Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жүмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
- ramuk_b
- 27 желтоқсан 2018
- 1185
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жас ұстаз сөзі
Білімнің гүлін біз Жинадық таңдарда. Қол создық бүгін біз Ұстаздық арманға....Астанам - бас қалам
Еске алсам айбарымды - Астананы, Төл рәміз-содан тек басталады. Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой, Қазаққа болған қазір бас қаланы....Елбасына арнау тақпақ
Елбасын мақтан тұтам! Елімізді көркейтіп, даңқымызды асырған! Арайлы таңнан туған Қазақ елін аяқтан тік тұрғызған....Ұстаздар күні құтты болсын!
Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен өмір сүрген өздері. Мұғалімдер -...Жеңіс күні
Құтты болсын жеңіс күні ағайын Көптен күткен ұлы күнде жар салайын. Ата - бабам қан берісіп шайқасқан, Ата - бабам намыс бермей айқасқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.