Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екенді.
Сезбей - ақ күннің шуақ сәулесін,
жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді...
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түсетін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір, осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.
Жанымда жүрші
- ramuk_b
- 13 ақпан 2019
- 2949
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жанымда жүрші, Жанымда жүрші өлеңі, Фариза Оңғарсынова
Ұқсас жаңалықтар:
Анама
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! ...Шыда, шыда
Шыда, шыда Шыдай түс, шыда тағы Шыдамдыны мына өмір ұнатады Үміттің Кұлан иек қула таңы, Әйтеуір бір атады, бір атады......Сағындым әже
Өзіңсіз мынау жалғанда, Қайғының орны толар ма? Өмірден өткен жан әжем, Кезек бір келер маған да....Дүние бос қалды ғой сен кеткелі
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі, күлегеш достарды қой жер-көктегі: ешбірі өзіңдей боп жүрегімді шаттықтан не қайғыдан кернетпеді....Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.