Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..
Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.
Ана
- ramuk_b
- 27 желтоқсан 2018
- 1693
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана, ана туралы өлең, тақпақ, жыр, өлең шумақтары, Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап....Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда? Жарға ойнаған лақтай. Қайда кеттің жиырма бес, Тастан шыққан бұлақтай?...Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде...."Қос қайың"
1 көрініс. Сүгір, Досан және анасы. Сүгір күй шертіп отырады. Исатай: Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын, Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның. Ұлын,...Әлемді тербеткен - АНА
Мерекелік кештің басты мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананың өлшеусіз еңбегін бағалау, қастерлей білуге тәрбиелеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.