Достарға cый
Жапалақтап жауып тұр ұлпа тағы,
Сиреп қапты көшеде жұрт қатары.
Бірдеңесін жатқандай үлестіріп,
Мені бір күш барады сыртқа тартып.
Ұнатамын қар жауса – жапалағын,
Сергиді жан ұмыт боп қапаларың.
Тілерсектің дірілін шорт қойғызған,
Тілеулестің секілді баталары.
...Басыма бақ қондырса ақша қарлар,
Достар жаққа бұрылар ақ сапарлар.
Үлестірем...
Батырам баққа бәрін!
Іші күйіп өртенсін пәтшағарлар.
Аппақ қары жауғанда Астананың,
Алақанда тұрғандай аппақ арым.
Арға қосып бар бақты бөліп берем,
Неге баққа тек өзім мастанамын?!
Фейсбукта бір досқа жетпей қалса,
Қара бетпін, мен сонда масқарамын.
Фейсбуктан іздемей әлдекімді,
Шаттанамын бір көрсем «кәллегімді»!
Шымшық отыр шатырда дайындалып,
Жеткізем деп достарға сәлеміңді.
Биғали Шоман
Достарға сый
- ramuk_b
- 10 қараша 2019
- 1187
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Достарға сый, Достарға сый өлеңі, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Сол шақтар
Ойлайсың ба, менің асыл ғашығым, Өткен шақтың отты-жалын жасынын? Бақ-талайға жарай ма ол мәңгілік, Баққа ораған болып келіп басы мұң....Алғашқы қар
Қарашада қылауласа қар жаңа, Ауа өзгеріп нәр береді ағзаға. Ұмыттырып уайымыңды, Бойыңа жақсы ойлар құйылады жап - жаңа....Сына мені, сына тағы, сынап бақ
Хақ - тағалам, маған қатты ұнайсың! Сұқ көзіңді менен сыртқа бұрмайсың. Басқаларға батпай қойды бармағың, Мені ғана, мені ғана сынайсың....Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным
Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным, Кешкілік бақты ұзақ араладым, Өбісіп те, өлісіп екеу отыр Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым....Достарыма
Жиырма бестен артық жас бар ма, Ұйқыдан жаман қас бар ма? Еріншектен жаман нас бар ма, Ойлаңдаршы, ағалар, Шын жарыңнан артық дос бар ма?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.