Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап».
Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап.
Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылған,
От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!
Сараң бай мен жомарт кедей
- ramuk_b
- 7 ақпан 2019
- 2268
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сараң бай мен жомарт кедей, Сараң бай мен жомарт кедей өлеңі, Жамбыл Жабаев
Ұқсас жаңалықтар:
Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін - бірі көргісі келмейді екен....Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер
Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билік неге керек, Әділдік құрмасаң!...Жомарт, жомарттық туралы мақал-мәтелдер
Жүйрік тоқтығын білдірмес, Жомарт жоқтығын білдірмес. Жоқшылық жомарт ердің Қолын байлар....Байлық туралы мақал мәтелдер
Бай баласы балпаң, Жарлы баласы — жалтаң. Мал байдікі, Жан құдайдікі....Кедей
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мусағалиева Аягөз Марзухқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.