Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!
Исатай деген ағам бар
- ramuk_b
- 9 қаңтар 2019
- 1453
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Исатай деген ағам бар, Махамбет Өтемісұлы, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Есіл ер
Алдияр тақсыр ханымыз! Исатай батыр кеткелі Кеміді біздің сәніміз. Тілімді алсаң, тақсыр-ай,...
Нарында
Әдірә қалған Нарынның Теңіз деген суы бар, Жағасында жағалай біткен Қамыс деген нуы бар....
Тайманның ұлы Исатай
Арғымақтан туған қазан ат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазан аттан туған қаз мойын, Күніне көз көрінім жер шалғысыз....
Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағыналары, сөздік құрам туралы білімдерінің қай деңгейінде екендігін тексеру Білімділігі: Халықтық педагогикамен,...
Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз
Ақылдан асар амал жоқ, батырлар алмас қамал жоқ Ой ойласаң кең ойла, екі жағын тең ойла...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.