Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей,
Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.
Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып,
Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.
Бала күннен, бал күннен бірге өсіп ек,
Талай балғын бір атқа мінгесіп ек.
Есік интернатында өңкей арман
Баласындай бір үйдің күн кешіп ек.
Қиялдаушы ек алдыны жатып әр түн,
Жаныс жайсаң бала едің, затың алтын.
Әзілің де бар еді құрдасқа айтар,
Жаз үніңде жақсылық оты бар-тын.
Дариядағы қайықтай жеке жүзген,
Тіл тапқан да сен едің Дәкен қызмен.
Үлкендердің жұдырығынан жасқанбайтын
Өжет едің, өр едің, Жәке, бізден.
Азымыздың бірі едің бар мақтайтын,
Басымызға қасірет орнатпайтын.
Едігемен құрдас ең, Тұманбайдан
Бір жас үлкен аға едің ардақтайтын.
Екеумізге айта ма күн қиынын,
Қағып кетті, білмеймін, кімді иығың.
Жетпіс шыңның төбесін көріп тұрып,
Сүрініпті-ау тұлпарың, тұңғиығым.
Жақын да едің сен маған, алыс та едің,
Көз жаздық-ау, жұлдызды таныс көгім.
Өлім тұрмақ, қимайтын өкпеге де,
Ерте кеттің сен бізден, Жанысбегім.
Қыран едің көгіме көтерілген,
Бір ән едің көңілге жете білген.
Ерте кеттің бақытты балалардан,
Ғашық болып үйленген Дәкеніңнен.
Қыраның да шарлады таныс көгін,
Тіршіліктің қалдырдың алыс белін.
Маған ұқсас қыз көрсең, Құралай - ол,
Мандайынан сипай сал, Жанысбегім.
Жылдар келер тойдырып сүтке көзді,
Өмір дейтін қимаймыз құт теңізді.
Немерені түгелдей үйлендірмей,
Біз ол жаққа бармаймыз, күтпе бізді...
Досым Жанысбекке ескерткіш
- ramuk_b
- 27 желтоқсан 2018
- 1070
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Досым Жанысбекке ескерткіш, Досым Жанысбекке ескерткіш өлеңі, Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Іңкәрлік пе едің?
Іңкәрлік пе едің? ізеті жаннан өшпеген, құштарлық па едің, от болып бірге кешпеген? Қаламның ұшы – сағынышыммен боялып, Тағы да, міне, мазалап отыр...Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде....Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан-жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап, Жүресің,...Болыстарға баға
Сыйқымбай өзің атың Аятбектен, Сенде болат кездіксің асыл тектен. Бойыңда қылтылдаған мінезің бар, Әйтпесе озар едің талай көптен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.