер - нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр
жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім
Айтылмаған сөз жетім.
6. Бұлбұлға бау жақсы
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар
9. Жер - қазына, су - гауһар.
Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?

2 - топ. Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер
Мәтінмен жұмыс.
3 - топ. Жұмбақтар.
Қар еріп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді. (көктем)

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(күз)
Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.
(жаз)
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.
(қыс)
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
1. Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүніңді жұлып ап,
Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)
2. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәсеке тігем, бұл шыным.
Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)
3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)
4. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (қараторғай)
Оқулықтағы А. Өтегеновтің «Сан түрлі әлем» атты толғанысын оқып, оқушылардың жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дәптерде берілген тапсырманы орындау.
Оқушылардың үздік туындыларынан көрме ұйымдастыру.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×