Сол шақтар
Ойлайсың ба, менің асыл ғашығым,
Өткен шақтың отты-жалын жасынын?
Бақ-талайға жарай ма ол мәңгілік,
Баққа ораған болып келіп басы мұң.
Екі ғұмыр жасап алып бір тағдыр,
Жылаған ек ұласқанда жырға жыр.
Көзін алып қайда қашты сол шақтар,
Көзі шыққыр, неге соқыр, құрмағыр.
Ынтазарды арбағанда ыстық дем,
Алданғанбыз шын бақытты құштық деп.
Тағы бір кел, өткен шағым,
Сағындым
тәтті кезді ұрындбаған «үштікке».
Мені әке, сені ана қыла алған,
Қайда сол шақ, тұла-бойы кіл арман.
Көрінсе ғой көзіме бір оралып,
Көрмек едім көлемдірек жыр арнап.
Бізге – айғақ Ақжайыққа серікпіз,
Түнді арнап екеумізге беріп күз.
Құрыққа енді іліге ме сол шақтар,
Құр елеске бос-жолдыбай еріппіз.
Ай сәулесін толқындарға билетіп,
Алғашқы түн сезіктерді күйретті.
Сұрағым бар төте қояр сол шаққа,
Сұрқайы өмір сұрақ қою үйретті.
Екеумізде бізге ортақ болды арман,
Ғашықтықтың көз жасынан құралған.
Кімге қалай... маған ыстық сол шақтар,
Кімге баян әдірам қалғыр бұл жалған?
Қу тірліктің қызылына құмартып,
Арманды сол алғандаймыз жоғалтып.
Қуантып бір жылт етсе алдан өткен шақ,
Қу тірліктен көрер едім оны артық.
Махаббат та алып тастап маскасын,
Ұсынуда енді тіпті басқа сын.
Ұңғыт шағым – өткен шағым оралсаң,
Ұмытар ем екеумізден басқасын.
Тербелсек те толқынында Жайықтың,
Тұрмады ұзақ толысса да байып күн.
Бүгінгі емес – арман маған сол шақтар,
Бүгінгі шақ, өмірімнен тайып тұр!
Биғали Шоман
Сол шақтар
- ramuk_b
- 13 қараша 2019
- 1676
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сол шақтар, өлең, тақпақ, ғашығым, махаббат туралы өлеңдер, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұбайлар тілегі
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп....Ауылым
Құстарың ерке көлдегі, Тербейді желің құрақты, Құйын да тентек, сендегі Балалық шағым сияқты....Елес жайлы естелік
Төрағасы жайғасты төрге барып, Бос орын жоқ. Зал іші көмбе-халық....Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде....Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.