Тып-тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай
Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып-мүлгіп,
Қалғып-мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!
Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым-тырыс-ау,
Тым-тырыс-ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!
Тыныштық
- ramuk_b
- 7 қыркүйек 2019
- 1091
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тыныштық, Тыныштық өлеңі, Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Науыз туралы өлең шумақтар
Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін, Атқарғандай қасиетті міндетін. Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан, Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн....
Құлағым бітелген жоқ
Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық, Түлкіден шешен сөзі кетті асып, Белгілі жарамсақтық жарапазан Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық....
Дауыл
Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға....
Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын....
Мінез адам көрсеткіші
Міндеттері: Оқушылардың мінез - құлқы туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажыратуды білуге үйрету; Жақсы мінез...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.