Орда бұзар отыз жасқа келдің жаным,
Құтты болсын жеке меншік бұл мерекең.
Асыл жарым, отағасы отбасымның,
Арта берсін күн сайын бұл берекең.
Жанұяның тірегі, жүрегі сен,
Бар жақсыны біздерге арнап жүрер.
Барша адамға күлім қағып жүресің сен,
Жақсы жансың жақсылықты жалғап жүрер.
Өзіңменен отбасымыз берік, мықты,
Бақыттымыз біздер жаным өзің барда.
Ортамызда сүйіктім жүрші аман,
Көшбасшы боп жетелеп бізді алға!
Авторы: Жібек Ысқақова
30 - жас туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме)
- ramuk_b
- 8 мам 2022
- 6322
- 0