Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады...
Мөңке бидің болжамы
- ramuk_b
- 5 наурыз 2019
- 5062
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мөңке бидің болжамы, Мөңке би өлеңмен болжаған
Ұқсас жаңалықтар:
Келін туралы мақал-мәтелдер
Әдепті келін - ауылдың көркі Келінді келін демесең, Жақсы болса өз қызың. Күйеуді күйеу демесең, Жақсы болса өз ұлың....Заман туралы ұлағатты сөздер
Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз. Мағжан Жұмабаев...Бұқарға
Үй сыртында арқа тау, Панасы егер жоқ болса, Бұл шіркіннің несі тау?! Кетеген болса, түйең жау, Тебеген болса, биең жау, Ұрысқақ болса, ұлың жау,...Дастарханға бата беру, ас қайыру
Дастарханың бай болсын, Қазан - аяққа май толсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып ұяға, Қызың қонсын қияға. Келінің...Мен өмірді қалаймын
Несіне мен ақын болып жарадым, Тас төбеден шындықты алып шықпасам. Өр өлеңге жебе болып қадалдым, Болмас енді жалғандықты жықпасам....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.