Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Каздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Ай-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым-ай,
Жас ерім талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
А-ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыкқан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт аулым-ай,
Жас өрім, талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
Әй-әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық мандай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.
Біздің жақта
- ramuk_b
- 30 қараша 2019
- 3005
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Біздің жақта, Біздің жақта өлеңі, Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Көкек
Аты жоқ құс болады көкек деген, Алдында терезенің секектеген. Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің Айырылып сені, сәулем, кетед деген...Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай....Ауылым
Құстарың ерке көлдегі, Тербейді желің құрақты, Құйын да тентек, сендегі Балалық шағым сияқты....Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын....Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.