Бұл өмір..
Тұрады екен белдерден, қыраттардан.
Армандардан, аңсатқан мұраттардан
Тосылатын сан қилы сұрақтардан,
Қимастығы қол бұлғап, жырақтардан,
Құрбылар бар, бұл жолда жылап қалған.
Бұл өмір..
Қуанышын ұсынып, шаттығын да.
Батырып ап, жүректі тәтті мұңға
Бақыт болып, басыңды айналдырар
Басылмаған сәттерде аптығың да
Нендей сыр бар құрбым - ау, тапшы мұнда?
Сәлден соң..
Жауар бұлттай түнеріп қас - қабағы
Селт еткізіп, сынағы басталады
Қайғысының татқан да ащы дәмін
Базына айтып, баз кешер басқа бағы..
Ғұмыр солай кімдерді жасқамады?
Менің жаным
осыдан жасқанады.
Жасқанады, жанардан жас тамады.
Аласарып армандар асқаралы,
Шыңырауға кімдерді тастамады.
Талауратқан тағдырдың тас қамалы.
Беу, өмір!
Талай сыр бар тербеткен құндағыңда,
Тосының да көп, сенің жұмбағың да,
Бәлкім сенің мұңыңды жырладым ба?
Ізі қалған сазды ауыл қырларында.
Шаттығымды байқатпай ұрладың ба?
Сағыныш көп сондықтан жырларымда
Сағыныш көп сондықтан жырларымда
Толқын Қабылша
Бұл өмір...
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 2093
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бұл өмір, Бұл өмір өлеңі, Толқын Қабылша өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған. Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған. Мен - Күнмін, Жүрегі нұр, тәні - Шуақ. Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған....Түн бола алман!
Жалғыздығым жазмышындай көктемнің, Жанарымда жалғыз тамшы өткен күн. Жан сырымды жүзіңізге жасырып, Жалт еткен сәт,жарығыммен өбкенмін....Бiздер, сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің, біздер, сірә, бөтенбіз?! Бәлкім, бәлкім, болдық іңкар бекер біз? Жапырағы желмен ұшып жоғалған, Қайда барып, паналайды екен күз?...Отырар қамалы
Отырарым, бабам сенсің бас иетін, Анам сенсің терең бүккен қасиетін. Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым, Сенің қайғың - менің керең қасіретім....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.