Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілік пен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қара су есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзалдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр - айланды.
Ағаш үй от жаққаным қобылы пеш,
Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш.
Теміртас, Асыл, Ақық - екі қарғам,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ.
Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер,
Дұғасын оқи берсін әдейі арнап.
Ел кездім Көртөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатып,
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты.
Әкең ем аяйтұғын жаның ашып,
Шешсеңші, білегіме арқан батты!
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 2370
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстазға арнау
Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын Көңілдерін бірден жаулап аласың Анамдайсың көңілімді қимайтын Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың....Мен - мен едім, мен едім!
Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім....Сұраншыға
Батыр - ай, кедейшілік жаман екен, Бұл дүние азулының заманы екен. Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса, Жауапсыз кедей жазған қалады екен....Тауық тағы таң атпай айқайлады
Тауық тағы таң атпай айқайлады, Тарап кетті тәтті ұйқы балқаймағы. Көзімді ілмей төсекте дөңбекшимін, Түседі де ойыма қай-қайдағы....Біржан сал Қожағұлұлы
I. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Біржан Қожағұлұлы өмірі мен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің мән - мағынасына көңіл аудару...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.