Жәмила!
Мұнша неге жүдедің?
Бетінде тамшы қан жоқ қой.
Жаралы ма жүрегің?
Тегінде, терең зар көп қой!
Жәмила!
Себебі не? Жалғанда
Серпілігі, ойнап-күлмейсің.
Түнде жұрт ұйқтап қалғанда,
Тыншып бір ұйқы көрмейсің.
Жәмила!
Кеудеңе от толды ма?
У һілеп айға қарайсың.
Өмірің у болды ма?
Жұлдыздар неге санайсың?
Жәмила!
Шапаныңды бүркеніп,
Тысқа ақырын шыққанда,
Күрсініп, ауыр күңіреніп,
Айтқаның зар ма я ән бе?
Жәмила!
Жанындағы жауызың
Айырды ма жарыңнан?
Сарғаймашы, бауырым,
Бітесің ғой зарыңнан.
Жәмила!
Түскен мынау жүзіңе
Қасірет пе, яки шашың ба?
Қайғылы қара көзіңде
Мөлдіреген жасың ба?
Жәмила!
Бетінде анау таңба не?
Аһ... имансыз ол хайуан!
Жалын, жаным, Алла де!
Бұдан басқа не хайлаң?!
Жәмила!
Қасіретті, сорлы қарындас,
Қайғыға қалай шыдайсың?
Жыла, бауырым, төгіп жас,
Мен де бірге жылаймын...
Жәмила!.. Жәмила!.. Жәмила!..
Жәмила
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1146
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жәмила, Жәмила өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқышының үйінде
-Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. -Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?.....Ей, Бауырым!
Ей, Бауырым! Heгe сонша сарғайдың? Қапалансам, менің-дағы бар қайғым....Күлімде, наурыз, күлімде!
Мақсаты: Ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезімге тәрбиелеу. Зал бөлмесі Наурыз мерекесіне орай әсемде, сенді...Қазақ тілінен диктанттар жинағы №7
— Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! — деді бір кезде, сөзден іш толды, құлақ сарсыды. Қақыраған қыста торғай екеш торғай да күнелтеді. Құдайым сол...Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.